Сыныптан тыс іс- шара «Алтын қақпа»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Алтын қақпа» 
( Сыныптан тыс шара) 
Мақсаты: Балалардың ойы дамып, дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам болуы үшін, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту. 
Білімділігі: Тіл үйренуге құштар балалардың тілін одан әрі өрбітіп, ойы мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру. 
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ой -өрісін кеңейту, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту. 
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, ізденімпаздыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Слайд.«Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» «Алтын сандық» макеттері. 
Сабақтың барысы: 
Бірінші кезең:: 

1.Қобди- ұсақ түйек зат салатын кішкене жәшік. 
2.Шахта- көмір өндіретін орын. 
3.Күбі- қымыз,айран, шұбат ашытатын ыдыс. 
4.Жомарт - қолы ашық, береген, мырза. 
5.Бүгелек- жылқы малын шағатын сона тәрізді жәндік. 
6.Бүлдірген- тауда өсетін өсімдік, жидек 

Екінші кезең: 

«Күміс қақпа» 5 сөзден тұрады. 
1.Мұрат- алға қойған мақсат, арман, тілек. 
2. Кейіпкер- көркем шығарма қаһарманы. 
( Басты бейнені сомдайтын адам) 
3.Иткөйлек-кішкентай бөпенің қырқынан шыққанша киетін көйлегі. 
4.Байғазы- жаңа киім, сатып алынған зат үшін берілетін сыйлық. 
5.Қаңқыл - қанқ-қанқ, еткен дыбыс. 
Үшінші кезең: 
Алтын қақпа: 
1. Базарлық- қыдырып кеткен адамның әкелетін сый, сыйлығы. 
2. Иесіз қыстау- иесі жоқ, бос қалған мекен. 

Алтын сандық: 

Енші- балалары ер жетіп,үй болғанда беретін дүние, мал. 

Қорытынды: Өрендер, өрлей берсін өнерлерің, 
Айналаң бәрі сенің көрерменің. 
Тілеймін дәл осылай барлығыңның, 
Тек қана биіктерден көрінгенің.- дей отырып ойынымызды аяқтаймыз. 
Ойын барысында әр ойыннан кейін сөз мағынасын дұрыс тапқан оқушылар жұбаныш сыйлықтарымен марапатталады.