Сақташы өміріңді , жарқыным.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән

Сынып сағаты

Сынып

5 в сынып

Мерзім

24.10.2016

Сабақтың тақырыбы

«Сақташы өміріңді, жарқыным»

Сабақтың мақсаты

1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

Сілтеме

Жолда жүру ережелері.

Ғаламтор желісі

Күтілетін нәтиже

Жолда жүру ережесін біліп, жол белгілерін өмірде қолдана білетін болады.

Тапсырмалар

Блум токсоно

миясы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Қолданылған модулдермен

әдіс тәсілдер

Білу

Ынтымақтастық атмосфераны ұйымдастыру

Бір бірлеріне тілек тілейді

«Шаттық шеңбер»

Оқушыларды топқа бөлу

Топқа бөлу арқылы сабақтың мақсатын айқындау.

Берілген өлең жолдары арқылы сабақтың мақсатын ашу.

«Көше ережесі тарихынан»

Жол ережелерінің пайда болуы туралы тарихи үзінді.

1 топ: Жасыл

2 топ: Сары

3 топ Қызыл

Не себепті үш түске байланысты топқа бөлінгендігін айтады.

Қызыл көзі

Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл “Сен тоқта!”

Сары көзі

Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды

Жасыл көзі

Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды


Оқушылар арасында рөлдерін бөліп алу

Түсіну

Адам өз өмірінің қауіпсіздігі үшін балалар жол белгілерін білуіміз керек. Өздері атқаратын қызметтеріне қарай барлық белгілер 7 топқа бөлінеді:

-ескерту

-басымдылық,

-тыйым салатын,

-алдын ала қойылытын,

-ақпараттық-көрсеткіш,

-сервис,

-қосымша ақпараттық белгілер(табличкалар).

Осы топтардың әрқасысымен жеке танысайық.Алдымен өзіңе таныс белгілерден бастайық.

1-топ "Ескерту белгілері"

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.

2-топ "Тыйым салу белгілері"

Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.

3-топ "Ақпараттық-көрсеткіштік белгілер"

Баратын сапардың жақынын, қашығын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым



Таратпа қағаздардағы жол белгілерін топқа бқліп жапсырады.

Соған орай өз өлең жолдарын таңдап алады,

Сол бойынша қорғайды.

Топ басшысы бағалайды.

Қолдану

  1. 2.Көлік күтетін жерді қалай атайды?

  2. 3.Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады?

  3. 4.Жүрісті реттеп тұратын адам кім?

  4. 5.Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? 6.Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады?

  5. 7.Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?

  6. 8.Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек?

  7. 9.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?

  8. 10.Төртбұрышты көк түс жол белгісінін, қай тобын білдіреді?

  9. 11.Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді?

.Сұрақтарға топ мүшелеріне жауап береді.

Топта өзіндік білім алу

Критерий арқылы бағалау.

Талдау

Суретке қарап әңгіме құрау

Әр топқа берілген суреттерге қарап әңгіме құрау.

Оқиға қайда болды, қандай ереже бұзылды, неге жол ережесі бұзылды.


Талантты және дарынды .


Жинақтау

Жұмбақтар

1) Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ"тоқта, жүр" дейді.

( Бағдаршам )

2.Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсын бір үзім

(жол)

3.Екі аяқты, бір ізді,

Үстіне мені мінгізді

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді

(велосипед)

4.4.Үзенгісін тептім,

Зымырап мен кеттім.

(велосипед)

5)Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.
(Полиция қызметкері)

6.Үш көзді батыр

Жолды күзетіп жатыр

( Бағдаршам)

7.Өзі тым күшті,

Аяғы тісті.

Ілезде тындырар

Қыруар істі.

( Трактор)

8.Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді.

( Машина)

9. Күндіз – түні көше кезіп зулайды.
Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (такси)

Әр топқа берілген жұмбақтарды шешеді.


Бағалау

Кері байланыс

Стикерға сабақ туралы өз ойларын білдіру

Рефлексия