Я люблю своего маму 9класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


8 – науырыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік тәрбие сағатының сценарийі

Сабақтың тақырыбы: « Ардақтайық ананы »

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға 8- наурыз туралы түсінік беру;

  • Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу;

  • Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: гүлдер , шарлар, қанатты сөздер



1 жүргізші: Сабырбек

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
 
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
 
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

2 жүргізуші: Дариға

Ана деген адамзаттың данасы

Ана деген- сәбилердің панасы.

Ана деген- жарық жұлдыз шырағың

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың


Тақпақтар:

1 жүргізуші:

Науырыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн – Ана ,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

2 жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды!


Ән: 4 сыныптын орындауында «Наурыз көктем»


1 жүргізуші:

Аналардың ақ сүтінен нәр алған

Аналардың үмітінен жаралған

Сәби едік, енді міне ер жеттік

Жүректерде биік мақсат, бар арман!

2 жүргізуші:

Анаға сірә теңеу таба алар ма?

Ақын да, ақылы асқан даналар да

Ардақтар әнге қосып есімдерін

Бас иеміз, бір емес, бар анаға

Би: Дайындық сыныбының орындауындағы «Малинки» биін қабыл алыңыздар

1 жүргізуші:

Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.

2 жүргізуші:

Ал енді бәріміз бірге мағыналы да мәнді керемет бір көріністі тамашалайық ...

Көрініс : 1 сынып оқушылары «Әзіл өлең»

1 жүргізуші:

Көңілін Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып алдында мен ақтарылмай

2 жүргізуші:

Армысыздар, Ару қыздар, Абзал ана,

Анаға тең келетін барма дана?!

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын

Қуанышпен құшаққа гүлдер толсын!


Би: 2 сынып Оқушыларының орындауындағы «Ару аққу » биің қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар

Жүрегіннің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам барма аналар?!

2 жүргізуші:

Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Ән: 1 сынып бүлдіршіндерінің орындауындағы «Сағындым әже » әнің қабыл алыңыздар. Тек сіздер үшін

2 жүргізуші:

Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әр бір күнім өлең .

3 жүргізуші:

Құрметтейік о, адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, Ана деген асыл жан ғой.

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Би: 4 сынып оқушыларының орындауында «Заманауй» биін қабыл алыңыздар

2 жүргізуші:

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

1 жүргізуші:

Табиғатта ана деген адам бар,

Адамдар – ау сол Ананы сыйландар.

3 жүргізуші:

Ана деген бар адамның байлығы,

Сол байлықсыз қанша адам қайғырды.

Ән: 3 сынып оқушылары «Абзал ана » әнің қабыл алыңыздар

1, 2 жүргізуші:

Біз анамызды өте жақсы көреміз,

Анамызбен шаттық өмір сүреміз.

Әрқашанда анамыз болсын қасымда,

Алладан біз осыны ғана тілейміз.