Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
27.09.2012ж
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: А а дыбысы және әрпі
Мақсаты: А а дыбысы және әрпімен таныстыру. А а әріпін ауа арқылы
жазып көрсету. Сөз ішіндегі дыбыстардың жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз болып бөлінетіндігін ұғындыру. Балаларға А а дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып, оны ойын жаттығулар арқылы бекіту.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Әріптер, жолақшалар, үлестірмелі суреттер.
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық
Рефлексивті коррекциялаушы
Шаттық шеңбері.
- Қайырлы таң, балалар!
Бүгін қандай керемет!
- Кәне, барлығымыз бір-бірімізге жылу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық.
- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде А а дыбысы және әрпімен танысамыз. Суретте көріп тұрған заттарды атап шығайық: алма, ара, ағаш.
- Дыбысты біз естиміз, айтамыз.
Мысалы:
Әріпті көзбен көреміз, оқимыз. Дыбысты айтамыз, жазамыз.
А-ра сөзін айтамыз.
- Қандай дыбыс естіліп тұр?
- Кәне, кім мына әріптер ішінен А,а дыбысының әрпін тауып береді?
- Кәне, барлығымыз А деп айтайық.
- Ауызымыз, тіліміз, тісіміз кедергі болып тұр ма?
- Олай болса, А дыбысы дауысты дыбыс. Оны қызыл текшемен белгілейміз.
- Яғни дыбыстар 2-ге бөлінеді:
Дауысты – қызыл текшемен,
Дауыссыз – көк текшемен белгілейміз.
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Ауада жазады
-Кәне, барлығымыз А дыбысын ауада жазамыз.
Д/ойын.
«Сөз ойла, тез ойла»
А дыбысынан басталатын сөздерді айту.
Әр бала өзі айтқан сөзін ойыншық арқылы жинау.
Кім көп ойыншық жинаса, сол жеңімпаз атанады.
Оқу іс-әрекетін аяқтау, қорытындылау.
Бір-біріне алақан арқылы жылу беріп, күлкі сыйлайды, қолдарын шапалақтап, қуаныштарын білдіреді.
Суретте көріп тұрған заттарды атап шығады.
А дыбысын айтады
Жоқ екенін айтады.
Қызыл текшені көрсетеді.
Қимыл-қозғалыспен жаттығу жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Сөз ішіндегі дыбыстардың жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз болатындығын білді
Нені игерді: А а дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып, оны ойын жаттығулар арқылы орындауды
Нені үйренді: А а дыбысы және әрпімен танысты