Сценарий проведения Дня учителя «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ».

  1. Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім! 
    Ұстаз! Осы бір сөзге терең үңілсек қаншама мін – мағынасы бар, қасиетті ұғым екеніне көз жеткіземіз. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы белгілі. 

    Ұстаз – ұлы есім. Себебі ғылым иесі ғалым да, ал қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, мал бағып тер төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан бүгінгі барлық құрмет ұстаздарға арналады. 

    Армысыздар, Ұстаздарым – әз жандар
    Білім іздеп инемен құдық қазғандар 
    Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
    Би де билеп, әнде бүгін шықарар. 


  2. Шынғыс: Кім боласың?
    Кім болсаң да аман бол.
    Бастықпысың?
    Өте жақсы, тұра қал.
    Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
    Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

    Индира: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары – 
    Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
    Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
    Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

    Камила: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
    Отырармыз қуанышта, тойда біз.
    Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
    Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

    Арсен: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу – 
    Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
    Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
    Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

    Амина: Махабатты: бала және Отаны,
    Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.
    Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
    Ал, кәсібі: от беру мен от алу!


    Ажар: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
    Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
    Күлетіні: бақыттылық нышаны,
    Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Сабина: Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

Әсем: ... Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!


І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар,
ата – аналар және оқушылар!

ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
І жүрг: Қажымас қайрат,
ІІ жүрг: Шығармашылық табыс,
І жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
ІІ жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
І жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Батенов Дархан Журсиновичберіледі.

ІІ жүргізуші: Алуаның орындауында: «Мектебім » өленің қабылалыңыздар.

Камила:

«Ұстазға»

Менің балғын қиялымды тербеткен,
Құшағымды алыстарға серметкен.
Айта аламын жұрт алдында қысылмай,
О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен. 

Алуа:
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын. 


Ланара:
Аралатқан ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.

Әсем: 
Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,
Білімдік – бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады Орынтай апайдан адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...


Құрметті төмен сынып оқушылары дайцындаған сыйлықтарыңызды 

ұстаздарыңызға табыс етуге рұқсат.

Қойылым: «Жас мұғалім»
І жүрг: Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек».Байқайсыздар ма, бұл сөзден біз Зейнегүл апай бейнесін көреміз.

Камила:
Зейнегүл апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Жел жағымда тұратын сен бәйтерек.
келе қыздар тобы Үнді биін ұсынады.

ІІ жүрг: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәлімгерлерімізге Амантай ағай, Сейсен ағай, Даулеткелді ағай, Алтай ағай 

Мейірбеке ағай, Сейтжан ағай бас иеміз.
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. – 

дей отырып Әлияның орындауында: «Ұстазым» өленің қабылалыңыздар.

І жүрг: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім», - деген екен Ғ.Мүсірепов.Сондай ұстазымыз Гүлбазар апай,Болды апай.

Бақытгүл:
Нұр көңілін балаға төккен ұстаз,
Төбемізді жеткізеді көкке біздің.
Қимастықпен қарайды апайға,
Ұмытқандай бұрынғы өкпелерін.
Арамызда ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Райхан апай бізбен жүрсе,
Батырларша батылды.
Құрметті оқушылар мұғалімге дайындаған сыйлықтарыңызды беруге рұқсат.


Қойылым: «Менің ұстаз болғым келеді».
ІІ жүрг: «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп
Зердемізге құятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,
Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Көгаршін апай, Раушангүл апай өз еңбектеріңідің жемісін тамашалаңыздардей келе қыздар тобы Шығыс биін ұсынады.

Ажар: 
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес балаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.

ІІ жүргізуші:

«Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін», - деп келген ұстаздарымызды зор ілтипатпен бас иеміз. Олар: Жанна Чукановна апай, Татьяна Александоровна апай, Назгуль Хамитовна апай.

І жүрг: Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы ісімді мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Өнерімен шаттардынған,-дей отырыпұстаздарға ән «Әр қашан бүздің жүрегіміздесіздер» Алтынбектың орындауында қабыл алыңыздар.


І жүрг: Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жадымызда сақталар өсиетің, - дей отырып келесі орындалар ән-шашу хор «Құтты болсын мереке» сіздер үшін.

Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.
Алишер:
Ұстазым – саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметім бұл менің.

Барлығы хормен «Ұстазым» дейді.

Қорытынды сөз оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі атқарушы Бельдеубаева Айгуль Ертайқызына беріледі: