«Н» дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. «Н» дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерге дыбыстық талдау
жасай білуге үйрету.
2. Ойын, жаттығулар арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
3. Адамгершілікке, сыйластыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Түрі: ертегі сабақ.
Керекті құралдар: суреттер, кеспе әріптер, сөздер, ертегі кейіпкерлері, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар, бүгінгі сабақ- ерекше сабақ.Бүгін сабақта саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпас бұрын мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-«Сауат ашу»сабағында біз немен танысамыз? (әріппен, дыбыспен танысамыз)
-Дыбыс дегеніміз не? (дыбысты айтамыз, естиміз)
-Әріп дегеніміз не? (Әріпті көреміз, жазамыз)
-Дыбыстар қандай топқа бөлінеді? (екі топқа бөлінеді, дауысты, дауыссыз)
-Дауыссыз дыбыстарды қалай айтамыз? (қысқа, ерніміз, тіліміз, тісіміз кедергі жасайды)
-Дауысты дыбыстарды қалай айтамыз? (еркін, созып, әндетіп)
Сергіту сәті.
2.Жаңа сабақ
-Балалар, ертегіні көргенді, жақсы көреміз бе?
Ендеше біз «Бауырсақ»ертегісін тыңдайық.
Баяғы ерте заманда бір ата мен әже болыпты.Бір күні ата бауырсақ жегісі келеді де, әжейге айтады.
-Бауырсақ пісір – дейді.
-Бауырсақ пісіретін ұн жоқ-дейді әже.
-Қаптың түбін қырып көр-дейді ата.
Әже қаптың түбін қырып бауырсақ пісіреді. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қояды. Бауырсақ ата мен әжеден қашып кетеді. Өлең айтып келе жатқанда қоянға кездеседі. Қоян айтады.
-Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін-дейді. Бауырсақ айтады:
-Мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін-дейді
-Атадан қаштым, әжеден қаштым
Енді сенен қашып кетемін –дейді. Қоян сен менің мына тапсырмамды орында дейді.
Қоянның тапсырмасы:
-Мына жұмбақты шешсең, бүгінгі сабақтың тақырыбын табасың.
1.Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас. (нан)
2.Үстінде тауы бар,
Маң-маң басқан бұл қай жануар? (нар)
-Нан ,нар– деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
-Н дыбысы.
-Н дыбысын хормен айтып көрейік. Қалай айтылады? Қандай дыбыс?
-Н дыбысы созылып айтылмайды. Дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.
-Балалар, кітабымызды ашып «Н» дыбысын оқып көрейік. (Балалар кітапты ашып, ішіндегі тапсырмаларды орындайды)
Бауырсақ қояннан қашып келе жатып қасқырға кездеседі.Қасқыр бауырсаққа айтады, менің тапсырмамды орындасаң жіберемін дейді.
Қасқырдың тапсырмасы:
Сурет бойынша әңгіме айту.
-Нан сөзіне дыбыстық талдау жаса.
-Нан -3әріп, 3 дыбыс, 1дауысты, 2дауыссыз.
Сергіту сәті.
Бауырсақ қасқырдан қашып келе жатқанда аюға кездеседі.
Аюдың тапсырмасы:
Ойын: «Кім шапшаң»
-Мына суреттердің ішінен «Н» әрпі бар сөздерді қорша.
Бауырсақ аюдың тапсырмасын орындап қашып кетеді. Түлкіге кездеседі.
Түлкінің тапсырмасы:
Ойын «Адасқан әріптер»
-Мына шашылып жатқан әріптерден сөз құра.
А, П, Н, Т.
Ата, апта, ата, нан, пана, тап.
Сабақты қорытындылау.
-Міне, балалар, бүгін біз бауырсақты құтқарып қалдық.Бәріміз сабаққа жақсы қатыстық. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Мадақтау.
Дайындаған: Муханова Айман Молдагалиевна
Қостанай қаласы 2011 оқу жылы