Тәрбие жұмысының әзірлемесі Жақсылық- жан азығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жақсылық –жан азығы

Мақсаты : дұрыс әрекет құндылығы негізінде жақсылық жасай білудің мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері :

Білімділік : оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

Дамытушылық : оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, дұрыс қарым –қатынас жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік : сүйіспеншілікке,мейірбандыққа , жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

3.Топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын тексеру:

«Адамның жақсы және жаман қасиеттері» мәтінін талдау.

1.Адамның қандай қасиетін жек көресіз?

2.Қадір тұтып құрметтейтін кісілеріңіз кімдер ?

3.Қыз бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалар едіңіз?

4.Қайрат, ақыл ,жүрек үшеуінің қызметін қалай бағалайсыз?

5.Адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?

6.Ұрпақ арасында тоқшылықты жеңе алмай жүргендер бар, бұған қалай қарайсыз?

7.Бойкүйездікке қарсы қалай күресу керек ?

3.Дәйексөз.

«Мейірімділік , махаббат , қайырымдылық , адалдық ақ жүректен шығады»

Ш.Құдайбердиев



4.Әңгімелесу. (аңыз айту)

5.Шығармашылық жұмыс.

1-топ. Жақсы қасиеттерді сипаттау

2-топ. Жаман қасиеттерді сипаттау

3-топ. «Жақсылық» тақырыбына арналған сөзжұмбақты шешу

6. Дәптермен жұмыс

1-топ. Адам жақсылық жасау арқылы не нәрсеге қол жеткізе алады?

2-топ. Айналаңдағы адамдардың қандай жқасы істері туралы айта аласыңдар?

3-топ. Жақсылық жасаудың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

«Сен айтқан жақсы сөз» ойыны

7.Қорытынды.

8.Топпен ән айту.



Абикеева Назигуль Кайркеновна

Тәрбиеші

«Дамуы шектелген балаларға арналған

облыстық №3 арнаиы мектеп –интернаты» КММ



48