№54 негізгі мектебінің жанынан ашылған «Абылай» шағын орталығының тәрбиешісі Туремуратова А.Л.
Ақтөбе облысы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Сүлгіні әшекейлеу.
Максаты: Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дұрыс орналастыра білуге үйрету,сүлгіннің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру.Эстетикалық тәрбие беру.
Қолданылатын көрнекі құрал: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар,қылқалам,мөртаңба.
Сөздік жұмыс: Сүлгі-полотенца
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші бүгін қонаққа қуыршақ Алма келгендігін айтады.Қуыршақ алма жақында әжесінің туған күні екенін,әжесіне сүлгі сыйлағысы келетінін ,сол сүлгіні әшекейлеуге балалардың көмектесулерін сұрайды. Балалардан сүлгіні не үшін қажет екенін ,оны қалай пайдалану керектігін сұрайды.
Тәрбиеші сүлгіні төртбұрышты, үшбұрышты өрнектермен өрнектеуге болатынын түсіндіреді.
Сөздік жұмыс жүргізеді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Тәрбиеші Алманың әжесіне сый ретінде бергісі келетін сүлгіні әшекейлеуді ұсынады.
Берілген дайын тік төртбұрышты пішіннің(сүлгі) екі шетіне өздері қалаған түстерді пайдаланып, төртбұрышты өрнектерді қылқалам көмегімен салу тәсілін түсіндіреді.Сүлгінің дәл ортасына үшбұрышты мөртаңбамен салу тәсілін де пайдалануға болады.Сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықтармен жүргізуді,сызықтарды қалай сызу керектігін ,қысқа әрі бірдей болуын қадағалайды.
Сергіту сәті:
Ақ матадай түгі бар
Қызыл-жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы-
Сүлгі деген осы.
Рефлексиялық түзетушілік
Алма балалардың әдемі сүлгі салғандарына тоқталып, өздерінен қандай өрнек пайдаланғандарын сұрайды.
Сүлгіні әжесіне сыйлап,қуантатынын айтып, балаларға алғыс білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сүлгінің әртүрлілерін,тазалық үшін маңызын.
Игереді: маңайындағы адамдарға,достарға көмек көрсету қажеттігін.
Меңгереді:қылқаламды,мөртаңбаны пайдаланып сүлгіні әшекейлеу білуді.