Тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының талдамасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


2016-2017 оқу жылының І тоқсанында 5 «А» сыныбында атқарылған тәрбиелік шаралардың талдамасы.

5 «А» сынып оқушыларының саны-10,оның ішінде қыз бала-5, ер бала -5,оқу озаты-3,екпіндісі-2.Сыныптың оқу сапасы-50%,үлгірімі-100%.Сынып оқушылары бір-бірімен тату тәтті,ұжым қалыптасқан және өзіндік ерекшеліктері бар.
2016-2017 оқу жылының І тоқсанына 5 «а» сынып білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жас ерекшеліктері ескеріле отырып,жоспарланды,тәрбиелік іс шараларға белсене қызығушылықпен қатысты.

  1. «Ұйымдастыру шаралары және талдау-диагностикалау қызметі» бағыты

Оқу жылының басында сынып оқушылары туралы ақпарат жиналып және талдау жасалынды.

Сонымен қатар, сынып жетекші, мектеп медбикесі және психологы оқушылардың даму деңгейін анықтау үшін түрлі тұлғалық-бағдарлық көзқарас негізінде әрбір баланың дамуы мен тәрбиесі білу мақсатында сауалнамалар, тренингтер,кездесулер мен зерттеулер жасалды.

Сынып оқушыларының қоршаған ортасы мен отбасын анықтау барысында социометриялық зерттеулер жасалынды. Оқу жылының басында сынып белсенділері тағайындалды,әр оқушыға міндеттері айтылды.

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.Этникалық мәдениет.

Өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету және

азамат-патриоттық егемен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие-білім беру жүйелері жағдайында тұлғаны этникаландыру мақсатында төмендегідей іс шаралар жүргізілді:

алғашқы сабақ «Мен Отанымның патриотымын»;

«Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі», әр сейсенбі күндері жалпы құқықтық оқыту жүргізіледі.жалпы құқықтық оқыту бойынша жоспары жасалып,бекітілген.Жоспарға сәйкес лекциялар жүргізіліп отырады.оқушылар арнайы дәптер бастап,қысқаша керек мәліметтерді түсіріп отырады.

  1. Рухани-адамгершілік мәдениет.

Жалпыадамзаттық құндылықтармен, қазақстандық қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның рухани-адамгершілік және этникалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру үшін мындай іс шаралар өткізілді:

«Қарттары бар үйдің қазынасы бар», «Ұстаздар мерекесі»,сыныптан тыс іс шара «Адамгершілік –асыл қасиет» .

Отбасы күніне «Отбасы құндылықтары»арналған сыныпта тәрбие сағаты

өтіп,әр оқушы өзінің отбасының шежіресі туралы шағын альбом құрды. Мақсаты ретінде отбасы жарастығы, татулығы, сыйластығы туралы түсінік беру, адамға өмірде ең қымбат-отбасы екендігін ұғындыру, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу көзделіп, білім алушылар бойында отбасы сүйіспеншілігін сезінуді үйретуде,Барығы бірігіп нағыз отбасының моделін жасады.Мектепішілік өткен суретшілер сайысына қатыстық.

  1. Зияткерлік мәдениет.

оқушылардың өзін-өзі дамытуы, өздігімен білім алуы, өзін-өзі жетілдіруі үшін психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру,әрі әлемнің тұрақты түрде өзгермелі жағдайларына тез бейімделе білуге үйрету барысында төмендегідей іс шараларға қатыстық мектептегі математика және жаратылыстану пәндері апталығында өткізілген «жас математиктер»атты сайысына,сынымен қатар, «адамгершілік –асыл қасиет» атты іс- шарада «асыл қазына»сайысына қатыстық.Мектепішілік түрлі сайыстар мен олимпиадаларға,қашықтық олимпиадаларға атсалысып отырдық.сынып оқушылары мектептегі спорттық,шебер қолдар,көркем сөз үйірмелеріне қатысады.

5.Экономикалық тәрбие беру бағыты бойынша білім алушылардың өзіне өзі құрмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру. Осыған орай « Еңбектің наны тәтті» атты сынып сағаты,ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күніне арналған « қолдан жасалған бұйымдар» көрмесіне қатыстық. Әр бейсенбі сайын сынып бөлмесіне жинастырып,гүлдерді күтіп өсіріп жатырмыз.

6.Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша білім алушылардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру. Біздің сыныпта «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі», «Сақ бол, балақай», «бағдаршам бөліктері» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды, білім алушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға баулу.мектепішілік өткізілген денсаулық күніне жақсы атсалыстық.

7. Ата-аналармен байланыс барысы.
Оқу жылы барысында бір мектепішілік және 1 ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Оқу жылының басында ата аналар комитетінің төрайымдары тағайындалды. Оқу жылында мектептің ата-аналарының қатысуымен құрылған «Қамқоршылық кеңесі» материалдық әлеуетін көтеруге ата-аналар комитеті жиналды Ата-аналардың сынып ата-аналарының мектеп өміріне араласу белсенділігі орта деңгейде.
 



























"Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің Озерный орта мектебі"ММ











2016-2017 оқу жылының І тоқсанындағы тәрбиелік іс шаралардың талдамасы.

















Сынып:5 "А"

сынып жетекші: Оспанова М.М.























2015-2016 оқу жылындағы атқарылған тәрбиелік шаралардың мазмұнына талдау-есеп.

Жалпы 11 сынып оқушылар 6 бала, Оның ішінде қыз бала-4, ер бала -2
2015-2016 оқу жылының ІІ жартыжылдығында 6 сынып білім алушылары мен тәрбиеленушілері өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланған тәрбиелік шараларына белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Жоғары сынып оқушыларының тәрбие беру бағыттары бойынша көзқарастары осы бағыттарға негізделген тапсырмалардың жазбаша мазмұндау, әңгімелеу, шығарма, сыныпаралық іс-шаралар, жобалар сияқты формаларда қатысулары арқылы деңгейлері байқалды.
 
^  Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру бағыты бойынша білім алушыларды қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруға және қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын қалыптастыру негізінде бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2016 жылдың наурыз мерекесі Наурыз- 2016" атты мерекелік концертке қатысты,әрі өнерлерін ортаға салып,белсенділік танытты.Ата заңым қуатым,сенім,мақсат,мұратым». тақырыбында мектеп бойынша барлық деңгейдегі сынып жетекшілерінің ұйымдастыруларымен ашық сабақтар өткізілді. Біздің сыныпта да ата- аналармен бірлескен жұмыс өтті. Ата-аналар риза болды. Оқушылар қызыға сабаққа ат салысты.
Тілдер мерекесіне орай:  «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.16 желтоқсан қарсаңында«Тәуелсіздік тірегіміз» тақырыбында патриоттық тұрғыда менің ұйымдастыруыммен ашық сынып сағаты өтті. Биылғы оқу жылында үлкен атап өтілетін атаулы күндер бар: Олар Қазақстар Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, Конституцияның қабылданғанына 20 жыл, сонымен қатар Ұлы жеңістің 70 жылдығы. Осы орайда сынып сағаты өтті және мектепішілік іс-шаралар болып өтті.

^ Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша Отбасы күніне арналған сыныпта тәрбие сағаты

өтіп,әр оқушы өзінің отбасының шежіресі туралы шағын альбом құрды. Мақсаты ретінде отбасы жарастығы, татулығы, сыйластығы туралы түсінік беру, адамға өмірде ең қымбат-отбасы екендігін ұғындыру, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу көзделіп, білім алушылар бойында отбасы сүйіспеншілігін сезінуді үйретуде,Барығы бірігіп нағыз отбасының моделін жасады.ІІ жартыжылдықта ата-аналар жиналысы 2 рет өткізіліп,төмендегідей тақырыптарда баяндамалар оқылды:"ҰБТ-ға дайындық.Бала психологиясына әсері.ата-ананың көмегі","Отбасындағы әке тәрбиесі".
 ^  Еңбек және экономикалық тәрбие беру бағыты бойынша білім алушылардың өзіне өзі құрмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру. Атап айтқанда, «Білімд мыңды жығар» сынып сағаты ұйымдастырылды.. білім алушылардың өзіне өзі құрмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру. Басты назар ұстайтын бағыттырының бірі-мамандық таңдау мәселесі ,бұл орайда 2 рет тестілеу өткізіліп,сынып сағаттары:"Менің ата-анам мамандығы","Мамандық таңдау -маңызды іс","Мамандық таңдауда неге басты назар аудару керек?".Бітіруші түлектермен Қостанай қаласындағы оқу орындарына атап айтатын болсақ,педколледж,құрылыс колледжі,Кәсіптік қызмет көрсету колледжіне саяхат жасалып,мектепте ауыл шаруашылық колледжі,гумаенитарлық колледж, федоров ауыл шаруашылық колледжі және политехникалық колледждермен кездесу ұйымдастырылды. мамыр айында мектепішілік сенбілік қатыстық.  
^ Экологиялық тәрбие беру бағыты бойынша білім алушылардың бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжай білу қасиеттерін қалыптастыру және экологиялық тәрбиенің негізі алдымен қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейтін мақсат-міндеттер қойылып, біршама іс-қимыл шаралары атқарылды. 
 «Сары алтын-сары күз»тақырыбымен сынып ішінде іс-шарасы ұйымдастырылып, білім алушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу және қоршаған ортаны ластанудан сақтауға тәрбиелеу, Отанын қорғауға, ұлтжандылыққа білім деңгейлерін дамыту мақсаты көзделіп, білім алушыларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас үлгісін көрсетіп, оларды табиғатпен үндесе өмір сүруге баулуда шара өз мақсатына жетті. Жаңа жыл қарсаңында «Қош келдің,Жаңа жыл» атты іс –шара өтті.
^ Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша білім алушылардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру 2015 жылдың 6 қыркүйекте барлық сыныптардың қатысуымен «Денсаулық фестивалі» сыныпаралық іс-шарасы ұйымдастырылды және біздің сыныпта «Денің сау болсын десең,спортпен шұғылдан»,сынып сағаты ұйымдастырылды, білім алушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға баулу..
^  Рухани-адамгершілік тәрбиесі бағыты бойынша өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілген моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру мақсаты қойылып, біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда,«Алғыс айта білу де өнеге» атты сынып ішінде іс-шара ұйымдастырылып, мақсаты ретінде білім алушыларға сандарға байланысты айтылған қазақ нақыл сөздерін үйрете отырып, халықтық тәрбиені насихаттау жүргізіліп, атадан қалған ауызекі сөз мұрасын  кейінгі ұрпаққа қалдыру, оларды рухани тұрғыдан дұрыс тәрбиелеуге әсер ету, бағыттау жұмысы жүргізілді. Мамыр келсе, мереке келеді демекші,

1 мамыр Ынтымақ күнінде оқушыларым өзбек ұлтының салт-дәстүрімен, тілімен таныстырды. мамыр айында отан қорғаушылар мерекесіне орай сыныптың қыздары ұл балалрға арнап шағын концерт ұйымдастырып, сыйлық дайындады.
^ Ата-аналармен байланыс барысы.
Оқу жылы барысында бір мектепішілік және жоспардан тыс ата-аналар жиналыстары, үш рет ата-аналар күні ұйымдастырылды. оқу жылында мектептің ата-аналарының қатысуымен құрылған Қамқоршылық кеңесі материалдық әлеуетін көтеруге ата-аналар комитеті жиналды. Дегенмен, ата-аналардың сынып ата-аналарының мектеп өміріне араласу белсенділігі орта деңгейд





"Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің зерный орта мектебі"ММ











Тәрбиелік іс шаралардың мазмұнына талдау есебі.

2015-2016 оқу жылының жылдық тұжырымдамасы.









Сынып:11 "А"

сынып жетекші: Смағұлов Н.Ж.