Презентация на тему Жомарт күз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін жетілдіру, түсініктерін қалыптастыру. 

Білімділік: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. 
Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін, күзгі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Табиғи материалдармен, дәнді дақылдардан шеберханада балалардың қол өнерлері. 

Тәрбиелік: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 

Әдіс-тәсілдері: Саяхат, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, өз-өздерін бағалау, іс-тәжірибиелік зерттеу. 

Сабақтың түрі: Аралас. (Тіл дамыту, көркем әдебиет, қарапайым математика, валеология, ән-күй, мүсіндеу, жапсыру) 

Көрнекіліктер: Күз суреттері, үн таспа, жапырақтар, жеміс-жидектер, көкөніс дақылдар. 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Шаттық шеңбері: 

Армысыз, қайырымды Аспан ата!
 
Армысыз, мейірімді Жер-ана!
 
Армысыз, шұғылалы алтын күн!
 
Армысыз, жан досым!
 
Жылуыма жылу қос,
 
Міне менің қолым бос!
 

Алақандарының жылуы арқылы балалар бір-бірлеріне, туған жеріне жақсылықтар тілейді.
 
1. Қазақстан Республикасы туралы сұхбат.
 
2. Жыл мезгілдері туралы білімдерін сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
 
3. А. Құнанбаев: «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу.
 
4. Есік соғылып, хат тасушы «Күз патшайымынан» хат әкеледі.
 

Тәрбиеші: (хат оқиды) Құрметті №13 «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы №5 «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері сендерді «Күз бағыма» қонаққа шақырамын. 
С/н: Күз ханшайымы
 
Балалар, бізді «Күзгі баққа» қонаққа шақырыпты, саяхатқа шығамыз ба?
 

Балалар: Ия! 

Тәрбиеші: Ендеше, «Күзгі баққа» саяхаттап келейік. Саяхатта алдымыздан көптеген қызықты кездесулер, кедергілер болады. Ол кезде сендер өздеріңнің тапқыр да, білімді балалар екендеріңді көрсетулерің керек. Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? 

Балалар: Ия, дайынбыз! 

Балалар «Алтын күз» әнін айтып, саяхатқа шығады.
 

І-аялдама: «Бидай егістігі» 
(бидай қарсы алады)
 
А) көрініс: «Ақ бидай» ертегісі
 
Ә) «Ас атасы – нан» әңгіме сұхбат.
 
Б) Бидайдың тапсырмасы (мақал мәтелдер).
 

ІІ-аялдама: «Бақша» 
А) бақташының тапсырмасы:
 
Ә) Жемістер мен көкөністерді ажырату.
 
Б) Жұмбақ жасыру
 

ІІІ-аялдама: 
«Күз ханшайымы қарсы алады»
 
Тапсырма: 
«1-ден 10-ға дейін тура және кері санау» (жапырақ жинау)
 

«Күз ханшайымы» балаларға ризашылығын білдіреді. (сыйлығын табыс етті)
 

Тәрбиеші: Балалар, «Күз ханшайымын» өзіміздің балабақшамыздағы шеберханамызға қонаққа шақырайық. 

Бақшаға оралу. 

Шеберханадағы балалардың жұмысы. 
1. Наубайхана. (бауырсақты жаяды, кеседі)
 
2. Тосап жабу. Қияр, қызынақ жабу. (салат)
 
3. Шеберқолдар. (дәнді – дақылдармен жұмыс).
 
4. Наубайшылар «Күз ханшайымы» балалармен қоштасып, қонақтарға бауырсақ