Баланың дамуынА АТА-АНАЛАРДЫҢ ролі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Баланың дамуындағы ата-аналардың рөлі

  Ата-аналар баланың бірінші қоғамдық ортасы болып

 табылады. Әрбір адамның өмірінде ата-анасының жеке басы

маңызды рөл атқарады. Басымызға қиыншылық түскен

 кездері ата-анамызды, әсіресе анамызды ойға алатынымыз

кездейсоқ емес. Ал ата-аналардың сүйіспеншілігін қажетсіну –

кішкентай адам үшін өмірлік маңызды қажеттілік.

Ата-ана сүйіспеншілігі – адам өмірі жақсы болуының, дене және рухани денсаулығының көзі және кепілі.

Сондықтан да ата-аналардың бірінші және негізгі міндеті  балаға жұрттың оны жақсы көретінін және оған қамқорлық жасалатынына  сенімділік  тудыру болып табылады. Ешқашан, ешқандай жағдайда баланың ата-ана махаббатына  күдіктенуіне жол беруге болмайды. Ата-аналар міндеттерінің ең табиғиы, ең қажеттілігі – балаға қай жаста болсын сүйіспеншілік таныту, көңіл бөлу.

  Отбасылық тәрбиеге қойылатын басты талап -  балаға деген сүйіспеншіліктің болуы. Бірақ бұл жерде баланы тек жақсы көру жеткіліксіз, ең бастысы күнделікті балаға қарым-қатынасымызда, оны тәрбиелеу кездерінде бала өзін жақсы көретіндерін  түсінуі, сезінуі, сенімді болуы, оның ата-анасымен қарым-қатынасында немесе ерлі-зайыптылардың  бір-бірімен қатынасында қандай жағдай орын алып жатса да өзін  басы артық жағдайда  ғана адамның психикалық әлемі дұрыс қалыптасады, тек махаббат негізінде адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға болады, тек махаббаттан ғана махаббат туады.

  Баламен үнемі психологиялық байланыста болу -  барлық ата-аналарға бірдей дәрежеде ұсынылатын, тәрбиеге қойылатын әмбебап талап.  Нақ осы ата-ана махаббатын, үйірлігі мен қамқорлығын сезінуге және саналауға  мүмкіндік береді.

   Байланысты сақтаудың негізі – баланың өмірінде өтіп жатқанның барлығын біліп отыруға  мүдделік таныту, оның балалық, тіпті түкке тұрмайтын, аңғал проблемаларына  шынайы көңіл аудару, өсіп келе жатқан адамның жан-дүниесінде өтіп жатқан барлық  өзгерістерді қалт жібермей  біліп отыруға ынта танытушылық. Байланыс ешқашан өз-өзінен пайда болмайды, тіпті нәрестемен байланысты да қолдан құруға тиіспіз. Өзара  түсіністік, балалар мен ата-аналар  арасындағы эмоциялық байланыс туралы сөз болғанда біз қандай да бір диалог, бала мен ересек адамның бір-бірімен өзара әрекеттестігі жайлы айтамыз.

  Көзқарастар теңдігі дегеніміз – баланы тәрбиелеудегі оның белсенді рөлін мойындау.  Адам тәрбие обьектісі болмауы тиіс. Ол қашанда өзін-өзі тәрбиелеуші  белсенді субьект. Ата-ана өз баласының  жан-дүниесіне оның өз жетістіктеріне жету, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін оята алатындай дәрежесінде ғана билік жасай алады.

  Баламен қарым-қатынас жасау, оған деген жоғары сүйіспеншілігіңді көрсете білу ретінде, оның өзіне тән жеке-даралығын  үздіксіз, қажымай-талмай тани білуге сүйене отырып құрылады. Баланың ішкі әлеміне, эмоциялық жағдайына үнемі сыпайы ғана үңіліп отыру, онда болып жатқан өзгерістерді, әсіресе жан дүниесінің құрылысын сезіну – осының барлығы қай жастағы болмасын бала мен ата-ана арасындағы өзара терең түсініктің  тууына негіз қалайды.

  Баланың жеке-басын және мінез-құлық қасиеттерін теріс бағалаудан үзілді-кесілді бас тарту керек. Өкінішке орай, көпшілік ата-аналар үшін: „Неткен ұқпайтын баласың! Сааған неше рет айтуым керек”, „Сендей бірбеткей, оңбаған баланы туып нем бар еді!”, „Сенің орнында басқа біреу болса, айтқызбай-ақ ұға қояр еді!” тағы да басқа деп сөгу үйреншікті әдетке айналып кеткен.

  Ата-ана махаббатының шынайы формуласы, қабылдау формуласы – бұл „мен сені жақсы болғанын үшін ғана емес, сенің бар болғанын үшін, қандай болсаң да осы қалпында жақсы көремін”.

  Баланың қара басын емес, оның әрекеттері мен қылықтарын бағалауды авторлықты ауыстыра отырып жүзеге асырудың маңызы зор. Шынында да балаңызды икемсіз, жалқау немесе салақ деп атағаныңызбен  бала келісіп, мінезін өзгерте қоймайды. Ал егер баланың жеке басын толық мойындай отырып, оның тек қана нашар қылығын талқыға салатын болсаңыз, бала өз мінез-құлқына өзі баға беріп, дұрыс қорытынды жасай алады. Ол қателесуі де мүмкін, содан келесі жолы ерік-жігерінің әлсіздігінен неғұрлым жеңіл жолды таңдап алады, бірақ ерте ме, кеш пе, әйтеуір көздегеніне  жетеді, бұдан сіздің баламен  байланысыңызға нұқсан келтірмейді, керісінше, қол жеткен жеңіс қуанышы сіздердің ортақ қуанышыңызға  айналады.

  Ата-ананың баланың теріс бағалауға бақылау жасауы тағы мына себептен де керек: көбіне ата-ананың баласына ұрсуы мүлде басқа себептен, өзінің мінез-құлқына риза болмаушылық, ашулану немесе шаршағандықтан туындауы мүмкін. Теріс бағалаушылықтың артында әрқашанда кіналау мен ашу тұрады.  Қабылдау балалардың өз ішінде жатқан уайымына үңіле білуге, „жүректердің үндесуі” әсерінің пайда болуына мүмкіндік береді. Ашу емес, уайым, кекшілдік емес, іш тарту - өз баласын шын жақсы көретін, қабылдай алатын ата-ананың эмоциялары осындай болмақ.

 

Қазіргі уақытта ата-аналарды мазалайтын бәрінен де көрі, екі негізгі мәселе: баланың денсаулығы мен оның рухани дамуы. Баланың дамуы үшін неше түрлі топтар ашылып жатыр, дүкендерде дамытушы әдебиет толып жатыр, мазасыз аналар жаңа немесе одан да көрі тиімді дамыту бағдарламаларын іздеу үстінде. Ал балалар, өз кезектерінде, пайдалы қаражат бөлінген не бір объект, не әлеуметтік теңеу рыногында «тоуар» болды.
Өкінішке орай, ата-аналардың азы ғана балаға шынында не қажет екенін ойластырады.Ал егер ойласа да, өздеріне өзі жауап береді: "Өмірде бұл балама керек болады, ол ең жақсы мектепке бару және ең беделді университетті бітіру, және, тіпті де: ең-ең болуы тиіс!"
Мақсат игілікті, бірақ, менің ойымша, біржақты. Сірә, өз баланда болашақ данышпанды көру, жаратылыста салынған. Қай ана қызы үй қызметшісі болсын деп армандағысы келді? Ал қай әке баласын коммерциялық автобустың кондукторы ретунде көргісі келеді? Түсінікті, ата- аналар өз балаларына ең жақсысын тілейді, бірақ көбінесе, шынында жақсы болу үшін не жасау керектігін, олар өздері күңгіртті елестетеді.
Сіздің балаңыздың расында, сәтті даму жолындағы бөгеттердің бірнеше варианттарын қарастырайық.
Ата-аналар өз баласын басқалармен салыстыру бейімділігі.
Өз бала-шағасын бөтен балалармен салыстырамын деп өзіне мойындауы мүмкін, біраз ата-аналар бар, деп ойлаймын. Психологияда мұндай феномен әлеуметтік салыстыру деп аталды. Сөз жоқ, мұндай салыстыру бізге баламыз дұрыс дамып жатыр ба деп, бағыт алуға көмектеседі. Бірақ кей кейде, әлеуметтік салыстыру абсурдқа дейін жетеді. Ең таратылған көрініс – екі ана бір біріне жапа-тармағай, баласының неге қабілетті екенін айтып жатыр. Немесе мынадай ситуация: бір ана өз баласының жетістіктері туралы әнгімелеп жатыр, ал екіншісі күрсініп, ақырын сөйлейді: "Ал біз әлі санау білмейміз, және алфавиттен тек бірнеше әріп білеміз, және "р"-әрпін айта алмаймыз." Әлеуметтік салыстыру нақты бір шамада ғана пайдалы, бірақ еш қай жағдайда бала танымының негізгі құралы болмауы керек. Барлық балалар әртүрлі дамиды, және әр балада өз рекорды болуы тиіс! Міне, кеше ол тек үш түсті біліп еді, ал бүгін төрт! Және еш қай жағдайда: Маша тек үш түсті біледі, ал Аленка төртке жетті.

Баланың әрі қарай жетістігі үшін басты фактор ретіндегі, рухани даму туралы миф.
Даму жан-жақты, көп шаралы және бір қалыпты болуы тиіс екенін ата-аналары тіпті де ұмытады. Қай-бір өзгеше функцияның, қабілеттін шамадан тыс дамуы, жалпы даму көрінісін бұрмалауға әкеп соғады. Қазіргі замандағы парасат, әсіресе тоғышарда, жетістіктің негізгі кепілі репутациясына ие болады. Эмоциялық, дене дамуы жоспардың сонына кетеді, және парасаттың дамуы "бақталастан тыс" өтеді. Одан да басқа, көпшілік ата-аналар түсінігінде ерте жастағы баланың рухани қабілеті пайдаланатын сөздер көлеміне, жаттап алған әріп, цифра және тақпақтар санына апарады. Аса "күшті" ата –аналар балаларын шет тілдеріне үйрете бастайды. Бірақ ата аналардың көбісі, шынын айтқанда, нені және не үшін жасайтынын түсінбейді.
Бала зеректігі туралы миф ("бірден жауабын айтады, демек ол ақылды").
Көбінесе балалар ситуацияда тез бағыт алмағаны, қойылған сұраққа жауап бермегені және т.б. үшін, аналарының ашуын өз басынан кешіреді. Баласы бар ана автобуста келе жатыр, ал қасында егде тартқан әйел отыр, ол балаға назарын аударып: "Сенің атын кім? Неше жастасың? Бала бақшаға барасың ба?"-деп сұрайды. Баланың анасы ашуланып, балаға оның аты кім екенін сыбырлайды, қолдағы саусақтарын, «екі жас»-ты дұрыс көрсету үшін, бүктіреді. Кызық, бала міндетті түрде жауап беруі тиіс екен деп, анасы неге шешті? Ал ол мүмкін сөйлескісі келмеді? Немесе, анасы өз баласын, қайткен күнде де онға дейін санауға үйретуді шешті: "Бір, екі, үш: қайтала: бір, екі, үш, төрт.. бол тезірек". Бала үндемейді, сынап қарайды, ал содан кейін күліп шешесін құшағын жайып жүгіреді. Анасы ызаланып, итеріп жібереді, санап оқытуды жалғастырғысы келеді, ал баласы басқаны тілеп отырғанын тіпті байқамайды.
Өз баласы үшін ұялу.
Ұят қатты эмоция және қағидаларға сәйкес адам мінез-құлықтарын реттеуде ролі бар. Көп дәрежеде, ұятқа көбірек әкелерінен көрі, аналары батады. Жиірек баланың кез келген әдепсіз әрекеттеріне (баланың адамдардың көзінше, көшеде немесе дүкендегі айқайлау, мұрнын шұқу, тырналап қышыну, жыбырлау және т.б.) анасының тез ызасын келтіретінін байқауға болады. Ылғи жұлқу, зеку, ескертулер бала дамуында жақсы үлес қоспайды. Одан да басқа ата-ана өз ұятын оған таратып, баланың дұрыс дамуын байлап және кедергі жасағанын байқамай, оны ұялшақтыққа үйретеді.
Баланың ес-түссіз «қарыздар» ретінде көрінісіне, балалық шақтан «пайыздар» жиналады. Көп ата-анаға өз балақайларында өсіп жатырған тұлғаны көру қиын. Бала көбінесе тек объект қана болады. Ата-ана баласына оның тілектерін есептемей, өздері не көргісі келсе соны ендіреді. Қөбінесе, ересек тартқанда, мұндай балалар ата-аналарынан: "Мен сені өсірдім ғой! Асырадым, киіндірдім, оқыттым! Ал сен? ?!!"- дегенді естиді. Ал мына ситуацияда көбі өздерін таниды: анасы көп уақытын ас үйде өткізеді, ал баласы ас іжеуден бас тартады. Анасы көзіне жас алып қынжылады ("Мен сондай тырыстым!"). Ал шынында анасы өз үшін ғана дайындағанына түсінуі тиіс, баласы тек шырын ішкісі келді. Өкінішке орай, аналар жиі осындай қателіктер жібереді, сондықтан да шаршайды.
Балаға қатысты кінә сезімі.
Кінә сезім ең қиратушы эмоциялардың бірі. Аналар, аңқаулықпен, олар бала алдындағы кінә сезімінен қиналған болса, онда оны тым жақсы көретінің білдіреді деп, ойлайды. Кінәні жоюды ұмтылатын аналар, бала үшін бәріне әзір. Бірақ балаға ол керек па? Балаға оның қасында өзіне сенімді, байсалды ызалы қылықсыз ана болғаны дұрыс емес пе?
Сонымен, баланың рухани дамуы – ата-аналарды мазалайтын негізгі мәселе емес екенін, әркім білуге тиісті. Алдымен, ата-ана өзіне қатысты жұмыс жасау керек, баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін не керектігі екені, сонда оларға түсінікті болады. Бала губка сияқты, ата-аналарынан бәрін бойына сіңдіреді. Ерте жастағы бала үшін, арнайы жаттығулар мен сабақтар мүмкін қажет шығар, бірақ баланың дамуында басты факторы болып, үлкендермен әрекетте қарым қатынас пен араласу болып қалады. Тұрмыстық жағдайдағы кез келген спонтандық сабақтар бірнеше арнайы сабақтарға теңестіріледі. Мысалы, екі жасар баламен столға отырып, әріп үйрете бастау мағынасыз болады. Әріптер үйдің ішінде немесе кітап оқығанда, дүкен маңдайшаларында ілініп қойылса, әліпбиді үғу аса тиімді болады. Тұрмыстық дағдыны үйрету ағымды қызметте де жеңіл болады. Көп аналар балаларды күніне екі рет тіс тазартуға, киінуге, унитаздың суын жіберуге, өз колготкилерін, еденді және ыдыс- аяқты жууға, қалай үйрету керек деп сұрайды. Дұрысында балаға оны өзі уйренуге кедергі жасамау керек.
Бір жарым жастағы бала кір жуу кезінде анасына жабысқан баолса, ол оның көңілін басқа жаққа аударуға тырысып, оған ойыншық береді, манежге отырғызады,немесе отбасы мүшелерін онымен ойнай түруды сұрайды. Ал ол үйренуге дайын! Оған кір жуу кезінде қатысу қажет! Егер анасына «көмектесуге» балаға мүмкіндік берілсе, онда қарапайым тұрмыстық дағдыларды үйренуіне қам жемейтін боласыз.
Мұрынды шұқылау сияқты, зиянды әдеттерді де балалар ата-аналарынан үйренеді. Келбет, жүріс, мимика, ым, сөйлеу тілі, жаман және пайдалы әдеттер – осылардың бәрі ата-аналардан тергеусіз-ақ алынады. "Ылғи шындықты айту керек"-деп айту, балаға бірденені уәде жасап, сосын сөзде тұрмаса, немесе баланың көзінше «істің пайдасы үшін» деп өтірік қосып жіберсе, бекер болады. Егер ата-анасын кітаппен сирек көретін болса,онда баланы оқытуға үйрету қиын. Баланызға нағыз араласуды қамтамасыз етіңіз, ызылдаған шыбыннан сияқты баланыздан қашпаңыз, қай жаста болсада балаңыздың пікірін құрметтеңіз. Есінізде болсын, бала өзі дамуға беттеген. Баланы дамуға тырыспаңыз, оның жан-жақты және бір қалыпты дамуына қолайлы жағдайлар жасау қажет.