7 мамыр ашық тәрбие сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі. (сценарий)


( Қыздар ортаға қатармен шығады)


Мадина; Солға, Реттік санмен санал, 1 қатардағылар үш қадам алға, бір орында айнал

Жолдас командир кешімізді бастауға рұқсат етіңіз

Бекжан ағай; Рұқсат


1-Жүргізуші:

Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.


2-Жүргізуші:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты сыныптас жігіттерге

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. (шапалақ)


Құрметті ата-аналар ,біздің мектептің ұстаздары,сыныптас жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін ---------------------- -------------------береміз.


1-Жүргізуші:

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!


6 «Г» сынып қыздарының орындауындағы Атамекен әні қабыл алыңыздар.

2-Жүргізуші:

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!-дей отырып Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу.

( музык ойналады ,ұыздар гүл шоғын қойып орындарына жайғасады)


2-Жүргізуші:

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп 5 «Г» сыныбының жігіттерін шын жүректен құттықтаймыз!


Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,

Әнге толсын, күйге толсын кештерің,

Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол соғады барша әріптестерің – деп, сіздердің құрметтеріңізге Алия әні.


1-Жүргізуші:

Талыбын адамдықтың бір бұзбадың,

Ұяңнан түлеп ұшар ұл-қыздарың.

Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,

Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей Бекжан ағай мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!


Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті ----------------------------- биіне береміз.


2-Жүргізуші:

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,

Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.

Ризамыз пейіліңе дархан аға,

Айырмасын шаттықтан қайран өмір – дей отырып Бауыржан Момышұлы атамыздың өсиетін тыңдайық

(Бауыржан Момышұлының видеос қойылады)


1-Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- дей отырып ------------------ биін қабыл алыңыздар!


2-Жүргізуші:

Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.


.Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!


Жігітерге сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер