Сыныптан тыс іс -шара жоспары Саламатты жасөспірім-болашаққа кепілдеме

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...
























«Саламатты жасөспірім-болашаққа кепілдеме»































Сабақтың тақырыбы: «Саламатты жасөспірім-болашаққа кепілдеме»

Мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

ә) тәрбиілігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

б) дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.

Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру «темекінің», «нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына сурет салу, жұмыстарын тапсыру.

Әдісі: Ой-бөліс.

Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған зиянды заттардың зардабы тақырыбында сөз қозғалмақ.

Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.

Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?

ІІ бөлім. Таныстыру.

Келесі бөлімінде «Кеш қалмаңыз» бағдарламасына ой-бөліскелі келіп отырған мектеп медбикесіне сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан-жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес.

Мадина Есімовнаның ұстанымы: «Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қорықпаңдар».

  • «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсынбауға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

  • Сұрағыңыз орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның тез көріксізденуі. Ағзаның дамуы тоқталады. Ешқашан, нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.

  • Сауалыңызға рахмет.

Сабағымыздың келесі қонағы – мектебіміздің 9 сынып оқушысы нұрмаханов Саламат.

  • Саламаттың ұстанымы: «Шылым-шекпеймін, жамандарға ермеймін».

  • Саламат сен қазір жассың, әр нәрсеге қызығушылығың бар, шыныңды айтшы, шылымның дәмін алып көрдің бе?

  • Жоқ.

Кешіміздің келесі қонағы мектептің биология пәні мұғалімі Бахыт Жунусовнаны ортаға шақырамыз.

Бахыт Жунусовнаның ұстанымы: «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден».

  • Темекінің толып жатқан зияны ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген зиянды жақтарын біле тұра жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалар бір-біріне еліктеушілігі, бір-бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.

  • Жауабыңызға рахмет.

Мұғалім: Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада 5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.

Осы тақырыпты аша түсу үшін мектептің әлеуметтік педагогы Сапура Өтепбергенқызын ойбөліске шақырамыз.

Ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді».

  • Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіріңіз?

  • Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.

  • Рахмет

  • Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Жастар арасында наша пайдалану туралы мектеп оқушыларын сөзге тартып көрелік. Ол үшін мектептің 10 сынып оқушыларының бірі Балаусаны ортаға шақырамыз.

Балаусаның ұстанымы: «Кітап, журнал, газет оқимын, ән айтып, би билеймін, уақытты бос өткізбеймін».

  • Балауса, өзіңнің қаладағы дос-жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың делік. Саған жан досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады.Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?

  • Жоқ мен ондай әрекеттерден бойымды аулақ ұстаймын.

  • Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен екен.

«Салауатты мақсатым өмір сүру, өмірдің мағынасын аша білу».

Арақ пен темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратыннын біле тұра неге адамдар арақ ішіп темекіні неге шегеді деп ойлайсыз?

  • Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

  • Байырғы Қытай императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.

  • Ежелгі римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.

  • Ресейде І Петр тұсында арақ ішкен адамдардың мойына 17 фунт келетін медаль тағып қойған.

Мұғалім: Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Олай болса мына көрініске назар аударайық.(көрініс).

Осы орайда айта керерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидын белсенділігін төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез бұзады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен.

ІІІ бөлім. Ой-бөліс.

Қазіргі кезде шетел сериалдарын қарап отырсақ, үстелдің үстінде тамаққа қоса шарапта тұрады. Сондай-ақ адамда жылыну үшін де арақ ішіп жатады. Сонда алкоголь тамаққа тәбетті ашып, асқазан қорытуына өз септігін тигізе ме, әлде жылуына да септігі бар ма?

Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп жатыр. Бүкіл дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан күнінен 10 мың немесе жылына 3,5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі тартады. Соңғы 3-4 жылда темекі тартқандар саны 7,8% төмендеген.

Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелгені қаншама. Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер.

ІV бөлім Қорытынды.

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер.

Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын. Құрметті қонақтар қорытынды пікірлеріңізді тыңдайық.

Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.

Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан...

«Кеш қалмаңыз».

Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.