[link] )
видеоны ноутбуктан тамашалайды. Ауа мен судың ластануына себепкер жағдайларды анықтау, зерттеу, зияндылығын дәлелдеу. ІІІ топ: «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз» жобасын құру. Топ мүшелері ауа, су, өсімдіктерді қорғаудың жолдарын жобаға түсіріп, қорғайды.
Топтар бір-бірін 3,4,5 ұпаймен бағалайды.
Мұғалім:
Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
V. Ой толғаныс. Шығарашылық жұмыс.
І топ: Жағдаятты шешу.
Сен бақ ішінде келе жатырсың, екі бала жас шыбықты сындырып жатыр екен. Сенің әрекетің? Топ өз жауаптарын айтады. Қалған топтардың да жауаптарын біледі.
ІІ топ: «Жас табиғат қорғаушысы және әдепсіз бала» атты көрнісін қояды.
Қолындағы таусылғалы тұрған шоколадты жеп, айналасын бақылап тұрған бала ұшып бара жатқан құсты көріп, қолындағы шоколад қағазын тастай салады.
Әдепсіз бала:О, қазір мен саған көрсетейін!-деп көздеп тұрып, құсты рогаткамен атып қалады. Тас құсқа тимейді, санын бір соғып, «қап сені ме, енді қолыма түссең оңдырмаспын» деп бұрыла бере жайқалып тұрған ағашты көреді. Жүгіріп ағаштың саясына барып, нағыз рогаткіге арналған бұтақ екен деп ағаштың бір бұтағын сындыруды ойлайды. Оның лақтырып кеткен
қоқысын табиғаттың жас қорғаушысы жинайды.
Жас табиғат қорғаушы:-Қоқыс тастап неге даланы ластайды екен?-деп келе жатқан табиғаттың жас қорғаушысы ағаштың астындағы бұтақ сындырып тұрған баланы көріп, асыға, айқайлайды.
-Тоқта, не істемексің?-деп бала жанына келеді.Қаперінде еш нәрсе жоқ.
Әдепсіз бала:Рогатка жасаймын да құс біткенді қырамын, қаласаң саған да жасайық екеуміз бірге қызыққа батамыз,-дейді.
Табиғаттың жас қорғаушысы:Қайдағы қызық, қайдағы рогатка, сен ағашты сындыруға болмайтынын білмеп пе едің? Олар бізге таза ауа береді, қыста отын, жазда ыстықтасаң саясында көлеңкелейсің, ал құстар біздің достарымыз, олар шыбын-шіркейлерді қорек етіп, олардың көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді.
Әдепсіз бала:Сен осы кімсің, неге маған мұның барлығын айтып тұрсың?
Табиғаттың жас қорғаушысы: Біз табиғаттың жас қорғаушыларымыз, көктемде жас ағаштар отырғызамыз, оларды үнемі суарып тұрамыз, аулаларды тазартамыз, ал күзде бізде қыстайтын құстарға ұя жасап іліп, оларға жем шашамыз, қысқасы, біз-табиғаттың жас қорғаушыларымыз.
Әдепсіз бала: Кешіріңіз, мен енді мұндай жаман қылық жасамаймын, табиғаттың біздің досымыз екенін білмеппін.
Табиғаттың жас қорғаушысы: Біздің жас табиғат қорғаушылар қатарына қосыласың ба?
Әдепсіз бала:Иә!Иә!
Қалтасынан «Жас табиғат қорғаушылар белгісін» шығарып, оны қатарға қосылған жас табиғат қорғаушысының кеудесіне тағады.
Табиғаттың жас қорғаушысы: Енді сен біздің қатарымызға қосылдың, құттықтаймын! Ана ағашты қара, шөлдеп қалыпты, жүр суарайық.
Топтар осы көрністен қандай қорытынды шығарғандарын айтады.
ІІІ топ: Бес жолды өлең құрастыру. Табиғат, ауа, су, өсімдік тақырыптарына байланысты.
Топтар бір-бірін 3,4,5 ұпаймен бағалайды.
Мұғалім:
Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
VІ. Қорытынды. «Жүректен жүрекке» тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне табиғатқа тілектерін жазып апарып іледі. Топтар ұпайларын санап, жеңген топ марапатталады.
Осымен бүгінгі «Табиғатты қорғау- перзенттік борышымыз» атты топтық сайысымыз да өз мәресіне жетті. Табиғатты қорғау әр азаматтың парызы екенін естен шығармайық.