Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»
Мақсаты:Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: рәміздердің суреті, елбасының суреті, кітаптар
Барысы:
Ән ұран
Мұғалім:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Сұрақтар (Сұраққа жауап берген оқушыға жетон беріліп отырады да, сабақ соңында білімді оқушы анықталады)
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
2. Оның өз рәміздері бар ма?
3. Қазақстан байрағында не бейнеленген? Түсі қандай?
4. Елтаңбада не бейнеленген?
5. Қазақсатн Республикасы әнұранының сөзін және әнін кімдер жазған?
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл?
7. Тәуелсіздік күні қашан?
8. Туған ел, жер туралы мақал – мәтел айтшы.
9. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
10. Қазақ батырларын ата
Амирхан: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?
Алдияр: Елтаңбаның суріт салып әкеліп, сол туралы баяндап береді
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба ?!
Жандаулет: Әнұранның авторлары туралы баяндау
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ? !
Әбдірахман:
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кімайта алар болмаған деп Ән ұран.
Айдана: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Ойындар мен тапсырмалар
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
2.Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)
Оқушылар шығармашылығы:
1.Менің Отаным-Қазақстан
2.Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы.
Қорытынды.
Жүргізуші: қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. Алдағы уақытта тәуелсізеліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласынан толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!