Мақсаты:1.Еліміздің тәуелсіздік тарихына шолу жасау.
2.Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі
үлгісінде Отанды ,елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
3.Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,
ұлттық рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Барысы:
(Күй ойнап тұрады.)
Жүргізуші:
-Республикам! Күндей күлген шығыстан
Алыс елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік-Қазақстан гүлстан.
Жүргізуші:
Торжественная линейка,посвященная Дню Независимости республики Казахстан ,объявляется открытой.
Мемлекеттік әнұран орындалады:
Жүргізуші:Ежегодно 16 декабря мы отмечаем самый главный праздник День Независимости Республики Казахстан.На протяжении многих веков казахскому народу приходилось бороться за независимость и суверинитет. Благодаря своим лучшим качествам,умению сплотиться и быть единым в минуту опасности,,стремлению жить в мире согласии, и доброседству с другими народами Казахстан не изчез в потоке истории и через десятилетия смог восстановить свою государственность.
Жүргізіші:
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
жылағанда жүрегім ,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Талай-талай заманды кешкен елмін
Жұт арытып,шөл қысып көшкен елмін.
Өшіп кетіп бір жылда жер бетінен
Өзге орында балалап өскен елмін.
Жүргізуші:
Слово предоставляется директору Талшыкской школы- интернат Закенову Б.Н.
Жүргізуші:
Мой край родной,республика свободных
Великих наций,разных языков.
И ценят здесь обычаи народов,
Советы мудрых стариков.
Жүргізуші:
-Бостандық!-деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,қаншама батыр мерт болды.Бұл арпалыс бір күн,бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді.Ендеше тарих беттеріне зер аслайық.(күй)
Жүргізуші:
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
жылағанда жүрегім ,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Жүргізуші:
-Жоқ қазақ деген ел болмайды жер бетінде,
Мал соңында құл емей,желдейтін не?
Мен, Шыңғысхан атыңды өшіремін,
Менмін сені тірідей жерлетін де:
Шегірткедей қаптаған ат тұяғы,
Тозаңдатып талқандап жатты ұямды
Итүрікті түтеген түтіндерден,
Шат күлкілі даланы жат күй алды.
Жүргізуші:
-Қарсыласпай өлмедім,қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан қайта тұрдым.
Сансыз басьты диюдай сан тіріліп,
Мен қазақпын дегенді айта тұрдым.
Қан да,көздің жасы да сорықпады,
Күреңітті көлдердің борықтары.
Азан- қазан ,Ақтабан- шұбырынды,
Ала топан жоңғардың жорықтары
Жүргізуші:
-Ықпаған ығыр заман ыңғайына,
Бозторғай ұя салған таңдайына.
үш бидің тастап кеткен өсиеті,
Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда.
Жүргізуші:
-Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып,елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді.Тарыдай шашырап,жер бетіннен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген тәуекелге бел буған Абылай еді.
Жүргізуші:
Қазақ халқының 18 ғ тарихы арпалысқа толы, жербетінде бар болу,не жоқ болу деген жан кешті тынымсыз заман еді.
Дос та іздедім жау тисе болыстан,
Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын
Еділ,Жайық,Ертісті жағаладым
Үміт көрдім құдіретті Ресей елін.
Жүргізуші:
Бірақ ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап,халықты аяусыз езгіге ұшыратты.Осы саясатқа көзін жұмып қарап отырған жергілікті хандар мен билерге ,орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Исатай мен Махамбет,Кенесары ,Сырым,Есет бастаған көтерілістер найзағайдай бұрқ етті.
Жүргізуші: 1925-1933 ж. Голощекин «Кіші октябрь»
Мен қазапын мың өліп мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Голощекин «Кіші октябрь» саясатын жүргізем деп,
Аштықтан 2 млн. қазағым кетті өмірден.
Жүргізуші:
Мен қазапын мың өліп мың тірілген
Не көрмедім бұған дейін бұл өмірден?
Халқының қамын жеген әз ұлдары
«Халық жауы» атанып атылып кеткен.
Жүргізуші:1937-1938жылдар.
Сталиндік репрессия жылдары жазықсыз жаланың құрбандары болған:
Шәкәрім Құдайбердиев,Ахмет Байтурсынов,Мағжан Жұмабаев,Міржақып Дулатов,Жүсіпбек Аймауытов,Беймбет Майллин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин.
Жүргізуші:1941-1945 жылдар
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,
Не көрмедім, не көрмедім бұл өмірден?
Фашистік Германия соғыс ашып,
Талай боздақ қоштасыпты бұл өмірден.
Жамбыл ата-алыбымыз ақ батасын көп берген
Бауыржандай ағамыз да рухын елдің көтерген.
Жүргізуші:
1986 жылы Қазақтың рухын таза құрпқшы болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық комитетінің бар-жоғы 18 минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Республика басшысы Д.А. Қонаевты орныан алып,Республикаға Мүлде белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды.
Жүргізуші:
Жанартаудай бұғып жатқан ұлттық ыза-кегі сыртына бұрқ етіп,Қазақ жастарының көтерілісі басталды. Желтоқсан құрбандары-Қайрат Рұсқылбеков,Ербол Сыпатаев,Ләззәт Асановалар тәуелсіздік жолында мерт болды.
Жүргізуші:
-1986 жылы 16 желтоқсаны Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.
Жүргізуші:
-1991 жылдың 16 желтоқсаны ҚР.Тәуелсіздігін жариялады.Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 18 жылдың ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді,өзіндік даму жолын талдап жасады. Елдің әлеуметтік саяси-экономикалық дамуындағы табыстары,Қазақстан Республикасының Президенті Н:Ә: Назарбевтың есімімен байланысты.
Жүргізуші:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс ,сауапты.
Әр отбасы,әрбір қазақ ,әр адам,
Иәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Жүргізуші:
-Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса,жаса мәңгіге туған елім!