Тәрбиелік шара тақырыбы: Қуаныш сыйлай бер-Жаңа жыл!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Ұлан ауданы білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ




[pic]













«Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектеп» ММ

Мейрманова Д. Т.


Тәрбиелік шара тақырыбы: Қуаныш сыйлай бер-Жаңа жыл!

Тәрбиелік шара мақсаты:

1. Келер жылдан көп үміт күтіп, осы үмітіміздің орындалатынына сеніп қана қоймай, оған өз күшімізді салу.

2. Мерекені көңілді өткізуге атсалысу.

3. Оқушыларды әдемілікке, дұрыс жүріп тұруға, сахнада өзін ұстауға, эстетикалық талғамдарын кеңейтуге баулып, тәрбиелеу.

Тәрбиелік шараның түрі: Көгілдір алау.

Тәрбиелік шараның барысы:

Құттықтау сөз:

Тағы бір жыл келді, келді жыл тағы да,

Арман құс қонғандай жансарай бағына.

Аңсаймыз, ойлаймыз, қимаймыз, іздейміз,

Алаулы, арайлы күндерді сағына.


Хош келдің, есейтіп арманшыл ерімді,

Хош келдің, құлпыртып елімді, жерімді.

Қуаныш сыйлай бер кеудеме сыймайтын,

Тарқатып, жиналған мұңымды, шерімді.

Осы өлең жолдарын бүгінгі «Көгілдір алауға» келген баршаңызға арнаймыз!

Сүйікті менің 9-сыныбым, қымбаттты әріптестерім, құрметті ата-аналар және де біздің көгілдір алауға келген қонақтар! Тәуелсіздіктің 20 жылдық торқалы тойымен тұспа-тұс келген 2012 Ұлу жылы қайырлы құтты болсын!

Ұлу жылы (1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)

(Қытайша жыл қайыру бойынша-Айдаһар). Ұлудың денсаулығы мықты, өмірлік қуаты мол, белсенділігі күшті. Әйтсе де, ол тез ашуланады және мұндайда өзіне-өзі ие бола алмай қалатыны бар. Ол, сонымен қатар бірбеткей. Ұлудың ерік күші мықты, адамгершілігі жоғары, кішіпейіл. Өзін сыйлата алады. Айналасына ықпалды. Ол ешуақытта екіжүзділікке бара алмайды, тіпті қарапйым дипломатияның өзінде «зиянсыз қулыққа» қабілетсіз. Ол өзінің ой-пікірін кібіртіктемей, ашық айтқанды дұрыс көреді және оның пікіріне ел құлақ асады, сенім білдіреді. Ол бар күш-жігерімен еңбек етуге қабілетті, әйтсе де жүрегі мейірбан, сенгіш болғандықтан, оны жаман іске бұрып әкету қиын емес.

Бүгінгі мерекемізде «Дәстүр» бағдарламасы бойынша оқушылардың психологиялық, астрологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, судан, ауадан, оттан, жерден жаралағандар деп топтап отырмыз. Себебі, астрологиялық үшкілдегі жұлдыздардан жаратылғандар өзара тәуір тіл табысып, пікірлері өзара бірдей болады.

Ортаға- «Оттан», «Жерден», «Ауадан», «Судан» жаралғандарды ортаға шақырамын:

Оттан жаралғандар: арыстан, мерген, тоқты.

Жерден жаралғандар: ешкімүйіз, бикеш, торпақ.

Ауадан жаралғандар: таразы, суқұйғыш, егіздер.

Судан жаралағнар: бүйе, балық, шаян.

Осы –оттан, жерден, ауадан, судан жаралғандарды жаңа жыл дастарханына шақырамыз.

  1. «Алау» (От,қызыл)

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз,

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Жаралыппыз оттан біз

Үнемі алда боламыз.


  1. «Береке» (Жер, ақ)

Армысың асыл ағайын

Өрнегін әннің салайын

Өнер мен шашу шашатын

«Берекені» таныстырып алайын.

Құтты болсын, достар мына мерекең,

Сарқылмасын бата тілек жырмен тең.

Өнерлерін шашу етіп шашатын

Алға шықсың, талпынып, жас «Берекең»


  1. «Тіршілік» (Ауа)

Ауасыз тіршілік болмайды,

Миына сабақ та қонбайды

Тіршілік -жүрегі ауаның

Қадірлей білмеген оңбайды.


  1. «Толқындар» (Су, көк)

Ұланы елдің алтындай

Жүреді ылғи жарқылдай

Мың сәлем сізге жолдайды

Тобымыз біздің толқындар.

Мерекеге қатысушылар дастарханға жайғасады.


Тағы бір жыл өтті, келді жыл тағы да,

Біреудің соры ма, біреудің бағы ма?

Біреудің көз жасы төгіліп тұр ма екен?

Біреудің қуаныш, салтанат шағы ма?


  1. Сөз кезегі 9-сынып оқушыларының ұстаздарына: (мұғалімдердің құттықтауы)

Ән шашу.

Тағы да бір жыл өтті, келді жыл тағы да,

Үміттер, күдіктер тасыған ағыла.

Ақ мамық ұлпа қар-қанаты қиялдың,

Қарашы, күмістей кіршіксіз ағына.


  1. Сөз кезегі «Алау» тобына беріледі. Құттықтаулары, музыкалық сәлемі.

Тағы да бір жыл өтті, келді жыл тағы да,

Алауланып өртеніп, қызулы жыр келді.

Келе бер жылдарым, жаңартып, есейтіп,

Жайнатып сай-сала, асқар тау, қыр, белді.

  1. Сөз кезегі «Береке» тобына беріледі. Құттықтаулары, музыкалық сәлемі.

Оранған тау да, тас та ақ мамыққа,

Боранды елестетем ақ қалыпта.

Адалдықтың жаятын ақ көрпесін

Қаңтар кел, соқ, боран! Жақ халыққа!


  1. Сөз кезегі «Тіршілік» тобына беріледі. Құттықтаулары, музыкалық сәлемі.

Ал, достар, келіңдер,

Қуаныштан күліңдер.

Шаттанып бір жүріңдер,

Ән айтыңдар, би билеп...


  1. Сөз кезегі «Толқындар» тобына беріледі. Құттықтаулары, музыкалық сәлемі.


1) Көгілдір алдымызды жақпас бұрын, сіздерге өнер көрсетіп, көңілдеріңізді көтеретін жандарды бір шолып шығу мақсатында және де келер 2012 жылғы киім киюдегі сән үлгілерін «Ізғұтты-мода» сән үйінің ұсынуымен көрсету мақсатында, 9-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. Мода кө

  1. «Жаңа жыл»-Жансая, Әбигүл.

  2. «Қызыл гүлім-ай!»-Заңғар.

  3. Вальс «Дениз бен Мэрт»

  4. «Кешікпей келем деп-ең!»- Әбигүл, Заңғар.

  5. Көріністер («Езу тартар» бөлімі)

  6. «Алғашқы махаббат»-Заңғар.

  7. «Сұлу қыз»-Қуаныш

  8. «Шоқ қыздар»-Қуаныш

  9. Ойындар:

1) 2 тілде санап « Сыйлыққа жет»

2) Қар түйіршіктерін жинай отырып, сауалнамаға жауап беру.

Қорытынды сөз: Жұлдыз жорамалға сүйеніп, мынадай сипаттама беруге болады. Құлақ түріңіздер.

  1. Тоқты-қызуқанды, алғыр, ақылды.

  2. Торпақ-өзімшіл, шындықты сүйетіндер.

  3. Егіздер- кекшіл, жалқау.

  4. Бүйе- кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.

  5. Арыстан-ержүрек, тік мінезді.

  6. Бикеш-алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.

  7. Таразы- адамгершілігі мол, бірақ алғыр.

  8. Шаян-кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.

  9. Ешкімүйіз-білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.

  10. Мерген-батыр, ержүрек, мейірімді.

  11. Суқүйғыш-ұмытшақ, адал,алаңғасар.

  12. Балық-өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл.


Келді міне, Жаңа Жыл,

Тамаша жыл болса екен.

Баршаңызды қуантып,

Бақыт құсы қонса екен.


Жаңа жылың құтты болсын, жас ұрпақ,

Келген жылға қарамаңдар тосырқап.

Кітап оқы, бақшаларға жеміс ек,

Көлге шомыл, көңіліңнің досын тап.


Жаңа жылың құтты болсың, аталар,

Сергек ұрпақ өздеріңнен от алар,

Қаранарлар, көтеріңдер жыл жүгін,

Соңдарыңнан ере берсін боталар.


Жаңа жылың құтты болсын, аналар,

Бүлдіршіндер өздеріңнен нер алар.

Сендер барда дүниеге келеді,

Ұлы ақындар, дүр ғалымдар даралар.


Жаңа жылың құтты болсын бауырлар,

Жарқырай бер, жас қалалар, ауылдар.

Кемелді елге кереметін табыстап

Тереңдерге кетіп жатқан тамырлар.


Жаңа жылың құтты болсын, әпкелер,

Сендерге еріп әрбір үйге бақ келер.

Сендерге еріп жақсылыққа серік боп,

Сендерге еріп іні, сіңлі тапты өнер.


Жаңа жылың құтты болсын байтақ ел,

Жүректегі сөзін бүгін айтады ер.

Бір-бір жасқа бәрімізді үлкейтіп,

Он екі айдан кейін бізге қайта кел.


[pic]


[pic]