Өнерлі балалар байқауы 2015 жыл

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Көркемөнерпаздар 2015– байқауы!



Көрнекілігі: Өнерге байланысты ұлағатты сөзден тақырып жазылған плакат, шарлар.

Барысы: (әсем әуен ойнап тұрады)

Фанфар

  1. жүргізуші: Достым, бүгінгі байқау ерекше сияқты айналаңа қарасаң бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне мектебімізге келген қонақтар бар екен, сол кісілердің алдында бір түрлі қобалжып тұрмын.

  2. Несіне қиналып тұрсың? Алдымен амандасып алайық, «Сөз атасы-сәлем» – деген емес пе?

  1. жүргізуші: Армысыздар қонақтар, ұстаздар!

  2. жүргізуші: Бармысыздар, оқушылар!

1 – жүргізуші: Бүгінгі өткізгелі отырған көркемөнерпаздар 2011- байқауына қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Ендеше бүгінгі байқауға келгендеріңізге өкінбейсіздер деп ойлаймын, себебі біздің өнерлі өрендеріміздің әуелеген ән мен мың бұралған биін тамашалайсыздар.

1 – жүргізуші: Кәне кешті бастайық

Өнері бар достарым

Ортаға шық қасқайып,

Кімнің кәне биі бар

Кімнің әні күйі бар

Сал өнерді аянбай

Бүгінгі байқау сол үшін

Қобалжып асып-саспайық


    1. жүргізуші: Өнердің сырын ашайық

Думанды кеш жасайық

Қонақтарды риза ғып

Өнерден шашу шашайық

1 – жүргізуші: Өнерімізді көрсетпес бұрын қадірлі қонақтарымызды таныстырмаймыз ба?

2 – жүргізуші: Дұрыс айтасың.

Қазекем қонақ десе көсіледі

Мұндайда жан түйіні шешіледі

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген

Өзімен ала келер несібені – дей келе байқауға қатысып, өнерлі өрендерімізге баға беретін қонақтарымызбен таныстырып өтейік.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________



1 – жүргізуші: Уа халайық, халайық

Шырқап әнге салайық

Мың бұрала би билеп

Өнерімізді көрсетіп қалайық


2 – жүргізуші: Ендеше, бүгінгі байқауымызға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, байқауымызды бастайық.


1 – жүргізуші: Біздің мектеп қыздары өнер асқан

Билейді мың бұралып бала жастан

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз

Ортаға шығыңтаршы тартынбастан – дей келе мектебіміздің Айсұлу би тобының биші қыздарының орындауында қазақ биін тамашалаңыздар.


Қазақ биі.


2 – жүргізуші: Әл – махаббат, ән-сағыныш

Ән – қуаныш, ән – жұбаныш

Сырлы сазды әнмен бірге

Тербелсін деп кең даламыз - дей келе келесі қыздар вокалды тобына кезек берейік.

И.Нүсіпбаев «Жас дәуірдің түлегіміз».

[pic]

1 – жүргізуші: Келесі кезекте өнерлері бойында тұнып тұрған кішкентай бишілеріміздің өнерін тамашалаңыздар.


Гномики.


  1. жүргізуші: Камиладай әншіміз бар мақтанамыз

Әніне рахаттанып шаттанамыз

Байқаулардан сан рет жүлде алған

Камилаға ақ тілекті ақтарамыз.


«Алтын ұя мектебім» - әнімен Смағұлова Камиланы ортаға шақырамыз.


1 – жүргізуші: Спорт десе жан салған

Сан түрлі күйі бар

Буынсыз сымдай тартылған

Алтынай өнерпаз тағы бар


Көркем гимнастика. Алтынайдын орындауында.


  1. жүргізуші: Аруларды Ай мен Күнге теңейік

Жүректерге үміт гүлін себейік

Заманға сай «Бангор» биін билеген

Арулардын өнерінде көрейік


Бангор биі.


1-жүргізуші: Рахмет қыздар.


1 – жүргізуші: Сен дегенде лүпілдейді жүрегім

Жыр жаза алмай өзің жайлы жүр едім

Сен дегенде қуанышым шектелмес

Қазақстан, қыран далам нұр елім!


Дуэт «Қыран дала» Гриффенштейн Яна мен Мурадова Бэлланың орындауында


2 – жүргізуші: Келесі кезекті достығымыз жарасқан өзбек халқының ұлттық биіне берейік

Өзбек биі Балтабаева Анельдің орындауында

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің.

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің

Қандай ғажап қазақ болып туғаным

О, туған жер Қазақстан көркемсің

1 – жүргізуші: «Жас ұлан» - ұлдар вокалды тобы «Қазақстан» әнімен


Қарағайдын түбінен

Қайырып алған қобызын

Үйенкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым-деп Қорқыт атамыз қалдырған қобыздың қудіретті үнін кейінгі ұрпақтар жалғастырып келе жатыр ендеше Жансеитова Меруерттің орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тамашалаңыздар.


2 – жүргізуші:


Жігіттер қаламайды аласаны

Өмірде әлі талай бел асады

Әлемге туған халқын танытатын

Осылар еліміздің болашағы


Жігіттер триосы «Егемен ел» - әнімен қарсы алайық.


1 – жүргізуші:


Бекер ойнап күлмейік

Шаршағанды білмейік

Биледік қай әр биді

Үнді биін билейік


Үнді биі ____бишілердің орындауында.


2 – жүргізуші:


Жетісудың жұлдыздары жайнасын

Халқы оның көре білсін пайдасын

Өнерінді мәңгілікке жалғайтын

Біз сияқты өнер ұрпақ қайдасың - деп жергілікті композитор Төлеужан Ғұмар ағамыз айтқандай «Жетісу жұлдыздары» әнімен өнерлі өрендерімізді сахнаға шақырамыз.


1 – жүргізуші:


Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Уақыт та біраз жерге таяп қалды

Қош сау боп тұрыңыздар көріскенше

Осымен байқауымыз аяқталды.


2 - жүргізуші: Әділқазылар байқауымызға баға бергенше тамаша әнге кезек берейік.

[pic]

Ән орындалады: ______________________________________________________












[pic]