5 түзету сыныбына ашық тәрбие сағаты «Қазақ хандығына 550жыл»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 арнайы түзету мектеп интернаты











Ашық тәрбие сағаты:


«Қазақ хандығына 550жыл»










Орындаған: Калиева Г.К












Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығына 550жыл»


Тәрбие сағатының мақсаттары:

Білімдік: Оқушыларды қазақ хандығының 550жыл тарихымен таныстыру. Қазақ елінің мәңгілік елге айналу идеясын насихаттап, халқымыздың өнегелі қолбасшы, ержүрек хандарымыз туралы мағлұмат беру.

Түзете-дамытушылық: Оқушыларды тақырыпты түсініп талдауға, ойларын ашық білуге баулу; ізденіс әрекеттерін, ойлау, дұрыс сойлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын емін-еркін жеткізе алуға үйрету, есте сақтау қабілетін арттыру, таным белсенділігін дамыту, саусақ бұлшық еттерін дамыту, т.б.

Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, ұлттық сезімдерін ояту,

Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Хандарымыздың суреттері, бейне материалдар, буклет

«Абылай ханның ескерткіштері, қорымы, жерленген жері», оқушылар шығармашылығы, т.б.

Пәнаралық байланысы: Бейнелеу өнері, тарих, қазақ әдебиеті, дуниетану.

Қолданылатын стратегия: «Венн сызбасы», «Сөзжұмбақ», «Ой шақыру» сұрақтары.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушыларды түгелдеу.

ә) Келген қонақтармен амандасу

б) Психологиялық дайындық

в) Оқушыларды сабаққа зейінін аудару.


ІІ. Жаңа сабақ кезеңі: Кіріспе сөз.

ІІІ. Бейне материал: Ұлы данышпан, ержүрек хандарымыз»

ІV. Тірек сызбалармен жұмыс:

V. Бейне материал: «Тарихи деректерге шолу»:

VІ. Жан-жақты сабақты пысықтау кезеңі:

VІІ. «Суреттер сөйлейді»

VІІІ.Сөзжұмбақ: «Рәміздер»

ІХ. Оқушыларға батырлық, отан туралы тақпақ, мақал-мәтелдерін айтқызу;

а) Сурет қималарынан бір бүтін сурет жинау;

Х. «Кім көп біледі?».

ХІ. Қорытынды:






Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар сабағымызды бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық.

-Енді мына тақтаға қарайықшы.

-Мынау ненің суреті?

-Жоғары қараңдаршы. Не тұр?

-Шаңырақ.

-Иә, балалар, осы шаңырақтың астында барлығымыз өмір сүріп жатырмыз. Мен сендердің аналарыңмын, ал сендер менің балаларымсыңдар. Ендеше, біз бір отбасын құраймыз. Осы шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүру – біздің міндетіміз.

-Енді балалар, желтоқсан айында қандай мереке бар? /»Тәуелсіздік» мерекесі/

-«Тәуелсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ұлттарың кім?

-Осы «Қазақ» атауы – бостандық сүйгіш, ер жүрек, еркін адамдар деген мағына береді екен.

Осы тәуелсіздік жолында біздің қаншама батыр ата-бабаларымыз өз өмірлерін құрбан етті. Қазақ жері өте үлкен және бай болған. Сол кездің өзінде қазақ жерін тартып аламыз деп жоңғарлар елімізге шабуыл жасаған екен, жерімізді аман алып қаламыз деп, елді басқарған хандар, билер, батырлар өз өмірлерін құрбан еткен.

ІІ. Жаңа сабақ кезеңі:

-Міне балалар, бүгінгі сабағымыз осы данышпан, біртуар ұлы ата-бабаларымызға, ержүрек хандарымызға арналады. Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл», - деп аталады.

-Балалар, мына бейне материалға қараңдаршы.

-Кімдердің бейнесі бейнеленген? /ата-бабаларымыздың, ұлы хандардың бейнесі/

ІІІ. Бейне материал: «Ұлы данышпан, ержүрек хандарымыз»

-Балалар, биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Белгілі ғалымдар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегіне сүйене отырып, 1465ж тоқталады. Қазақ мемлекетінің дүниеге келуін Керей мен Жәнібек хандармен байланыстырады.

Осыдан бес ғасыр бұрын, Көк орда билеушісі орыс хандығының ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға бағынбай, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасты атты қоныста алғаш хандық туын көтеріп, тұңғыш тәуелсіз Қазақ хандығын құрды. Туған жер үшін, ел үшін хандарымыз, батырларымыз айқасып, халық бірлігін сақтап, нығайтты. Жан-жақтан «Солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, оның қол астындағы башқұрт, қалмақтардың, Шығыстан – жоңғарлардың, Оңтүстіктен – Орта Азия хандықтары саяси қысым жасаған. Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кеті қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды.

Сол кездің өзінде халқымыздың болашағы үшін бүкіл күш-жігерін ержүрек, батыр ата-бабаларымыз, хандарымыз тәуелсіздікті сақтап қалды.


-Енді балалар, мына суретте кімнің бейнесі бейнеленген?


Абылай хан – қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі қолбасшы, ірі тұлға. 1711ж Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның шын аты – Әбілмансұр. Қалмақтармен соғыстарда көрсеткен ерлігі үшін халық оны Абылай деп атаған. 1771ж Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін Абылай хан болды.

Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Ерте кезде қазақтар руға бөлініп, бастары бірікпей, елге қауіп төнгенде, Абылай хан үш биді елдің басын біріктіруге шақырған. Абылай өзінің білгір ішкі, сыртқы саясатымен Қазақ хандығын мықты да тұтас мелекетке айналдырды. Абылай хан билік құрған кезеңде мемлекет шекарасы одан әрі кеңейді. Қазақ халқының мерейі тасып, рухы көтерілді. Зерделі саясаткер, білімді дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты – мемлекетті нығайту, қазақ халқын аман сақтап қалу. Ол дұшпандардан қорғану үшін үш жүздің басын біріктірді.

Абылайдың алыстан болжағыш қасиеті ерекше еді. Ол біртұтас қазақ мемлекетін құрды. Көрші елдермен экономикалық, саяси байланысты да нығайтудың қажет екенін білді. Осы кезде бүкіл қазақтың жақсылары Абылайды ұлттың азаттығын сақтайтын тұлға деп таныды. Хан деген атаққа ие болды.


-Ал мына аталар кімдер?


-Біздің үш биіміз, олар сол кездегі ел басқарған хандарға кеңес берген.


-Төле би – төбе би. 1682ж туып, 1766ж қайтыс болған. Ол қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы жүздің ұлы биі.


-Қаз дауысты Қазыбек би. 1659ж туып, 1767ж қайтыс болған. Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәмлегер, Орта жүздің бас биі.


-Әйтеке би. 1685ж туып, 1766ж қайтыс болған. Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі, мемлекет қайраткері.









[pic]













ІV. Тірек сызбалармен жұмыс:


Абылай ханның қасиеттерін «Ой шақыру» арқылы айтайық.





Абылайдың бала кезінен бастап аттары:

Абылай – жоңғарлардан қазақ жерін азат етуде аса ірі қолбасшы, ұлы хан болған.


Қазақтың хан сайлауы. Хан мен президент қалай сайланады екен?

Венн сызбасы бойынша ауызша сұрақ-жауап.

ХАН ПРЕЗИДЕНТ


-Сонымен балалар, бүгінгі таңда халықты президент басқарса, кешегі хандық дәуірде халықты «хан» басқарған.


V. Бейне материал: «Тарихи деректерге шолу»:

Қазақтың ата заңдары: «Қасым ханның қасқа жолы»,

«Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның « жеті жарғысы» туралы

VІ. Жан-жақты сабақты пысықтау кезеңі:

VІІ. «Суреттер сөйлейді»/хандардың ескерткіштерін тану/


  1. Алғашқы ұлттық теңгемізде кімнің бейнесі. /Абылай хан /

  2. Бұл кімге және қай жерде қойылған ескерткіш?/Жалаңтөс Бахадүр/

  3. Мына ескерткіш қай ұлы тұлғаларға арнап қойылған?/Абылай хан/


VІІІ. Сөзжұмбақ: «Рәміздер»


  1. Сап түзеген қаз-қатар,

Сарбаз ба беп қаласың.

Кездеседі – аң мен құс,

Араласаң арасын. /орман/

  1. Айдарлы ағам, таң атпай,

Айқайлайды. /әтеш/


  1. Қалқан боп сұқ саусаққа,

Тұратын таңмын бір затқа. /оймақ/

  1. Жақындасаң жобалап,

Жата қалады домалап. /кірпі/

  1. Қайқы ағашқа қар жұқпас. /мүйіз/

  2. Шашып алып сынапты түн ішінде,

Күндіз таба алмадым біреуін де. /жұлдыз/

  1. Қашсам –құтылмадым,

Ұстасам – қолыма тұтылмадың. /көлеңке/

  1. Сәуле шашып маңайға,

Үш шырағы жанып тұр.

Кезекпенен жағылып,

Бағытқа жол салып тұр. /бағдаршам/











ІХ. Оқушыларға батырлық, отан туралы тақпақ, мақал-мәтелдерін айтқызу;

Х. «Кім көп біледі?».

ХІ. Қорытынды:


ІХ. Оқушыларға батырлық, отан туралы тақпақ, мақал-мәтелдерін айтқызу.

жер!


  1. Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен.

Қазақтың жерін сақтап қалып,

Ұрпағына аманат етті.

  1. Күресінде азаттық

Туы астында Абылай

Батырлары қазақтың

Қаракерей қабанбай

Қанжығалы Бөгенбай

Шапырашты Наурызбай

Шақшақұлы Жәнібек

Айқасқанда аянбай.

  1. Мына өлке, мына аймақ,

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға.

Шүкірлік етемін қашанда,

Осы бір Отанда тұрғанда.

  1. Отан – таңның арайы,

Күн нұрынан тараған.

Отан – бақыт сарайы,

Ел қызығып қараған.

  1. Соның бірі шет қалып,

Жүрген бұрын танылмай

Он бес жаста бата алып

Жауға шапқан Қабанбай

  1. Ата жауды жоңғардың

Билігіне бағынбай

Тұңғыш кесіп жолдарын

Тауын жыққан Абылай!

  1. Алысқа көз тастаған

Болашақты бағамдай

Халқын алға бастаған

Қазақ ханы Абылай!

  1. Қазақстан туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге

Көк туымды желбіретем.

Мақал-мәтелдер:

  1. Елден аспақ болса да,

Елден безген жоқ.

  1. Туған жердің қадірін,

Шетте жүріп білерсің.

  1. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат,

Ал төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.

  1. Ер туған елінде.

  2. Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің.

  1. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

  2. Отан – оттанда ыстық.

  3. Ердің көркі – елімен,

Отан көркі – жерімен.


а) Сурет қималарынан бір бүтін сурет жинау;


Х. «Кім көп біледі?».

-Мұқият тыңдап, дұрыс жауап беріңдер.

  1. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл толды? /550ж/

  2. Қазақ хандығы қай жылы құрылған? /1465ж /

  3. Абылай кім?

  4. Хандықтың құрылуын кім басқарған?/ Керей мен Жәнібек/

  5. Қазақ хандығы қай жүздерден құралған? /ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз/

  6. Қазақтардың басын қосушы тұлғаны ата?/Абылай/

  7. Қазақ халқының ұлы батыры және соңғы ханы кім? /Кенесары/


Х. Қорытынды: /көрнекілікпен жұмыс/


Еліміздің тарихын білу біздің парызымыз. Тарихшы болу міндет емес, ал кез келген азамат өзінің тарихын білуге міндетті. Біздің өткен өміріміз, кешегі күніміз – тарих. Ұлы даланың қас перзенті – қазақ халқының азаттық жолындағы қасиетті күресінің асыл шежіресі, сол жолда елін бастап, ту көтерген бабаларымыздың өшпес есімдері біз үшін қашанда қымбат. Еліміздің болашағын жалғастырушы, білімді, үлгілі, ұқыпты тұлға болыңдар. Сондықтан қазақтың тарихын, дәстүрін, салтын, әдет-ғұрпын ұмытпай, білуге, түсінуге, қадірлеуге үйреніп, еске сақтап жүрейік.


-Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым, мұң тілімен.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім, - сабағымызды аяқтаймыз.



















Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен.

Қазақтың жерін сақтап қалып,

Ұрпағына аманат етті.


Күресінде азаттық

Туы астында Абылай

Батырлары қазақтың

Қаракерей қабанбай

Қанжығалы Бөгенбай

Шапырашты Наурызбай

Шақшақұлы Жәнібек

Айқасқанда аянбай.


Мына өлке, мына аймақ,

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға.

Шүкірлік етемін қашанда,

Осы бір Отанда тұрғанда.


Отан – таңның арайы,

Күн нұрынан тараған.

Отан – бақыт сарайы,

Ел қызығып қараған.


Соның бірі шет қалып,

Жүрген бұрын танылмай

Он бес жаста бата алып

Жауға шапқан Қабанбай


Ата жауды жоңғардың

Билігіне бағынбай

Тұңғыш кесіп жолдарын

Тауын жыққан Абылай!


Алысқа көз тастаған

Болашақты бағамдай

Халқын алға бастаған

Қазақ ханы Абылай!


Қазақстан туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге

Көк туымды желбіретем.