Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аманқарағай ауылы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Багыткуль Какимбекқызы Дощанова
«Жасыл шырша жанында»
Жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар! Міне көптен күткен қыс мезгіліде ортамызға келіп жетті. Жер үсті аппақ қарға оранды. Ағаштар ақ көрпесін жамылды. Қыс айында бәріміз асыға күтетін тамаша бір мереке бар. Ол мереке-жаңа жыл. Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шырша түбіне барлығымыз жиналып отырмыз. Сіздерді Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жылда жаңа бақыт, отбасына амандық,саулық тілейміз.Ұлдарымыз ержүрек, қыздарымыз инабатты болсын. Жаңа жыл құт береке, ырыс әкелсін.
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы .... береміз.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
Клоун:Сәлем бердік, көп бала,
Қыз бала мен ербала
Мені танитың шығарсыңдар?
Балалар: Иә
Клоун:Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз. Сендермен би билеп, ән айтып, қызықты ойындар ойнаймын.
(Клоун шыршаны айналып әндетіп жүреді)
Клоун:
Саз болады, ән болады,
Кеш ойынға толады,
Өте қызық оқиғалар
Бүгін есте қалады.
Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хор «Жаңа жыл жыры»
Клоун:Балалар! Мен сендермен қызықты бір ойын ойнағым келіп тұрмын. Ойын «Сиқырлы шырша» деп аталады. Балалар шыршалар биік, аласа, жуан және жіңішке болады.
Ойынның ережесі: Биік десем қолдарыңды жоғары көтересіңдер;
Аласа отырамыз;
Жуан бір қадам артқа;
Жіңішке бір қадам алға жақындаймыз.
Ойын: «Сиқырлы шырша».
Клоун:
Біірақ біреу жетпейді, қарайық!
Келіңдер оны шақырайық,
Қосылып айқайлайық,
Кім қаттырақ, халайық,
Дауыс қосып бәріміз
Айқайлайық қайта - қайта
(Залда жарық сөнеді, ал ол қайта жанғанда сахнада Жезтырнақ кемпір мен Қарақшы пайда болады.)
Жезтырнақ кемпір: Асықсаңшы сен! Кешігеміз ғой, үлгермейміз. Мен қазір Ақшақармын және сен Қарақшы емессің, сен Аяз атасың. Есіңе сақтап алдың ба? Байқа, шатастырып алма.
Қарақшы: Ой, балақайлар! Бәрі сондай әсемденіп жасанған! Аяз ата мен Ақшақарды күтіп жүрген болар, шамасы! Аһа, күтіңдер, күтіңдер! Біз қазір сендерге тамаша мейрам жасап береміз! Мәңгі естеріңде сақтайтын боласыңдар!
Жезтырнақ кемпір: Тыныш сөйле сен! Назар аудар, операцияны бастаймыз! Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! (Қарақшыға) Айтсайшы бірдеңені!
Қарақшы:Ал егер не айтарымды білмесем ше?
Жезтырнақ кемпір: Сен немене, бұрын ешқашан балалар мерекесінде болған емессің бе?
Қарақшы:Мен!? Мені кім ол жаққа жібереді екен?! Мен бала кезімде масқара бұзық болғанмын!
Жезтырнақ кемпір:Біз Аяз ата екеуміз сендерге мерекеге келдік. Ей Аяз ата, шыршаны тұтататын уақыт болды!
Қарақшы:Шыршаны? Ал неге? Ол сондай сұлу! Маған ұнайды.
Жезтырнақ кемпір:Солай болуға тиіс, жаңа жылдық мейрамда шырша жанып тұрады!
Қарақшы: Мейлі, солай болуға тиіс болса болсын. Менің нем кетеді?! Жағып жіберу керек болса, жағып жіберейік!
Жезтырнақ кемпір:Ей сен не істегелі жатырсың, ата-ау.(Сіріңкені тартып алады) Сен, немене, бізді өрт сөндірушілер мерекеден қуып шықсын деп тұрсың ба?! Ондай жағдайда біздің сыйлықты көрмей кетеріміз анық! Шыршаны сіріңкемен тұтатпайды.
Қарақшы:А-а-а! Бірден солай айтпайсыңдар ма!
Жезтырнақ кемпір:Ал енді, келіңдер, бәріміз бірлесіп байқап көрейік. «Бір, екі, үш сан! Жасыл шырша тұтан!» Ой неге жанбады. Ендеше, балақайлар ойын ойнаймыз.
Қарақшы:Ойнау! Оның үстіне балалармен! Біз бұлай келіскен жоқ болатынбыз! Менің басым шұрық тесік... Яғни мұз басқан! Ой есесіне жақсы естимін. Міне қазір әлдекімнің келе жатқанын естіп тұрмын...
(Залға Жапалақ қар ханшайым мен Алдар Көсе кіреді)
Алдар Көсе:Сәлемет пе, балалар!
Аулада аяз болғанда
Бар ағаш күміс жамылар,
Шырша отпен гүлденер,
Демек, Жаңа жыл келер!
Жапалақ қар ханшайым:Сендерді Жаңа жылмен бірінші болып құттықтасақ деп, біз өте асықтық. Біз әдейі ерте келдік, біздің қымбатты қонақтарымыз Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алу рәсімін дайындайық деп.
Алдар Көсе:Ой, ханшайым, қара, олар әлден келіп қойыпты ғой...
Жапалақ қар ханшайым: Сәлемет пе, ата! Бірақ, айтыңызшы, қалай бізден озып кете алдыңыздар?
Қарақшы:Мен ештеңеден озып кеткен жоқпын, мен ұдайы осында болдым.
Алдар Көсе:Ал мынау кім? Ақшақар?... Осындай абадай тырнақтарымен әрі өздері тіпті жуылмаған?
Жезтырнақ кемпірАқшақар, Ақшақар, көрмей тұрмысың, немене?
Алдар Көсе:Мұнда бір кілтипан бар! Сен Аяз ата болғанда, сенің қызыл мұрнын қайда?
Қарақшы:Міне, қара! Қызыл ма? Қызыл!
Алдар Көсе:Ал егер сен Аяз ата болғанда, сенің сақалың қайда?
Қарақшы:Сақал, қандай сақал? (Жезтырнақ оның құлағына бірдеңе сыбырлайды.) Ах, сақал ма!? Қырып тастадым, сақал қою модадан шығып кеткен!
Жапалақ қар ханшайым: Ал мынау неткен оғаш Ақшақар!? Ол, менің есімде, сұлу және жас болатын, ал мынау...
Жезтырнақ кемпір: Иә, жас емеспін... Ал мен қалай жас болмақпын? Үш жүз жылдан бері Ақшақар болып істеймін, демалыс алмай, тынбай... Күні-түні әрекеттенемін, балаларды көңілдендіремін! Тым болмаса біреу рахмет айтса ғой! Міне қазір өкпелеймін де, сендерден кетіп қаламын! Сонда ешқандай мейрам да болмайды!
Қарақшы:Мені де ренжіттіңдер! Менің сақалым бұларға ұнамай қалыпты! Ендеше, балаларды өздерің көңілдендіріңдер!
(Кетіп бара жатқан түр көрсетеді)
Алдар Көсе:Мен мұның нағыз Аяз ата емес екенін бірден түсіндім!
Жапалақ қар ханшайым: Ал нағыз өзі қайда?
Алдар Көсе:Міне біз бұны анықтауымыз керек. Менің ойымша, жол бойында Аяз атаға шабуыл жасап, тонын шешіп, асатаяғы мен шанасын тартып алған.
Жапалақ қар ханшайым:Демек, тон мен асатаяқты тартып алу керек. Бірақ қалай?
Алдар Көсе:Айламен алдап аламыз. Ал балалар бізге көмектеседі! Сендер Аяз атаның келгенін қалайсыңдар ғой? Естімей тұрмын! (Балалар айқайлайды) Ендеше тыңдаңдар да естеріңе сақтаңдар.
Біз қазір бәріміз ойын ойнаймыз. Балалардың бір бөлігі суық желді бейнелейді. Басқалары желден майысқан ағашқа айналады. Ал ең кішкентайлары жапалақ қар болады. Ал ересектеу балалар-ашулы қасқыр болады.
Жапалақ қар ханшайым:Ал содан кейін?
Алдар Көсе:Тс-с! Бұл құпия! Аяз ата мен Ақшақар! Қайдасыңдар сендер? Ау!
Жезтырнақ кемпір мен Қарақшы:Не керек саған?
Алдар Көсе:Иә, сендерді шақырсақ деп шештік.
Жапалақ қар ханшайым:Сендерсіз бізде мереке дұрыс болмайды!
Жезтырнақ кемпір: Міне мәселе қайда! Әйтпесе-кәрі деп!
Алдар Көсе:Мынадай бір ойын бар, «Аязбек» деп аталады.
Алдар Көсе:Сонымен. Бірде қысқы орман ішінде қатты жел соқты. Ағаштар майысып, шуылдады. Қар жауды. Суық түсіп, тіпті ашулы қасқырлардың өзі аяздан ұлып қоя берді. (Қарақшы тоңа бастады) Ал жел минут өткен сайын қатты соға түсті, ағаштар қаттырақ шуылдады, ал қар қалың боп жауа берді, ал қасқырлар мүлдем қатып қалды да, ызалы болып кетті...
Қарақшы:Мен сені түсінбей тұрмын, Алдар Көсе! Сенің үстіңдегі тесік шапан, жел өтпейтін жері жоқ, ал саған ыстық? Ал менің үстімде мынандай тон бар, бірақ неге екенін, маған суық, бұл қалай?
Алдар Көсе:Өйткені менің шапаным сиқырлы, ал сенің тоның кәдімгі жәй шапан. Менің шапаным жазда салқын, қыста ыстық. Ал сенің тоның не! Жазда –ыстық, ал қыста-суық, түк пайдасы жоқ!
Қарақшы:Кел алмастырайық!
Алдар Көсе:Жоқ! Ештеңеге де!
Қарақшы:Ал мен саған асатаяғымды қосып берем.
(Қарақшы шапанын шешіп, асатаяқты да береді)
Алдар Көсе:Біз ұттық! Міне сендер енді қолға түстіңдер!
Жезтырнақ кемпір:Ех, неге ғана мен сені сыбайластыққа алдым екен!? Құрыды біздің сыйлықтарымыз! Кешіріңіздер енді бұл істі қайталамаймыз. Біз сендермен бірге Жаңа жыл мерекесін бірге тойлағымыз келеді.
Алдар Көсе:Балалар кешіреміз бе?
Балалар: Иә
Жапалақ қар ханшайым: Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Аяз ата! Ақшақар!Аяз ата! Ақшақар!Аяз ата! Ақшақар!
Жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.
(Музыка ойналады, Аяз ата менАқшақар кіреді )
Аяз Ата:
Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Халдеріңді білуге
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалды.
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, өтіп кеткен Қой жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Мешін жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Жапалақ қар ханшайым:
Құрметпен көп тосқан
Келді Аяз атамыз
Келіңдер,кел, достар,
Қазір ән айтамыз.
Хор: Аяз ата
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
Аяз ата:Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Шырша жарқыра деп 3 рет айту.
Балалар: Шырша жарқыра!(3 рет айту керек)
(Шырша жарқырайды, салют атылады, балалар қолдарын шапалақтайды.)
Аяз ата:Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Хор «Жаңа жыл жыры»
(билеп жатқанда ескі жыл шығады)
Қой жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2016 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Хош сау болыңдар, балалар.
Барлығы: Қош болыңыз, қош болыңыз.
(Қой жылы балалармен қоштасып, шығады,)
Аяз Ата: (Сағатына қарап) Жаңа жылды қарсы алатың да кез келді.
(осы кезде сағаттың даусы естіледі 12 оосоғылады,сағат куранты, салют атылады)
Аяз ата:(Оқушыларға тілек айтады)
Жаңа 2016 жыл құтты болсын! Жаңа жыл әр үйдің отбасына береке, бірлік, қуаныш әкелсін!
(мешін жылы қуанып кіріп келеді)
Мешін: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл. Саған арнап, балалар «Жаңа жыл» әнін тарту етеді.
Хор: «Жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді.)
Аяз ата: Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Мешін: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Аяз ата:Жаңа жылдық мерекеге қанша балалар келген. Кім өлең айтса, кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар? Ақшақар маған көмектес.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар.Өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмай, әрі қарай самғасын. Кәне, Ақшақар, сыйлықтарыңнан үлестіріп жібер балаларға.
Ақшақар:сыйға ән тарту.
Ақшақар:Бишілерді би-билеуге шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерді ырғалтып, би билетіп,
Қол соғып шыңға самғатайық.
Мешін:Мен білемін бір ойын
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал сендер
Аяқтаңдар ойынды.
«Сиқырлы қорап» ойыны
Аяз ата:- Ал, айналайын! Бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен. Соны көрейік.
Аяз ата:Жарайсыңдар, балалар. Өнерлерің өрге жүзсін. Оқушының алды болыңдар.
Ақшақар:Ал балалар, балалар
Құлақ қойып тыңдаңдар,
Жасыл шырша жанында
Жаңа жылды қарсы алып,
Үйректер биін билейік.
Би: «Көңілді үйректер»
Аяз ата:Оқушылардың өнерлерін көріп, «Жаңа жылдық» вальс тамашалағым келеді.
Ақшақар:
Келіңдер,кел, достар,
Қазір ән айтамыз.
Хор: Топ-топ басайық!
Ойын: «Пима» (Аяз атамен бірге Сайқымазақ «Пима» ойының ойнатады.)
Аяз Ата:-Ал, балаларым, рұқсат болса мен кетейін. Мені басқа жерде де балалар күтіп отыр. Әрқашанда осындай жүздерің жайнаған, бақытты балалар болыңдар.
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:- Иә, балалар сіздермен кешті тамаша өткіздік. Келесі жылға дейін, сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарыңды қуанта беріңдер.
Сау болыңдар, балалар
Аман есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші:Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
Енді «жұлдыздар тобын» қарсы алайық.
Жүргізуші:
Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!