«Жалпыға міндетті пәндер бойынша сабақтарда оқушылардың білімін бағалау жобасын құрастыру»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ











ЖОБА ЖҰМЫСЫ


«Жалпыға міндетті пәндер бойынша сабақтарда оқушылардың білімін бағалау жобасын құрастыру»












Дайындаған: Маманиязова Гульфайра Оразқызы

Павлодар химия-механикалық колледжі










Павлодар, 2015



Мазмұны


Кіріспе


Зерттеу жұмысының өзектілігі - Бағалау – оқытудың жүйелі және жоспарлы жинақталған куәгері ретінде оның сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін пайдаланылатын әрекеттің кез келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау (суммативті бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау) (Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерді біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы).

1969 жылдары оқытудың формативті және суммативті мақсаттары арасындағы айырмашылық белгіленді, бірақ олардың әрқайсыссының мағынасы осы уақытқа дейін жеткілікті анықталмаған. Қазіргі білім беру жүйесінде бағалаудың екі түрі де өзекті болып табылады. Оқыту үшін бағалау оқытуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыратын әдістер мен формаларды анықтауға бағытталған оқу мақсатымен бірлескен оқушыларды оқытудың бөлінбес бөлігі.

Бағалау реформалар тобы оқыту үшін бағалаудың келесі анықтамасын ұсынады: оқыту үшін бағалау–берілгендерді интерпретациялау және іздеу үдерісі,оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын кезеңдерін анықтауға арналған оқушылар өзінің оқу үдерісі кезінде қайда тұрғанын білу үшін қолданылатын, қа-лай даму керектігін, қажетті деңгейге жетудің тиімді және ұтымды жолдарын айқындауды қалыптастырады.


Бұл анықтаманың маңызды элементі оқушыларды бағалаудың нәтижесін қол-дануға бағытталауы. Сонымен бірге мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болып та-былмайтынына назар аударылады. Оқушылар өзін-өзі және өзінің сыныптастарын бағалауға қатыстырлуы мүмкін. Мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізгендерімен, оқушылар да бағалауға белсенді қатысуға тиіс. Оқуға ынтасы барлар ғана өзінің оқуын жақсартуды үйренуге қабілетті бола алады. Нақтылап айтқанда, зейінді, ын-таны талап ететін кері байланыс нәтижесінде алынған ақпаратқа назар аудару қа-жет. Бұл қорытынды оқыту тәжірибесі үшін өте маңызды және өзекті. Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мәселесін шешуде оқытуды бағалау үдерісі маңызды орын алады деген сұрақты әр мұғалім қоюы мүмкін.

Өздерінің бұрынға тәжірибелері бойынша көптеген мұғалімдер оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту мен оқудан кейін іске асырылатын процедура деп қарайды. Ол үшін бағалауды оқыту мен оқудың бөлінбес бөлігі екенін мойындау санмызды өзгерту керектігін талап етеді және оқыту үшін бағалау үдерісін көздейді.

Зерттеудің мақсатыжалпыға міндетті пәндер бойынша сабақтарда оқушылардың білімін бағалаудың тиімді жолдарын айқындау.

Зерттеу объектісітехникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің жалпы білім пәндерінің бағалау жүйесі.

Зерттеу пәні –жаратылыстану пәндері бойынша сабақтарда оқушылардың білімін бағалау

Зерттеу болжамы:.Егер мұғалімнің бақылау іс-әрекеті жүйелі түрде жүргізіліп, бағалау түрлері тиімді қолданылса, онда оқушылардың құзыреттілігі арта түседі.

Зерттеу міндеттері:

- Оқушыларының іскерлік, дағдысын бағалауға бағытталған әдістемелік жүйесі тиімділігін эксперимент жүзенде тексеруге бағыт беру.

- Бағалаудың тиімді әдістерін пән бойынша қолдану.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми, психология-педагогикалық және заманауи түрлерін талдау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялықнегіздерін: Караевтың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» және Блум таксономиясы құрайды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Караевтың үшөлшемді жүйесі негізінде, окушылардың функционалдылық сауаттылығын қалыптастыратын деңгейлік тапсырмаларды құрастыру.

Күтілетін нәтижелері:оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, білім білік дағдыларын мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасау.


  1. Бағалау түсінігі және оның мақсаттары


Бағалау сөзі латын етістігі ‘assidere’ «Жақын отыру» дегенді білдіреді. Бұл сөз мұғалім бағалай отырып, оқушымен өзара қарым-қатынаста болуы керек. Бұл физикалық қарым-қатынас болуы міндетті емес, бұл электронды формалар арқылы студент әлемдік оқитындардың ортасында сезінуі мүмкін.

Бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Формативтік және жиынтық (жиынтықтайтын) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Бағалаудың мақсаты неде? Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған:

- Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

- Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

- Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

- Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) білім беру немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.

- Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікке бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.

- Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және білім беруді жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және білім беруден кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Бағалау мәні «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзінөзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.









  1. Сабақтағы бағалау әдіс- тәсілдері


Барлық оқушы алдына қойған нақты мақсатын айқын білуге ұмтылса, олардың үлгерімі де жақсы болады. Сонымен оқушының оқу кезеңінің соңында білуі қажет дағдысын белгілемейінше кері байланыс басталмауы да мүмкін. Бұл анықтала салысымен оқушы жетістікке міндетті түрде қол жеткізуі үшін кері байланыс тұрақты түрде болуы керек.

Кері байланыстың әрбір жеке дара оқушымен байланысы

Лондон университетіндегі педагогика саласының құрметті профессоры Гордон Стобарттың сөзімен айтқанда кері байланыстың сапасы оқу мақсатымен тығыз байланыста болуы керек және оқушының жеке мақсатымен тығыз байланыста болуы керек. Мысалы, кейбір оқушылар тек қана бір сыныптан екінші сыныпқа ауысу үшін оқыса, басқа оқушылар бұл ауысу жоғарғы деңгейде болуын мақсат етеді. Осыны іс-жүзінде жүзеге асыру үшін оқытушы әрбір оқушының алдына қойған мақсатын біліп, кері байланысты соған бейімдеуі қажет.


Қалыптастырушы бағалауды шебер қолдану мұғалімге оқыту үдерісінде саралауды да тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Осы арқылы мұғалім әрбір оқушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере алады. Ал оқушылар өз оқуын


тексеріп, оқу үдерісіне және алдағы өміріне қажетті барынша құзіреттілігін


қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Ынталандыру үшін бағалаудың орнына сипаттама керібайланысын қолдануҚұрметті профессор Дилан Уильям Лондон университетінің білім


Институтында білім беру қызметін бағалауда төмендегідей тұжырым берген: «Орта білім беруде көп оқушылар үшін бағалау ынталандыру факторы болып

табылады. Бірақ та, алған баға озат оқитын оқушылар үшін ынталандырушы фактор болса, ал үлгерімі нашар оқушылар үшін керісінше.


Зерттеу барысында қалыптастырушы кері байланыс1 егер дұрыс ұйымдастырылса, оқушылардың ынтасын әлдеқайда жоғарылата түсетінін көрсетті. Кері байланыста оқушылардың табысына назар аудару қажет және олардың білімдерін жақсарта түсуге қажеттіліктерін арттыру керек. Егер оқушының үлгерімі жақсара түссе, оны міндетті түрде көтермелеп және одан әрі жақсы орындай алатынына ынталандыру қажет. Сонымен төменгі сынып оқушыларына бағаны жиі қоймасақ, оқушылар сипаттама кері байланыстан үлкен пайда алып шығады.

Уақыт барлығын шешедіНорвегия ғылым және технология Университетінің доценті Хеннинг Фьортофт сипаттама кері байланыспен жұмыс істеуде уақытты анықтау кері баланыстың негізгі кілті болып табылады дейді. Кері байланыс нақты жұмыспен байланысты болуы керек, себебі оқушылардың өз жұмыстарын жөндеуге немесе жақсартуға мүмкіндіктері болуы керек.

Кері байланыстың моделі“Сіз көптеген түйінді ұғымды байқадыңыз, бірақ та ол туралы өз түсінігіңізді көрсете алмадыңыз. Мүмкін сіз бізге түсініктерді контексте қалай қолдануға болатынын көрсететін бөлім қоса аласыз. Мысалы, сіз өткен жылғы сайлау мен демократия түсінігін параллель жүргізіп көрсете алар едіңіз”.


Бұл кері байланыстың жақсы моделіне мысал бола алады. Мұғалім оқушының жұмысына сипаттама беріп, содан соң жақсарту жолын көрсетеді. Бұл модельді қолдана отыра оқушы нені жақсы орындаған біліп қана қоймай, одан әрі жақсы орындау әдістерін үйренеді. Бірақ та кері байланыстың бұдан басқа да көптеген модельдері бар және мұғалімдердің көбі оқушының шартын есепке ала отыра қолданылып отырған әдіске сәйкес таңдайды.

1 Қалыптастырушы кері байланыстың белгілі бір анықтамасы жоқ, бірақ оқу үрдісінде берілген оқушы орындап жүрген жұмыстарын, қорытынды бағаға дейін жақсартуға көмектесетін кері байланыс ретінде көрсетілген.Оқыту үшін бағалау әдісі тек оқушыға ғана қатысты емес, ол жоспарлауда негізгі құрал болып табылады және барлық уақытта оқу мен оқыту жақсарып отыратынына сенімділік туғызады.Бағалау үшін жоспарлау Оқыту үшін бағалауды дұрыс жүргізу үшін оқыту мақсаты басынан бастап нақты анықталуы керек, бұл оқушыға да мұғалімге де өте маңызды. Маңыздысы мұғалім жоспарлауды оқыту мақсаты мен табыс критерилерін анықтаудан бастайды, содан кейін ғана оқушыларға қажетті нәтижеге жетуге көмектесетін шаралар әзірлейді.Оқушыларға ғана емес Барлық курс бойы оқушынының жұмысын үздіксіз бағалай отырып мұғалімдер оқушылар меңгермей қалған кейбір оқыту аспектілерін анықтауы мүмкін. Сонда ғана оқушы меңгергенге дейін әртүрлі әдістерді қолдана отырып, белгілі бір аспектілерді қайта қайталауға мүмкіншілік туады. Бұл жағдайда кері байланыс мұғалімдерге жүйелі түрде бағалауға және өз оқыту әдістерін жақсартуға көмектеседі.Келесі тоқсанда бағалау үшін жоспарлауды қолдану Оқыту курсының соңында мұғалімдер осыған дейін жүргізілген бағалауға қарап, жүргізілген курс нәтиже берді ме, әлде берген жоқ па айқын шолу жасап біле алады. Бұл барлық жетіспеушіліктерді есепке ала отыра, келесі тоқсанға оқытуды жоспарлауға көмегін тигізеді. Бағалауды қайта бақылап қарау арқылы мұғалімдер курс барысында оқушылар қандай бөлімдерді жеңіл қабылдағанын, қандай бөлімдерді түсінбегендігін біле алады. Алайда оқушылардың келесі оқу жылында әртүрлі басқа қажеттіліктері пайда болуы мүмкін, бұл құнды ақпарат оқыту үрдісінде мұғалімдердің уақыттарын үнемдеу үшін пәннің әртүрлі бөлімдеріне қанша уақыт жұмсау керектігін білуге көмектеседі. Оқу платформасы мұғалімдерге оқушыларға сабақ беру уақытында кері байланыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Және де осы әдістер дәстүрлі сыныптардың шегінен тыс, мұғалімнің жұмыс күнін арттырмай оқытудың аясын кеңейтеді, яғни он-лайн-оқыту оқушылардың сайттарға өздігінен кіріп, жұмыстарын үйлерінде жалғастыруларына болатынына көмектеседі. Егер мұғалім оқыту үшін он-лайн режимде жағдай жасаса, онда оқушылар видеолар және құжаттар мен басқа да оқыту материалдарын үйлерінде қарап, жұмыстарын жалғастыра алады, сондай-ақ басқа да оқушылармен он-лайн форумдар, чаттар және видеоконференциялар арқылы бір-бірімен қарым-қатынаса алады. Тәжірибе барысында оқыту үшін бағалауды қолдануға жоспарлап отырған мұғалімдер үшін оқыту платформасы көп мүмкіндік береді. Жағдай жасай отырып берілген уақытқа дейін оқушылардың жұмысын жақсарту үшін дер кезінде сәйкес кері байланысты ұсынуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ оқу платформасы оқушыларға келесі сабақтың жұмыстарын жоспарлауға және жақсартуға мәлімет жинау үшін мүмкіндік береді. Сұрақ-жауаптар, талқылаулар немесе зерттеулер мұғалімдерге оқушыларды пікірталастарға шақыруға, сабақтан соң үйлеріне келгеннен кейін өз ойларын айтуға мүмкіндік береді. Сынып алдында жауап беру кезінде өздерін жайсыз сезінетін оқушыларға бір күндік сабақтан кейін неғұрлым дұрыс шешім қабылдауларын ұсынады.Мұғалімдер үшін қалыптастырушы кері байланысты ұсынуда платформаларды он-лайн оқытуда электронды портфолиолар тамаша үлгі болып табылады, бұл белгілі уақытқа дейін оқушылар өз жұмыстарын жақсарту үшін қажет. Мысалы,оқу үрдісі кезінде оқушыда екі портфолио болады: жұмыс (жұмыстарын жақсарту үшін) және бағалау (біткен жұмыстары үшін).

Бұл мұғалімдерге оқушылардың дамуы кезіндегі жұмыстарын қарауға және конструктивті қалыптастырушы пікір қосуға мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушы материалды қайталап және уақытының аяғына дейін жұмысын жақсарта алады. Яғни, мұғалімнің оқушылардың барлық жұмыстарын бір уақытта бағалауы міндетті емес. Оның орнына мұғалім бағалау бойынша жұмыстарды үйде немесе жұмыста тексере алады.Дилан Уильям секілді ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, өте жақсы мұғалімдер материалдарды оқушылармен меңгерілуін бағалайды және оқыту үрдісін олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады. Бұл оқыту платформасының ішінде қарапайым ыммен, сұрақ-жауап түрімен жүзеге асуы мүмкін.Мысалы, оқытушылар он-лайн форумдарға тексерілген сұрақтарды, зерттеулер мен нөмірленген тестілерді жіберіп, оларға сабақ аяқталғанға дейін жауап берулерін сұрап, содан кейін ол жауаптарды олардың қаншалықты жақсы түсінгендерін анықтау үшін пайдаланулары мүмкін. Сондай-ақ мұғалімдер осы әдістерді сабақ аралық түсініктерін тексеру үшін және де нәтижелерін келесі сабақтың жоспарын реттеу үшін пайдалана алады.Окленд Университетінің профессоры Джон Хэттің пікіріне сәйкес, сыныптағы берілетін сабақтың 50%-ы алдын ала мәлім болады. Оқушылардың сабақ үлгерімі туралы жиналатын мәліметтер, мысалы, тестілеу, оқыту платформасындағы зерттеулер мен пікірталастар форумы оқытушыларға студенттердің нені біліп, нені білмейтіндерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер бұл мәліметтерді оқыту жоспарларын қайта қарауды пайдалана алады және сыныптағы оқу материалдарын меңгеруде бос уақыттарды жоюға болатындығына көз жеткізе алады.

Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

1) бақылау;

2) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

3) бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Бақылау Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.

Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе әртүрлі білім берудің түрлі жолдарына қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды білім беру мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осығанбайланыстыинтерпретацияныкейделогикалыққорытындыдепатайды.


Оқытуүшінбағалау – бұлбілімалушыларөздерініңоқудыңқандайсатысындатұрғанын, қандайбағыттадамукерекжәнеқажеттідеңгейгеқалайжетукерекекендігінанықтауүшіноқушыларжәнеолардыңмұғалімдеріқолданатынмәліметтердііздеужәнетүсіндіруүдерісі. Берілгенанықтаманыңмаңыздыэлементтерініңбіріоқушылардыңдеректердіқолдануынабасаназараудартуболыптабылады. Бұлретте, мұғалімдержалғызбағалаушытұлғаболмайтындығынаназараударылады. Оқушыларөздерініңсыныптастарынжәнеөздерінбағалауғатартылуымүмкінжәнемұғалімдербағалаудыбелсендіжүргізгенкезде, оқушыларбелсендіқатысуыкерек. Талпынғандарғанабілімалаалады. Білімалушыларөзбілімінарттыруүшінбағалаудыүйренуіқажет, сондықтаноқушыларғаөзініңоқуынжақсартуүшінкерібайланысарқылыалынғанақпаратқасәйкесжұмысістеуқажет. Бұлолардантүсінушілікті, қызығушылықтыжәнеықыласпенәрекететудіқажететеді.

ОқытудыбағалауОқытудыбағалаудыңмақсаты, керісінше, оқушықазіргіуақыттанеоқыпбілгенінжинақтауболыптабылады. Негізінен, олтікелейкелешекоқытуғаүлесқосуғабағытталмаған, бірақмаңыздымәнібартестілеуоқытуүдерісінекеріәсерінтигізуімүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқытудыбағалаукезіндебіроқушыныңжетістіктерініңбелгіленгеннормаларменнемесебірдейжастағыоқушылартобыныңқолжеткізгендеңгейіменара-қатынасысалыстырылғансоңқорытындыжасалады. Мұндайқорытындыларстандартқанемесеәдеттебаллнемеседеңгейтүріндекелтірілгенмежелікке «сәйкес/сәйкесемес» дегеннысандажасалады. Бұлоларнегізделгенөлшемдерменстандарттардыңтаңбалануы. Мұндайқысқа, кейдетүсініксізтүрдеұсынылатынұғымата-аналар, кейжағдайдамұғалімдіауыстыруғакелгенжаңамұғалім, жергіліктіжәнеұлттықдеңгейдемектептіңбілімберуқызметінбақылауғақызығушылықтанытқанбасшыларсияқтыадамдарғаесепберугеқолайлыболады. Осылайша, есепберу, іріктеужәнемониторингжүргізуақпараттыбағалаудыңнегізгісипатыболыптабылады.

Критериалды бағалау

Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.

Критериалды бағалау міндеттері:

Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары:

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

Білім берудің сапасы артады;


Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

Ата-аналарға: баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған: Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау.






Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың сапалы жүйесінің бірі – Блум таксономиясы болып табылады.

Таксономия- обьектінің жіктелу мен жүйелену, ол табиғи өзара байланысқа негізделіп, обьектінің категориясын, оның орналасу ретін өсіміне қарай күрделене түсетіндігін анықтайды. Алғашқы рет осындай жүйені Бенджамин Блум ұсынды.

Ережесі: ешбір технология таксономиясыз жүзеге аспайды, себебі ол көзделген мақсатқа сай жүйелі іс – әрекет диагностикасынан тұрады.

Мақсаттың диагностикалылығы – мақсатқа жетудің жолдарын анықтайтын өлшемнің болуы.

Мақсатқа жетудің нәтижесі алдын ала белгіленген күтілетін нәтижеге жетудің жолдарының көрсетілуінде, оқушының өлшем талабына сай тапсырмаларды орындауы. Сондықтан, таксономия оқушының белгілі деңгейдегі тапсырмаларды орындауы үшін белгілі ақпаратпен жұмыс жасауы арқылы өз деңгейіне келгендігін анықтауы.

Мақсаттың теориялық иерархиясы меңгерілген білім процесінің өсу динамикасын айқындап қана қоймай осы процесс кезінде интеллектуалды дағдысының жүйеленуіне негіз болады. Оқу процесінің өсу деңгейі екі мағынада: мақсаттың деңгейі және мақсатқа жетудегі жылжу деңгейі ретінде пайдаланылады.

Таксономия оқушының іс-әрекеті мен оқу процесінің мониторингісін басқарумен байланысты.

Таксономия оқу процесін бағалау сипатының жүйесін анықтап,оқушылардың жетістіктерінің өсу динамикасын бағалайды.

Таксономия оқыту технологиясын өңдеу өлшемі құралы ретінде пайдаланылады. Блум таксономиясы таным процесін ең қарапайымнан бастап қиынына дейін 6 негізгі категорияға жіктейді.

Блумның таксономиясындағы 6 негізгі деңгей:























Оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып мақсат қою технологиясын былайша көрсетуге болады

Б.Блумның оқу мақсатының категорияға (санатқа) жіктелуі

Оқушыға:

Бұл санатта оқылатын материалды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуы іске асады. Белгілі бір фактіден бүтін теорияға дейінгі мазмұнның түрлері туралы сөз қозғалады. Жалпы – сәйкес келетін мәлімететерді есте сақтайды, еске түсіреді.

Терминдерді дұрыс пайдаланады; нақты деректерді келтіреді; әдіс-тәсілдерді, негізгі түсініктерді, ережелер мен заңдылықтарын қолдана біледі.

атаңыз;

қай жылы;

қай жерде болды;

ережесін жазыңыз; атаңыз

2. Түсіну

Оқушы:

Оқушыға:

Оқу материалын бір түрден екінші түрге ауыстыру (трансляция) қабілеті көрсеткіші болады. Мысалы: бір тілден екінші тілге аудару (сөз есебін математика есепке ауыстыру).Оқушының материалды түсіндіруі, баяндауы немесе құбылыстар мен оқиғаның нәтижесі қандай әрекетпен оқу материалын қарапайым есте сақтаудың нәтижесінде іске асады.

Фактілерді дұрыс пайдалана отырып, сөздік материалды нақты пайдаланады, сызба, кесте, диаграмма жасау; берілген материалды пайдалану арқылы болжам жасай алу.

……сөзді аяқтаңыз;

……не білдіңіз;

……неге?

..тақырып ішінде материалды өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз…, өз сөзімен айтыңыз……

3. Қолдану

Оқушы:

Оқушыға:

Бұл санаттта жаңа жағдаятта және белгілі жағдайда өткен материалдан ережелерді, әдістер түсініктерді, заңдарды, ережелерді, теорияны пайдалану, қолдану жатады. Мұнда тек түсініп қана қоймай, жоғары деңгейде материалды меңгеруді талап етеді. Оның көрсеткіші де оқытудың нәтижесі болады.

Жаңа жағдаяттарда түсініктер мен негіздерін, заңдар мен теорияны пайдалану.

Әдістер мен шешімін дұрыс қодануды жариялайды.

Қолдану мақсатын түсіндіріңіз...;

үй есебін бірнеше тәсілмен шешіңіз….;

осы құбылысты қандай теория түсіндіреді…..?;

берілген болжамды тексеріңіз….;

қорытындылаңыз….

4. Талдау

Оқушы:

Оқушыға:

Оқу материалын құрылымына сай жүйелеп бөлуі. Бүтінді бөліктерге жіктеу, өзара байланысын анықтау, бүтіннің тұтастығын принциптерін сезіну. Оқудың нәтижесі интеллектуалды жоғары деңгейінен көрінеді. Түсіну, қолдану санатынан жоғары болуы оқу материалының мазмұнының ішкі құрылымын меңгеруінде.

Қателерді табады, өзінің жасырын болжауды шығарады, талдау кезінде логикалық жүйелілікті табады, фактілер мен қорытындының арасындағы айырмашылықты анықтап, берілген материалдың маңызын бағалайды.

..құрылымы қандай?

..топтастырыңыз;

..салдары не?

.салыстырыңыз;

..себебін табыңыз.

5. Топтау

Оқушы:

Оқушыға:

Жаңашылдығы бар, бүтінді құрастыратын элементтерді жинақтай алу. Оған баяндама т.б. жасау, іс-әрекет жоспары мен жалпы өзара байланысты мәлімет (мәліметтерді жоспарлау сызбасы) жүйелеу. Осы санатта нәтиже жаңа сызбалар мен мазмұнын шығармашылықпен жасау іс-әрекеті жатады.

Шығармашылық шығарма жазады; экспериментті өткізудің жоспарын жасайды; белгілі мәселені шешудің жоспарын жасау үшін әр түрлі білім көзін пайдаланады.

өз шешіміңізді табыңыз …;

алгоритмді ұсыныңыз…;

баламасын табыңыз …;

бөліктерден құраңыз ..;

түсініктемесі қандай…..?

жүйелеңіз …..;

зерттеңіз…….

6. Бағалау

Оқушы:

Оқушыға:

Нақты мақсатқа жету үшін оқу материалының маңызын бағалауы (берілген зерттеулер, әдеби еңбектің нәтижесі). Оқушының талдау өлшемдерімен айқындалуы. Өлшемдері ішкі (жүйелі, логикалық) және сыртқы (мақсатқа сай) болады. Оқушылар өлшемді өздері анықтауы немесе мұғалімнің тарапынан берілуі мүмкін. Аталған барлық санатқа сай және нәтижені өзі талдап, өлшемдері мен дәлелдеу.

Материалдың қиынды ой құрылымын жазбаша мәтін ретінде бағалап, іс-әрекет өнімінің маңызын ішкі өлшемдерге негіздеп, қорытындыны сыртқы өлшемдермен дәлелдеу.

Қисынды ойды бағалаңыз ….;

Жетістіктерін атаңыз .;

өлшемдерін көрсетіңіз ……;

..сәйкес келе ме?

……туралы не ойлайсыз?

……қаншалықты дұрыс?

Қорытынды жасаңыз ……..



  1. Бағалаудың үш өлшемді әдістемелік жүйесін сабақтарда қолдану


Қазіргі заман талабы бойынша оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан , біздің бастауыш сынып бірлестігі Ж.А.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын өз сабақтарында кеңінен қолданып жүрміз . Бұл технология оқушының білімдеңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұратыны барлық ұстаздарға белгілі .

1. Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей боғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

2. Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды талдап , бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3. Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашады. Анализ бен синтез , салыстыру арқылы анықтау , қорытындылау. Бұл деңгейде ребус , сөзжұмбақ , анаграмма құрастыру , зертханалық жұмыс жүргізу , эвристикалық сұрақтар болуы қажет.

4. Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде берілген тақырыпқа өз бетімен реферат , баяндама , эссе , өлең , жұмбақ , жаңылтпаш құрастыра білу қажет .Біз сіздермен осы технологияны қазақ тілі пәнінде қалай қолданып жүргеніміз жайлы ой бөліссек деген оймен сіздерге ұсынып отырмыз.

Мысалы, «Жұрнақ пен жалғау » тақырыбында , білімді бекіту сабағында мынадай деңгейлік тапсырмалар берілді.

1- деңгей тапсырмасы мынадай болды:

Жұмбақты көшіріп , қосымшалы сөздердің астын сыздырту.

Әрі шешен , әрі әнші , әрі күйші.

Әр үйде бар, тапқышым , кәне ,тапшы.

2- деңгей . Мақалды жатқа жаздыру , қарамен жазылған сөздердегі жұрнақ пен жалғауды тиіс белгілермен белгілету.

1.Өнерлінің өрісі кең.

2. Білімдіге дүние жарық .

Білімсіздің күні кәріп .

3- деңгей. Сөздердегі -шы, - ші, - лы , - лі, -ды, - ді жұрнақтарын жалғап жазып , 2-3 сөйлем құрастыру , түбір мен қосымшаны ажыратқызу.

Білім – білімді

Ән - әнші Ақыл – ақылшы

өнер - өнерлі Жұмыс – жұмысшы Қар – қарлы

Үлгі : Менің әнші болғым келеді.

4- деңгей. «Менің досым » тақырыбына шағын әңгіме жаздырып , қосымшалы сөздердің астын сыздырту.

3-сынып бойынша.

«Түбір мен қосымшаның жазылуы » тақырыбына мынандай деңгейлік тапсырма берілді.

1- деңгей. Көп нүктенің орнына - лар , - лер, -тар , - тер – дар , - дер жалғауының тиістісін қойып , сөздерді көшіріп жаз.

Балалар , өрмекшілер , достар , көбелектер , қыздар , гүлдер.

2- деңгей . Қосымшалы сөздердің түбірін , жұрнағын ,

жалғауын ажыратқызу.

Қосымшалы

Сөздер

Түбір

Жұрнақ

Жалғау


Оқушылар

оқу

Шы

лар

Әншілер

ән

Ші

лер

Ғарышкерге

ғарыш

Кер

ге

Асханада

ас

Хана

да


3- деңгей . Көп нүктенің орнына негізгі түбірді тауып жаздырту .

Осы сөздерді қатыстырып 3-4 құрап жаздырту.

Қақ –қағу , қағады , қағып.

  • жағу , жағып ,жағады.

  • шабу , шауып шабады.

- шөгу , шөгіп , шөгеді.

Үлгі : Асан атасына шөп шабуға көмектесті.

4- деңгей. «Қыс » тақырыбына бір шумақ өлең құрастыру немесе әңгіме жаздырту .

Әрбір тапсырманы кезеңдерге бөліп қарастырдық.


1-кезең. Ұйымдастырушы және үй тапсырмасын тексеру кезең.

Жаңа тақырыпты оқушыларға меңгеруге қажетті және оған негіз болатындай өткен тақырыптар бойынша еске түсіруге арналған төмендегі тапсырмаларға балалар үйден дайындалып келеді. Сондықтан оларды жаңа сабақтың алғашқы 2 минутты аралығында пысықтап үлгеруге мүмкіндік туады.

1.Мамандық иелерімен танысу.

Мамандық иелерінің аттарына сұрақ қою.

2.Сөз таптарын атау . Оларға қысқаша тоқталып өту.

Сөз таптары

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік

  1. Зат есімдерге берілетін сұрақтар .

Кім ? Кімдер? Не ? Нелер?


2- кезең. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын

қалыптастыру кезеңі.

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге жетілуші тапсырмаларды орындату. Бөлінген 8 – 10 минут уақыт өткен соң , мұғалім өзі балалармен бірге талқылап келесі 10 – 12 минутта сабақтың негізгі мақсатына жетеді

1.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы зат есіді табу.

2.Зат есімге жалғанған қосымша арқылы заттың біреуге тән екендігін ажырату.

А)Менің қаламым . Біздің қаламымыз.

Сенің қаламың Сендердің қаламдарың.

Сіздің қаламыңыз. Сіздердің қаламдарың.

Оның қаламы. Олардың қаламдары.

ә) Сөздерді берілген үлгі бойынша өзгертіп жазу.

Б) Сұрақ қою арқылы тәуелдеулі сөздерді табу.


3. Бекіту, қорытындылау.

А) Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

Ә) Дәптер сөзін тәуелдеу.


3- кезең. Оқушылармен кері байланыс жасау. Олардың алғаш алған білімдерін тексеру.

Деңгейлік тапсырмалар .

1-деңгей. (5- ұпай).

Жаңа тақырыпта кездескен негізгі ұғымдар үлгі бойынша берілген тапсырмаларды орындау. Оларға барлық оқушы міндетті жауап береді. Барлығы 5- ұпай жинап есептелінеді.Бағаларын алады. Егер оқушы осы деңгейден аса алмаса журналға «3» бағасын қойылады.

1.Зат есімнің тәуелденуі не?

2. Кітап сөзін тәуелдеу.

3. Өлеңді мәнерлеп оқып , тәуелді сөздерді табу

2- деңгей. (10 ұпай).

1- деңгейдегі алған білімдеріне негізделіп құралады. Дұрыс орындай алмаған 5- ұпай тағы 10 ұпай қосып , 15 ұпай жинайды. Келесі деңгейдің тапсырмаларына шамасы жетпесе журналға «4» қойылады. Олар :

-ым , - ім , - ымыз, - іміз.

- ың, - ің, - ыңыз, - іңіз.

- ы, - і, - ы , - і;

2 . Жекеше және көпше түрде тәуелденеді .

3. Зат есімнің жеке қасиеттері.

3-деңгей. (15 ұпай).

Бұл эвристикалық болғандықтан , оқушы тақырып бойынша негізгі қорытып , өз пікірін айта алатындай тапсырма болуы мүмкін . Дұрыс жауап бере алған оқушы 1 -2 деңгейден жинаған 15 ұпайға тағы ,15 ұпай қосып 30 ұпай жинайды . Жуналға «5»деген баға қойылады.

1.Сөз таптарының қай түрі тәуелденеді?

2.Бір сөзді қосымшалар арқылы тәуелдеп зат есімге айналдыру.

4- деңгей.

1.Зат есімнің тәуелденуін басқаша тұрғыда өзгерте алуы.

2. «Болашақ заманға саяхат» тақырыбына ой қозғау.

Сабақтың соңында әр оқушының жинаған ұпайлары есептеледі. Үйде әркім өзінің тоқтаған жерінен деңгейлік тапсырмаларды жалғастырып орындап келуге тапсырмалар алады. Тақырып бойынша қорытынды баға журналға келесі сабақтың басында қойылады.

Төртінші шығармашылық деңгейдің тапсырмалары негізінен мемлекеттік стандарттық міндетті деңгейінен жоғары болғандықтан , оның бағасы ерекше - бестен жоғары деп бағаланады. Бұл жерде : бірінші деңгейдің тапсырмалары мемлекеттік стандарттың міндетті ең минимальді қолсап көлемі болғандықтан , оны өте жақсы меңгерген кездің өзінде келесі деңгейдің тапсырмаларына шамасы келесе есептелуі немесе үздіксіздікпен бағаланады.


Қорытынды


Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.Оқыту үшін бағалау ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқытудың үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

Жүргізілген зерттеу нәтижелерін енгізудің жалпы дидактикалық мәнін көрсетті және қарастырылып отырған проблемалар мазмұнын жете тамамдамайды. Зерттеуді бұдан әрі дамыту рефлексия қалыптастыру, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін төменгі сынып оқушылары оқу жетістіктерінің мониторингісін жүзеге асыру үдерісінде өзін өзі бағалаудағы және өзін-өзі бақылаудағы өзгерістерді зерделеу жөніндегі диагностикалық рәсімдер жүйелерін әзірлеу бағыттары бойынша жалғасуы мүмкін. Түпнұсқалық зерттеуде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану қара жәшік ішіндегі жұмыс ретінде белгілі болды. Жоғарыда айтылған зерттеу бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі.

Сұрақтың дұрыс қойылуы

Сыныптасын және өзін-өзі бағалау

Кері байланысты қамтамасыз ету

Оқушымен бірге критерийлерді талдау

Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту
















Қолданылған әдебиеттер тізімі


1.Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт» атты Жолдауы. – Астана: Ақорда, 2012 ж.

2. «Білім туралы» Қазақстан республикасының заңы - Астана, 2007

3.«Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» - Астана: 1999

4.Мухина В. С. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы – Алматы., 1989,190б,.

5.Абуова М. Оқушының қызығушылығы мен белсенділігің қалыптастыру.//

Бастауыш мектеп. №5, 2006, 20 б.

6.Басов М. Я. Основы психологии обучения. - М.: Просвещение, 1968. – 344

7.Данилов М. А., Скаткин М. Н. Активизация познавательной деятельности учащихся. - М.: 1987, 99 с.

8.Мясищев В.С.. Некоторые психолого-дидактические вопросы проблемного обучения // Советская педагогика.- 1967.- № 8

9.Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях его исследования. - М., 1958.

10.Богоявленский Д. Н. Познавательные задачи в обучении гуманитарнымнаукам. - М., 2005. - 219 с.

11,Божович Л.И. Детская и возрастная психология. – М.: Наука, 1984

12.Люблинская А.А. Детская психология. – М.: Прсвещение, 1999

13.Рубинштейн С. А. Основы общей психологии. – М.: Педагогика, 1989. Т. 2, 2003., 349 б.

14.Өтеева К.Ә. Ұлттық тәрбиені оқу мазмұны арқылы жүзеге асырудың кейбір мәселелері // 15.Қазақ мектебіндегі деңгейін көтеру проблемалары. Алматы: РБК, 1996. б. 46-50

16.Песталоцци И. Избранные труды. – М., 2009. – 460 с.

17.Наурызбаев Ж.Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі,1995. – 192 б.

18.Тұрысжанова Р.К. Рухани – адамгершілік құңдылықтар қалыптастыру. – Алматы, 1999 – 210 б.

19.Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! – М., Просвещение, 1986. - 140 c.

20.Подласый И.П. Педагогика. Т.1. Москва. Владос. 2000. – 356 с

21.Щукина Г.И. Процесс обучения в советской школе.- М., 1960. – 210 c.