Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік-теңдігім Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:

Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік-теңдігім

(Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған)


«Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз»

Н.Ә.Назарбаев


Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 25 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту.

  • Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: танымдық ойын түрінде

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

  1. Қазақстан картасы

Тәрбие сағатының барысы:

Хор: Әнұран орындалады

I-кезең: Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бой армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік» күні мерекесіне арналған «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

ІІ. Негізгі бөлім.

«Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.
Желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы бейне көрініс көрсетіледі.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін.
Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!

Оқушы:Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін  мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Тәуелсіздік төріңде!

Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толғалы отыр.

16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық. (класстер құрастыру)

1-оқушы:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.

2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

3-оқушы:1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

4-оқушы:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.

5-оқушы:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

6-оқушы:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

7-оқушы:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

8-оқушы:1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

9-оқушы:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.

10-оқушы:2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.

11-оқушы:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

12-оқушы:2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.

13-оқушы:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.

14-оқушы:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.

15-оқушы:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.

Мұғалім сөзі: 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз еліміздің жаңы рәміздері – мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.

Оқушы: Ту

Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған! 

Оқушы: Елтаңба

Дүние әлем көзіндей,

Дөңгеленген жамалы.

Еге елімнің қорғаны-

Кереге қанат қамалы.

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ-күн, уық-нұр.

Мәңгі сенбес күйінде,

Маңдайдан жұлдыз туып тұр.

Қуат отын қоздырған

Қос қанатты пырағым.

Хас тұғырға қондырған

«Қазақстан» -Ұраным.

Тұлғасында түзілген

Ыстық қаным, діл, арым.

Төріме іліп,

Төсіме

Тағып жүрер Тұмарым!

Оқушы: Әнұран.

Қаһарман қажыр, қайратым,

Шайлықпас текті айбатым.

Арман, абырой, толғаныс-

Айтылатын ар, затым.

Жұртымның мұң, мұратын

Құлқыма құйып тұратын

Сіңірген тұла бойыма,

Тәңірлік күштің қуатын.

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар.

Киелі сөз, сазды әуен

Шырқағанда, нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле

Жанып тұрар мың жанар

 

Мұғалім сөзі: Қазақстан Туымен тұғырлы,елтаңбасмен еңселі, әнұранымен айбатты. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды. Бұл күн көп ұлтты республикамыздың барлық халқына тәуелсіздік пен еркіндік әкелді.

Оқушы:Ата – Заң

Төлқұжатым, бек мұратым Ата Заң,

Бізге жеткен мұрадай боп атадан.
Тәуке жазған Жеті жарғы бұлжымас,
Бұйрық, үкім бабам берген батадан.
 
Бұл даланың бұлтартпайтын заңы бар,
Ол ақсақал, алқа билер, қазылар.
Туғаны жоқ тура билер кесімгер,
Шешімдері әділ жолдан табылар.
 
Парламенті бұл даланың қыр басы,
Қыр басында қарттың сұсты тұлғасы.
Адам тұрмақ, тұсау ұрлау күйе боп,
Жағылатын бір ауылға күнәсі.
 
Қамшысымен тыйып, тежеп тентегін,
Ентігін де басар есер, еркенің.
Жесір дауы, туа қалса жер дауы,
Бір қария-ақ жазар еді «дерт емін»
 
Ата Заңым – бас кітабым, бұлағым,
Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым.
Ата Заңым – шариғатым, шарттарым,
Бағдар шамым, бойға қуат ұраным.
 
Ынтымағын, татулығын, бірлігін,
Атап өтер 30-ы бұл ұлы күн.
Арқа сүйер Ата Заңым тұрғанда,
Қазақстан өзіңменен Ұлымын,
Қазақстан биік сенің тұғырың!

Мұғалім сөзі: Астана Қаласы 1998 жылғы 20 мамырдан бастап Қазақстан мемлекетінің Астанасы болды. Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты. Соның бірі – «Қазақ елі» монументі, биіктігі -91 м. Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатқан самұрық құс орнатылған. 1990 шаршы кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші – Саматбек Бөкебай. Ал, «Бәйтерек» монументінің биіктігі – Эйфель мұнарасы нысаны қатарына қосылған. Астана жаңа ғасырға тек қана жақсылықтардың көшін бастайды.

Хор: «Астана»

Оқушы: Қазақ ел - Мәңгілік ел!

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа.
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз,
Жеңіске жету үшін болашақта.

Мадақ айту бір аллаға жарасқан,
Бұл сөзіме жөн болмайды таласқан.
Патшалардың патшасы Шыңғыс хан да,
«О, тәңір!» - деп көк аспанмен санасқан.

Құрмет жасап әлемдік діндарларға,
Ислам, христиан, протестант, буддаларға.
Үш жылда бір дәстүрлі съезд жасап,
Бірлік сұрап сыйындық бір құдайға.

Спортта жүлде алды қыз бен ұлым,
Ойналып гимн, желбіреді көк туым.
Қазақстандық көбейді чемпиондар,
Шарықтап әнім, асқақтап шықты үнім.

Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе?
Сан - салалы жетістік көп бұл күнде.
Отыз елдің қатарында дамыған,
Болу үшін тер төгеміз күн - түнде.

Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз

III.Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болыңыздар! – деген тілекпен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!