«Қала көшелері» сұхбат сағатының жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Қала көшелері» сұхбат

Мақсаты: Балаларды қала көшелерімен салыстыра отырып, айырмашылығын көрсетіп, түсіндіру. «Жолда жүру» ережесін жатқа біліп, өз қауіпсіздігін бақылауға үйрету

Әдіс – тәсілі: Көрнекілік, сурет бойынша әңгімелеу

Көрнекілігі: бағдаршам, қала көшелері, жолда жүру ережелерінің белгілері ДВД


Мотивациялық қозғаушы


















Ұйымдастыру – іздестіру










































































Рефлексиялық - түзетішілік

Балалардың назарын тәрбиешіге аудару

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс

Бұл мезгілде неше ай бар?

Қыс мезгілінің айларын атайықшы

Қазір қай ай?

  • Жарайсыңдар!

  • Балалар біз Қазақстан Республикасында әдемі, керемет, үлкен қалалар бар.

  • Ал, сол үлкен қалаларды әдемі, керемет қылып көрсетіп тұрған нелері?

  • Иә, балалар, әдемі, үлкен, керемет көшелері, көп қабатты үйлері. Көпқабатты мәдениет үйлері, театрларымен.

  • Тақтаға қараңдаршы мынау қалалардағы көшелер мен үйлердің суреттері.

  • Қараңдаршы көшерелі тап – таза, үлкен, әдемі. Көліктері де көп екен. Осы көліктер бір – біріне кедергі жаамайды. Себебі: жолда жол тәртібін сақтап тұратын құрал «Бағдаршам» тұрады екен.

  • Балалар мынау мінекей бағдаршамның суреті. Неше көзі бар екен?

  • Түстері әр түрлі екен.

  • Қызыл жанғанда – тоқта

  • Сары жанғанда – сақтан

  • Жасыл жанғанда – жүре бер

  • Көшеде балалар тағы нені байқадыңдар?

  • Иә, бұл жаяу жүретін жүргіншілерге арналған жолақтар екен.

  • Бұл көбіне бағдаршам тұрған екі көшенің қиылысқан жерінде болады және жолда жүру ережелердің белгілері тұрады екен. Осының бәрін есіне ұстап ереже бойынша жүретін болса, көлік жүргізуші де, жаяу жүретіндер де аман болады.

  • Балалар біз Қазақстан Республикасында әдемі үлкен қалалардың бірі Қызылорда облысы, Әйтеке би кентінде тұрамыз. Біздің де ауданымызда әдемі, керемет көшелері бар

  • Мысалы: мына телеарнаға назар аударайықшы.Мынау Әйтеке би көшесімен Желтоқсан көшесінің қиылысқан жері. Бұл жерде нелер тұр екен?

  • Дұрыс айтасыңдар

  • Мынау біздің ауданымызда жол тәртібін бақылап тұратын Май қызметкерлерінің бөлімшесі екен. Бұл жерде не тұр екен. Ал мына көше Жанқожа көшесінің бойында орналасқан екі бірдей мектеп № 226 гимназия мен № 216 Қ. Сәтбаев атындағы мектеп екен.Бұл жерде де белгілер бар. Өйткені мектептен балалар шығып өтетін жерлер.

  • Мынау бәздәі «Шұғыла» балабақшамыз. Біздің балабақшамыз Үмбет би көшесінің бойында орналасқан. Балалар біз өз үйіміз тұратын көшеміздің атын білеміз ба?

  • Қане кім өз мекен – жайларын айтады.

  • - Жарайсыңдар!

  • Балалар бізге Рамазан мен Әлихан бүгінгі сабағымызға байланысты жұмбақ жасырамыз деп отыр екен. Жұмбақты шешіп береміз бе?

  • Ендеше , оларды тыңдайық.

  • Шешуі не екен?

  • Балалар бізге бағдаршам туралы кім тақпақ айтып береді?Жарайсың!

  • Ендеше бүгінгі сабағымызды қорытындалай келе, маған бағдаршамның көздерін бояп бере қойыңдар

  • Балаларға ақ парақ қарындаштар алдарына беріледі.

  • Балалар өз жұмыстарына кіріседі. Бірінші бояп болған баланы тақтаға шығарып бағдаршамның көздері нені білдіретінін сұрау.

  • Жақсы ауап берген баланы мақтап, сабақты қорытындылау


Балалар назарын тәрбиешіге аударады

Қыс мезгілі


3 ай

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Қаңтар






Әдемі, үлкен көшелері
















3 көзі бар


Қызыл, сары, жасыл





Ақ жолақтар

















Бағдаршам, жаяу жүргіншілерге арналған белгі

















Балалар өздерінің мекен – жайларын атап шығады.











Иә