Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Ерте темір дәуіріндегі Қазақстанның барлық аймақтарының мәдениеті, шаруашылығы,табиғат ерекшеліктері мен тұрғындары жайлы оқушыларға әңгімелеу. Оның ішінде бүгінгі Солтүстік Қазақстан туралы жан-жақты мол түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың бүгінгі сабақта тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, тарихи тілмен сөйлеуін қадағалап ішкі жан дүниесінің дамуын қамтамасыз ету.
Тәрбиелік: Темір дәуірінің адамзатқа берген пайдасын, маңызын және жолын қазіргі кезбен салыстыра отырып ерекшелігін дәріптеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру және ойындар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер мен интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: I. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасы.
Сұрақ:
Сарыарқа атау қандай мағына береді?
Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?
Сарыарқаның ежелгі тұрғындары жайлы жазба мәлімет қалдырған ұлы тарихшы?
Жауап:
Сарыарқа деген ұғым қазақтың шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісін білдіреді.
Геродоттың айтуы бойынша бұл аймақты солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар жайлаған.
Ең алғаш жазба мәлімет қалдырған гректің ұлы тарихшысы Геродот.
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан оның ішіндегі Сарыарқаның төсінде орналасқан «Тасмола» мәдениетіне жататын мұртты обалар сызба нұсқасын тақтадан көрсету. Екі топтан бір-бірден оқушылар шығарып мұртты обалардың маңызы мен тарихын толық көрсетіп айтып өту.
А. Орталық Қазақстандағы мұртты обалар тарихта төрт түрге бөлінеді.
Олар:
А. Бірінші түрі – үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар. Кіші қорғанның шығыс жағынан «мұрт» сияқты тас тізбек кетеді.
Ә. Екінші түрі- екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады және екі қорғанның оңтүстік және солтүстік шегінен шығысқа қарай мұрт «доға» сияқты тас құрылыс жүргізіледі.
Б. Үшінші түрі- алдымен бір үлкендеу қорған салынады, оның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Үлкен қорғанның шығыс жағынан тас «мұрт» жасалады.
В. Төртінші түрі- үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады.
III. Бекіту. Жалпы ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанды жан-жақты әңгіме қозғап бүгінгі сабақты бекіте келе оқушыларға қоятын сұрағымыз:
1.Сарыарқа еліміздің қай бөлігін алып жатыр?
2. Сарыарқаның ежелгі тұрғындары кімдер?
IV. Жаңа сабақ.
Алдымен оқушыларға ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан жайлы әңгімелеу, олардың табиғат ерекшеліктері, тұрғындары туралы жазба деректер, мал бағу ерекшеліктері мен ескерткіштерін толық қамтып баяндау.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
Бірінші топ: савроматтар
Екінші топ: аргиппейлер
Оқушыларды жеке топқа отырғызып жалпыға бірдей сұрақтар қою. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен белгіленеді. Олар:
Солтүстік Қазақстан деген тарихи-географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді? (Қостанай, Сол.т. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облысы)
Сол.т. Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауыса бастаған кезеңі? (б.з.б. 1 мыңжылдық.)
Жұт дегеніміз не? (Жерді қалың мұз басып, шөптің таусылып, малдың арықтап ауа райының күрт өзгеруі)
Сақ тайпасының қандай батырларын білесіңдер? (Томирис, Шырақ, Спаргапис)
Сақ тайпасындағы «аң стильі» б.з.б. қай ғасырдан бастап пайда болды? ( б.з.б.8 ғасыр)
Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі қанша кезеңге бөлінеді? (үш кезеңге тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)
Ежелгі адамдар алғаш темірді қандай әдіс-тәсілмен өндірді? (пеш көрікпен)
Қазақ халқында көктемгі жайылым қалай аталады? (көктеу)
V. Интеллектуалды сайыс.
Оқушылаға сайыстың тәртібін түсіндіру және жақсы ат салысып отыруын қадағалау. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ойынымыз II- турдан тұрады. Олар:
I. «Бәйге»
II. «Полиглот»
I-тур
Бәйге
1
Бірінші тур сайысының ережесі, әр ұяшықта үш сұрақтан берілген. Екі топтың оқушылары әрбір дұрыс жауап сайын ұяшықты ашып өздеріне тиісті ұпайларын алып отырады.
Бірінші ұяшық сұрақтары:
1.Солтүстік Қазақстанның ежелгі тұрғындары қамысты не үшін пайдаланды? (Қыс мезгілінде табиғаттың дүлей куштерінің қорғану және отынға пайдаланды)
2. «Жұт» қанша жылда бір қайталанып тұрады? (10-12 жылда бір болып тұрады)
3. «Алтын адам» Қазақстанның қай жерінен табылды? (Алматы облысы Есік қорғаны)
Екінші ұяшық сұрақтары:
1.Сақтар б.з.б қай мың жылдықта өмір сүрді? (1- ші мың жылдықта)
2.Қазақ халқында киіз үйдің негізі? (кереге)
3.Тайпалы одақтар дегеніміз не? (ерте темір дауіріндегі құрылған алғашқы мемлекеттер Ғұндар,үйсіндер,қаңлылар,сақтар,сарматтар т.б.)
Үшінші ұяшық сұрақтары:
1.Шырақ батырдың ерлігі туралы айтып бер?
2.Көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз не ? (Жылдың төрт мезгілінде малға тиімді жерлерге көшу)
3.Қазақстан аймағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі? (Б.з.б. 8 ғасыр адам санының өсуі сыртқы жаудан қорғану рулардың тайпалы одақтарға бірігуі)
II-тур
Полиглот
Әр топқа тест сұрақтарын тарату. Тест үш сұрақтан беріледі.
Бірінші топ.
1.«Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын тайпа?
А) аргиппейлер ә)исседондар б)аримаспылар в)дайлар
2.Иран жазбаларында «сақ» сөзінің мағынасы?
А) сақ тиграхауда ә) массагеттер б) сақ-парадария в) жүйрік атты турлар
3.Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудандар?
А)Іле ауданы ә)Зайсан ауданы б)Тасмола алқабы в)Екібастуз ауданы
Екінші топ:
1.Үйсін билеушісі қалай аталады?
А) Хан ә) Патша б) Шаньюй в)Гуньмо
2. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы?
А) мал шаруашылығы ә) егіншілік б) бау-бақша өсіру в) аңшылық
3. Ерте темір дәуірі б.з.б қай аралықты қамтиды?
А) б.з.б. 9-6 ғ. ә) б.з.б. 10-8 ғ. б) б.з.б. 8-5 ғ. в) б.з.б. 7-3 ғ.
VII. Сергіту сәті.
Екі топтың оқушылары ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстанның табиғат ерекшеліктері мен тұрғындар жайлы деректерін сызба бойынша көрсетілген нұсқаны толтырып жазу.
Солтүстік Қазақстан
Табиғат ерекшеліктері Тұрғындар жайлы деректер
VIII. Бағалау.
Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды тиісті бағасын айту
IX. Үй тапсырмасы.
Қорытынды. Ситуациялық сұрақ.
Ең алғаш рет ежелгі адамдар металлды өндірудің қарапайым тәсілін ойлап тапты, ол енді бүгінгі заманда пайдасы бар ма ?
Жауап: Ежелгі адамдар пеш – көрікпен 1200 градуста темірді балқытып тұрмысқа қажетті заттар жасай білді. Қазіргі заманда Қазақстанның бірнеше қалаларында металл өндіру завоттары жұмыс жасайды. Адамзат тарихында бүгінде және болашақта металлсыз өмірді көзге елестету мүмкін емес. Сондықтанда темір өндіру ісі күннен күнге жақсы дами түседі. Құрметті оқушылар Қазақстанның болашағы әрқашан жарқырай берсін.
[pic] [pic] [pic]
[pic]
Бірінші топ.
1.«Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын тайпа?
А) аргиппейлер
ә) исседондар
б) аримаспылар
в) дайлар
2.Иран жазбаларында «сақ» сөзінің мағынасы?
А) сақ тиграхауда
ә) массагеттер
б) сақ-парадария
в) жүйрік атты турлар
3.Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудандар?
А) Іле ауданы
ә) Зайсан ауданы
б) Тасмола алқабы
в) Екібастуз ауданы
Екінші топ:
1.Үйсін билеушісі қалай аталады?
А) Хан
ә) Патша
б) Шаньюй
в)Гуньмо
2. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы?
А) мал шаруашылығы
ә) егіншілік
б) бау-бақша өсіру
в) аңшылық
3. Ерте темір дәуірі б.з.б қай аралықты қамтиды?
А) б.з.б. 9-6 ғ.
ә) б.з.б. 10-8 ғ.
б) б.з.б. 8-5 ғ. в) б.з.б. 7-3 ғ.