ЖҚТБ ғасыр дерті (колледж)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Тәрбие сағаты



Тақырыбы: ЖҚТБ – ғасыр дерті

































Мақсаты: Оқушыларды ЖҚТБ туралы ақпараттар мен сол дертпен күрес күні тулары таныстыру. Және оқугыларды салауатты өмір салтына баулу

ЖҚТБ-ның этиологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. ЖҚТБ туралы ең алғашқы ғылыми ресми баяндама ретінде, гомосексуалист-ер адамдарда кездескен белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан екі мақала болып табылады. 1982 жылдың шілде айында алғаш рет жаңа ауруға ЖҚТБ термині қолданды. Осы жылдың қыркүйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, А гемофилиясымен ауыратын адамдарда бірнеше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖҚТБ ресми түрде ауру деген мағынада қолданады. 1981 жылдан 1984 жылға дейін ЖҚТБ-ның таралуының дамуы жыныстық қатынас арқылы және нашақорлықтың қауыпты екендігі туралы бірнеше жұмыс шықты. Оған қатар ЖҚТБ-ның індеттік табиғаты бар екендігінің гипотезасы бойынша жұмыс жүргізілді.

Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын 1983 жылы бір-бірінен бөлек екі лаборатория анықтады:
-Люк Монтанье басшылығының қол астында Францияда Пастер Институтында
- Роберт Галло басшылығының қол астында АҚШ ұлттық рак институтында
1983 жылдың 20 мамыр айында Science журналы зерттеулер нәтижесінде науқастардың ағзасында жаңа ретровирус кездескені туралы жазады. Бұл мақалаларда жаңа ашыл-ған қоздырғыш HTLV топ қоздырғыштарына жататындығы мәлімдігін жазады. Зерттеушілер жаңа табылған қоздырғыш ЖҚТБ –ны тудыру мүмкіндігін ұсынды. 1984 жылды мамыр айының 4- күні зертеушілердің хабарлауы бойынша, ЖҚТБ -мен ауыратын 72 адамның 26-ның лимфоциттерінен, пре-ЖҚТБ жағдайымен ауыратындар арасында 21 ден 18 нау- қастарда сол кезде HTLV-III атты қоздырғыш анықталған. Зертеушілер 115 дені сау бақылау топтағы гетеросексуалдардың арасынан қоздырғышты таппады. Оның себебі Т4лимфоциттердың санының аздығына байланысты, деді олар. Қоздырғыштың алғашқы атауы АҚТҚ атауына өзгертілді.

1-желтоқсан Халықаралық СПИД қа қарсы күрес күні
Бүкіләлемдік ЖҚТБ-бен (World AIDS Day) күресу күні алғаш рет 1988 жылы 1 желтоқсан күні барлық елдің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуінде АҚТҚ/ ЖҚТБ жөніндегі ақпаратпен алмасуды кеңейту және әлеуметтік төзімділікке шақыруға үндеу тастағаннан кейін аталып өтті. Жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтілетін Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күні әлемнің барлық өңірлеріне тараушы АҚТҚ жұқпасы мен ЖҚТБ індетімен күрес жөніндегі ұйымдасқан күшті нығайту ісіне қызмет етеді.
Ұйымдасқан күш АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу бағдарламаларын қоғаммен қолдауды нығайтуға, АҚТҚ/ЖҚТБ -ның барлық аспектілері бойынша оқыту мен ақпарат ұсынуға бағытталған.Бүкіләлемдік ЖҚТБ -мен күресу күні 1996 жылдан бастап ЖҚТБ-ға қарсы Компанияға айналған және UNAIDS-пен жүргізіледі. Бүкіләлемдік ЖҚТБ -мен күресу күнінің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру және індет алдында халықаралық ынтымақтастықты көпшілікке паш ету болып табылады. Бұл күні мемлекеттік және жеке меншік секторлардың серіктестеріне АҚТҚ/ЖҚТБ-ны емдеу және алдын алудың алға басуына көмектесуге және індет статусы туралы ақпаратты таратуға, сондай-ақ осы ауырудың кең тараған елдері мен бүкіл әлемдегі адамдарын күтуге мол мүмкіндік туады. UNAIDS-тың бағалауы бойынша 15-49 жас аралығындағы 35,7 миллион адам АҚТҚ жұқтырғандар, олардың 26 миллионы жұмыс істейтін адамдар. Егер есепке еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың барлық санаттары бойынша деректерін алғанда, соның ішінде 64 жасқа дейінгілерді, сондай-ақ бейресми экономикада үйде және үйден тыс қызмет жасайтындарды қоссақ, онда жұмыс істейтіндер санатына жататын АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтырған адамдардың саны 36,5 миллионға жетеді.
Неге 1 желтоқсанда? Бүкіләлемдік ЖҚТБ -мен күресу күні ал-ғаш рет 1987 жылы тамызда Женевада, Швейцарияда денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымының ЖҚТБ -мен күресу жөніндегі Жаһандық бағдарламасы үшін қоғамдық ақпараттар мәселелері бойынша екі серіктес В. Джеймс Бун және Томас Неттермен жазылған. ЖҚТБ бойынша Жаһандық бағдарламаның директоры (қазір UNAIDS сияқты танымал) Д-р Джонатан Манн олардың идеясын қабылдады. Оған тұжырымдама ұнады және ол алғаш Бүкіләлемдік ЖҚТБ -мен күресу күнін өткізу 1988 жылы 1 желтоқсанда болуы керектігімен келісті. Бунн батыстық БАҚ жариялауды қамтамасыз ету үшін 1 желтоқсанды ұсынды, оның пікірінше Бүкіләлемдік ЖҚТБ -мен күресу күнінің жетістігі үшін өмірлік маңызы болды. Ол 1988 жылы АҚШ-та сайлау жылы болғандықтан бұқаралық ақпарат құралдары сайлауды баяндап шаршайды да жаңа оқиғалар табуды қалайды деп санады. Бунн мен Неттер 1 желтоқсан сайлаудан кейінгі қолайлы да жақсы күн, және рождестволық демалысқа дейін жеткілікті уақыт бар деп санады. Олардың пікірінше бұл жаңалық күнтізбесіндегі ақ таңба, осылайша Бүкіләлемдік ЖҚТБ -мен күресу күні үшін өте жақсы қолайлы болды.
Бүкіләлемдік ЖҚТБ -мен күресу күні көптеген елдерде жыл сайынғы оқиға болып қалыптасты. 1 желтоқсан Күнді өткізу уақыты болып белгіленсе де көптеген қоғамдастықтарда ресми мерекелеу күніне дейін және соңғы апта бойы өткізілетін іс-шаралар қатары ұйымдастырылады.