Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
19.09.2012ж
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі:Экология.
Тақырыбы:Тірі және өлі табиғат.
Мақсаты: Балаларды табиғат нысандарын адам қолымен жасалған заттардан,тірі табиғат нысандарын өлі табиғат нысандарынан ажырата білуге үйрету.Адамның табиғатпен үздіксіз байланыста болатынын түсіндіру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Қолданатын көрнекілік:.тақырыпқа байланысты суреттер.
Билингвистикалық компонент: тас-камень
Тау-гора
Гүл-цветок
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
Ұйымдастырушылық
ізденімпаздық
Рефлексивті коррекциялаушы
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Дидактикалық ойын: «Бұл не?»
Мақсаты:Суреттегі заттарды анық атап айта білуге үйрету.
М.Әлімбаевтың «Туған жерім тамаша» өлеңін балаларға мәнерлеп оқып беру.
О,алақай,туған жер!
Жақсы-ау,бақша –бауларың!
Көзге ыстық көрінер
Сенің асқар тауларың,
Туған жердің жырларын.
Қызғалдақтай терейік,
Кең өлкенің қырларын.
Жүр,аралап келейік!
Жүр,аралап келейік!
-Табиғат дегеніміз не?
Табиғат деген бізді қоршаған орта.Олар тау,тас,ауа,қар,бұлт.
Табиғат қандай түрлерге бөлінеді?
Тірі және өлі табиғат.
Тірі табиғат деп нені айтамыз?
Тірі табиғат деп өсіп-өнетін,көбейетіндерді тірі табиғат деп атаймыз.
Өлі табиғат деп нені айтамыз?
Өлі табиғат өспейді.
-Балалар тақпақ не туралы айтылған?
-Өлеңде тауды неге балаған ?
-Не терейік дейді?
-Нені аралап келейік дейді?
Олай болса балалар бұның бәрі туған жердің табиғат берген ғажайыптары.Асқар таулар табиғат жасаған нысандар.Бұлар өлі табиғатқа жатады екен.Ал гүлдер,бау-бақшалар бұлар тірі табиғат,онда ұшып жүрген әсем көбелектер,сайраған бұлбұл құстар ,сылдырап аққан бұлақ сулары бұлардың барлығы тір табиғатқа жатады.Сонымен қатар адамдардың қолымен жасаған неше түрлі тас мүсіндері де өлі табиғатқа жатады.Тірі табиғаттың адам өмірінде алатын орны зор.тірі табиғат адам өміріне сәнде,нәрде береді.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Ортаға жинап,сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылау.
Туған жеріміз туралы айтылған.
Биікке.
Қызғалдақ терейік дейді.
Кең даланы аралап келейік дейді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Балалар табиғат нысандарын адам қолымен жасалған заттардан,тірі табиғат нысандарын өлі табиғат нысандарынан ажырата білді
Нені игерді: Адамның табиғатпен үздіксіз байланыста болатынын түсінді.
Нені үйренді:тірі және өлі табиғат туралы түсініктері қалыптасты.