Тақырыбы: Арулар асыл жандар
Мақсаты:
Танымдық: Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты киіп келген әрбір киімнің мәнін,сырын ұғынып,жадында сақтауға және жүйелі мазмұнмен ұлттық ұғымдар беру.
Тәлімдік: Бойжеткендердің ұлттық киім үлгілеріне деген құрмет сезімін туғызу.
Көрнекілік:Қабырға газеттері.Ұлттық ұғымдар туралы шиырма.
Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
1-жүргізуші:Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар және патша көңіл көрермендер!
2-жүргізуші:Сіздерге арналған «Ақ моншақты арулар»атты
қызсыныға қош келдіңіздер.
1-ж:Сіздерді « 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен » құттықтаймыз!
Тотыдай таранған,
Алтындай ардақты.
Жібектей созылған,
Мақпалдай масатты.
2-ж:
Қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты,
Құралайдың көзіндей мөлдіреген.
Раушан гүлдей , хош иісті,
Айнадай таза,
Сәуледей жарқыраған арулар сіздерді көктем мерекесімен Тағы да құттықтаймыз.
2-ж:Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-ж:Қыз өссе - елдің көркі деп халық айтқандай,қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі.
2-ж :Қыздар - әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты дағы
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
1-ж: Жаны сырлы,жанары таң қыздар-ай,
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар-ай.
Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,
Құдіретпен жаралған жан қыздар-ай.
Аруларымызды қошеметтеп ортаға шақырамыз. Реттік номерлерін білу үшін журилардың алдынан ақ парақты таңдап әркім өз орынына тұруын өтінеміз.
2-ж:Бірінші қыз .............
Меңгерген бар ілімді.
1-ж:Екінші қыз ............
Алады тез тіліңді.
2-ж:Үшінші қыз .............
Ағарып таң атқандай.
1-ж:Төртінші қыз ............
Қос жанары мөлдіреп.
2-ж:Бесінші .............. шығады,
Бұрымдары желбіреп.
1-ж:Алтыншы қыз ............
Бойыңда жоқ бір мінің.
2-ж:Жетінші қыз ..........
Айдай көркем болғаны-ай.
1-ж:Сегізінші ............
Төгеді бар өнерді.
2-ж:Қымбатты арулар,сіздерге қойылаты сайысымыздың 1-ші: бөлімі «Мен- қазақ қызымын» дей отырып,
өздеріңізді таныстырудан бастайық.
Қазақ көйлек киемін,
Қос етегі бүрмелі.
Кестелеген жиегін,
Кең даланың гүлдері.
Камзол кием қынай бел,
Толған ою өрнекке.
Билесін деп сұрайды ел,
Өнерімді көрмекке.
(Ә.А.Б.С.)
1-ж: Қос жанарлар гауһардай мөлдіреген,
Мін таппайсың жүздерінен күлімдеген,
Кербез басым, мың бұралған аруларым.
Құтты болсын,сәтті болсын қадамдарың.
2-ж: Биязы,сөзі тәтті балдай екен,
Ақ жүзі албыраған таңдай екен.
Қырдағы қызғалдақтай тұрған жайнап.
Инабатты, ибалы қыз қандай екен. – дей келе сайысымыздың 2-ші бөлімі өз өнерін көрсетуге береміз.
1-ж:Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп , ал біреуі ән салыпты.
2-ж:Бүгінгі қызсынында бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
1-ж:Абырой күнмен жарасқан,
Көкірегінен әсем ән ұшқан.
Талғамы биік заманда
Атағы кеткен ғаламда
Елімнің ару қыздары-ай!
2-ж: Арулар - аяулылар,ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
(Ә.А.Б.С.)
1-ж:Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе-елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-демекші қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап , қызды гүлге теңеп ,
«Қыз өссе – елдің көркі,гүл өссе – жердің көркі.» деп бағалаған. Қыздарымыз біздің болашақ анамыз деп,қыздарды батылдыққа ,ұяңдыққа және де тоқыма тоқуға, тігуге,көптеген жұмыстарға тәрбиелеген.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің қыздар өнерлі.
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты .
Ою сынды өнерді
2-ж:Қошқаᑀ мүйіз, қос мүйіз.
耠 Ботамойын, қармақты.
Осы оюды қазекవм,
Қий бұйыؼға арнапты.
Бәрін айтып береді耬
Қыздарымыз салмақты.
« Әке көрген-оқ жонар ,
Шеше көрген-тон пішер.»
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір-бірінен кем түсер.
Ендігі кезекті сайысымыздың 3-ші бөлімі үй тапсырмасына береміз.Мұнда арулар
өздерінің үйден дайындап келген жұмыстарын көрсетіп қысқаша түсіндіріп өтеді.Ендеше бірінші аруымыздан бастайық.(2,3,4,5,6,7,8 арулар жалғастырады)
(Ә.А.Б.С.)
1-ж:Ал арулар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Топшаманы таңдаңдар қымсынбай кеп,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.
2-ж: «Қырықтың бірі – қыдыр деп»
Айтатын ата-әжеміз.
Келіп қалса бір қонақ,
Қандай жілік асамыз. – деп, Бұл бөлім қонақ түрлері,қонаққа тартылар сый-табақ жайында болмақ.
Топшамаларға жазылған сұрақтарға жауап беру.
1)Қонақ түрлерін ата.
2)Малдың басы қандай қонаққа беріледі
3)Асық жілікті кімге ұстатады.
4)Төс кімге тартылады.
5)Балаға неге бас ұстатпайды.
6)Қыздарға құйымшақты неге ұстатпайды.
7)Балаға неге құлақ береді.
8)Қызға таңдай берудің мәні.
(Ә.А.Б.С.)
1-ж:Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айымен таласатын.
2-ж:Өнеріне көркі сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың.
Ендігі кезекті сән үлгісіне береміз.
Аруларымыз дайын болғанша Барисов Алтынбектің орындауында «Қазақ қызы» өлеңін тыңдаңыздар.
1-ж:Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,
Абайдың аруы деп жүрейікші,
2-ж:Әділқазы алқасына тек әділдік,
Ал аруларға сәттілік тілейікші.-дей отырып Әділқазылардан қорытынды бағаны сұраймыз.
Ақылдасып болғанша Сағидулиев Саясаттың орын дауында
« » әні. Қарсалыңыздар.
Әділқазыларға сөз береміз.
1-ж:Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ,қйғаш қара қасыменен.
2-ж:Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он бес пен он сегізде жасыменен.
Қыз сұлу көрінеді өрмегімен,
Тізіліп сөз маржанын тергенімен.
Майыса бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
1-2-ж:Құлпырды Абайымның арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен.
1-ж:Осымен «Ақ моншақты арулар» атты қызсынымыз тәмәмдалды. Аруларға,ұстаздарғажәне көрермендерге таусылмас бақыт, денсаулық,қажымас қайрат тілейміз. Келесі кездескеншеқош сау болыңыздар. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.