Тәрбие сағаты Өрт - тілсіз жау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі

Мұғалім: Айтмукашева А.З.

Сынып: 2

Тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: Өрт-тілсіз жау

1) Мақсаты: 1. Өрт қауіпінен сақтану жайлы мағлұматтарын кеңейту, Электр құралдарын дұрыс қолдану жайлы білу.

2. Қауіпсіздік ережелерін білу, есте сақтау

3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Топтастыру жұмысы жүргізіледі.

А) Айналада қандай қауіп бар?

  1. жер сілкінісі

  2. Су тасқыны

  3. Зілзала

  4. Өрт

  5. Судағы оқиғалар

  6. Сел жүру

  7. Апаттар

  • Осындай жағдайда бізге көмекке не керек?

  • Телефон

Телефонда орнатқан

Тоғыз саны болады.

Сол тоғызы хабар салады.

101 – ді алып көрсеңіз,

Шыққан өрттен қорғайды


102-ні терсеңіз

Тәртіп бұзар болмайды.


103-ті алсаң күйінбе

Жедел жәрдем зулайды

104-ті алсаң үйінде

Газдың иісі қалмайды


Телеграф – 106-ты

Досқа лебіз арнайды


107-ңіз шалғайға

Шұғыл сәлем жолдайды


Төмен түспей еңсеңіз

Болса кімнің керегі


109-ды терсеңіз

Түгел айтып береді

3. Мына сөзжұмбақты шешсек

Бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарып аламы.


А) Тыныс алу мүшесі (өкпе)

Ә) Қандай сыпайы сөзді білеміз? (рахмет)

Б) Орман елшісі тоқылдат (Өрт)


1 топ. 1) Өрт дегеніміз не? Тәжірибе жасап көрсетіңіз

Отты жағып көрсетеміз

2 топ. 2) Өрт шығуына не себеп?

Темекі қалдығы. Сөнбей қалған от т.б.

3 топ. 3) Ормандағы өрттердің жану түрлері

1 тапсырма Постер қорғайды

І топ

Шырпының пайдасы мен зияны


ІІ топ

Майшам , тоқ, көзінің пайдасы мен зияны


ІІІ топ

Газдың пайдасы мен зияны


Суреттер бойынша ойларын айтып шығады.


2

І топ

Бөлме ішінде өрт басталды

Қандай әрекет жасар едіңдер?


ІІ топ

Жанып жатқанда лифтімен түсуге бола ма?


ІІІ топ

Өрт үйде, ғимараттта болса не істеу керек?


3

І топ

Алғашқы көмек түрлерін көрсетіңдер

ІІ топ

Өрт сөндірушілерге 01-ге телефон шалғанда қалай хабарласамыз?

ІІІ топ

Өрт сөндіретін құралдарын ата.


Қорытынды

Өрт туралы «Бес жолды өлең» құрастырыңдар


Мынау не? – От

Ал енді өрт – от туралы айтып жатырмыз

Оттың пайдасы мен зияны да бар

Жазайықшы


Пісіреді

[pic]


Б [pic] [pic] алқытады ОТ Жылытады

[pic]



Ертеді


Қауіпсіздік мектебінің кеңесіне назар аударайық

Сонымен не білдік?

Нелерді ойға түйдік?

Неден өте сақ болған жөн?

Жол апаты. Су . Өрт.



Сабақ соңында оқушылар мадақталады.