Әкем және мен тәрбиелік шара

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Әкем және мен» топтық сайысы

Мақсаты:
Отбасы тірегі-әкенің жауапкершілігін арттыру,Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты кеңейту, әкенің балаға деген махаббатын,сүйіспеншілігін арттыра отырып , әке мен баланың біріккен топтық сайыста білгірлігін, тапқырлығын ,бейімділігін байқау;


Түрі: топтық сайыс

Жоспары:

1. Кіріспе сөз «Әке – асқар тау»

2. «Әкем менің қамқоршым» ....

(оқушылар әкелерге деген сезімін өлең жолдары арқылы жеткізуді жөн санап отыр)

3.«Менің әкем».....оқушы пікірі

(оқушыларымыздың өз әкелері туралы бейне-пікіріне кезек берейік)

4. «Әкем және мен» топтық сайыс

5. Сен менің жадымдасың әркез”... зымыран сұрақтар
(оқушы және ата-аналарға)



1. Ұйымдастыру

Қайырлы күн қадірлі қонақтар,ата-аналар,оқушылар!

3 «а»сыныбының «Әкем және мен» тәрбиелік шарасын сіздерге ұсынғалы отырмыз. Бұл шараны біз топтық сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз.


1. Кіріспе сөз


Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. 



2. «Әкем менің қамқоршым» ....

(оқушылар әкелерге деген сезімін өлең жолдары арқылы жеткізуді жөн санап отыр)

 

1-оқушы

Сізсіз әке ең ақылды,ең шыншыл

Сізсіз әке ең жақыным ең сыршыл

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің

Жанымдасың қамқорымсың білемін

Қабыл алғын бала жүрек тілегін


2-оқушы

Әке деген биік шыңы адамның

Әке деген тірегі гой ғаламның

Әке деген бойында аққан қаның да

Шыққан тегің ол негізің жаның да


3-оқушы

Не десең де әке жолы бір бөлек

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп

Нағыз әке ақылғой де асқақ жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған



4-оқушы

Өзің барда қуаныш та бақта бар

Мен гүл болсам сен құнарым нәр алар

Мендегі бар ізгіліктің ұшқыны

Әке сенің тұнығыңнан басталар


5-оқушы

Жан әке асқар тауым сен менің

Өрлігіңнен қуат алып келемін

Мен тал шыбық сен ормансың қорғаным

Көке бойлап өсу менің арманым


6-оқушы

Өмірдің түзу жолын сен көрсеттің

Саған бақыт биік шыңға жеткенім

Адал болған ақниетті көздеген

Деп соғады әке сенің жүрегің


7-оқушы

Бір күн бар,жылатар күн,жұбатар күн

Бір күн бар мұңайтар күн,қуантар күн

Мейлі ол сәтті болсын,сәтсіз болсын,

Әке деген ұғымды ұмытар кім


8-оқушы

Өсірген баптап баласын

Әкелер әркез «Жарайсың»

Бар өнерін үйреткен

Әке деген ардақты ат


9-оқушы

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

Ал әкелер өздеріңе арналады

Бүгінгі той қуаныш пен мереке



10-оқушы

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің әр айың

анашыммен бақытты бол жан әке

Балаларың төге берсін мерейін


11-оқушы

Жыр арнап ой қозғадық кең көлемде

Балаларың бейім ғой әр өнерге

Бас иіп әкелерге алғыс айтып

Қосамыз біз сіздерді енді өлеңге


Хор:

Әке-отбасының асыраушысы,отбасының тірегі, отбасының қамқоршысы. Әкелеріміз аман болсын;



3.«Менің әкем».....оқушы пікірі

(оқушыларымыздың өз әкелері туралы бейне-пікіріне кезек берейік)




4. «Әкем және мен» топтық сайыс


Жоспары:
І. Топтың атауы....

(әкесінің баласына деген сүйіспеншілігінен туған атаулар)

2.“Қас – қағым” сәт (берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек)
“Жалғасын тап» (мақал - мәтел жалғасын табу)

3.«Ситуациялық сұраққа-жауап»

4.«Жазуынан танисыз ба?

(әкесінің,баласының жазуынан тани білуін байқау)


5. «Тауып ала ғой» (оқушы өз әкесінің еркелетіп айтатын сөзін табуы керек)




.“Қас – қағым” сәт (берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек)
“Жалғасын тап» (мақал - мәтел жалғасын табу)

  • Жеті жұрттың тілің біл, (жеті түрлі білім біл).

  • Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар

  • Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  • Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

  • Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

  • Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

  • Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

  • Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

  • Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

  • 2 жақсы қас болмас, (2 жаман дос болмас).

  • жеті рет өлшеп ( бір рет кес) 

  • Бір жеңнен қол шығар, (бір жағадан бас шығар).

  • Бір оқты бұлан көтереді, (Екі оқты ұлан көтереді.)

  • 7 атасын білмеген (жетесіз),

  • Бір тал кессең, (он тал ек).

  • Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді).

3..«Ситуациялық сұраққа-жауап»

1. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз

2.Балаңыздың тәртібі және білімі жөнінде көп ескертпе аласыз, балаңызға қандай ақыл кенес бересіз?

3. Мектептен балаңыз басқа баланың қаламын сұраусыз алып келді, сіздің әрекетіңіз,пікіріңіз

4.Балаңыз мектепке керекті құрал алып беруіңізді өтінді.Сіз кешіктірдіңіз...Қандай әрекет жасайсыз

4.Логикалық ойлар сыр шертеді

Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне, - дей отырып, топтарға логикалық сұрақтарға береміз, кімнің қас-қағым сәтте жауап таба аларын білейік.


1.Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (Жауабы: бесбұрыш)

2.Төрт қойдың неше аяғы бар? (Жауабы: 16)
3. Бір санды 9 есе арттырғаннан 27 шығады. Ол қандай сан. (Жауабы: 3)

4. Аспанда бес үйрек ұшып барады. Біреуін атып түсірсе нешеуі қалады. (Жауабы: біреуі, қалғаны ұшып кетті)

5. Үш сызықтан пайда болған фигура (Жауабы: үшбұрыш)

6.. Бір әкеден «Неше балаң бар?» деп сұраған екен. Ол: «Төрт ұлым бар, әрқайсының туған әпкелері бар» деп жауап беріпті. Әкейдің неше баласы бар?
(Жауабы: 5 баласы бар)

7.  Балды жақсы көретін аң. (аю)

8. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды.
9. . Қай сандардың қосындысы 5 - ке, көбейтіндісі 6 - ға тең? ((2+3,2х3)
10. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі

11. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді
12.
Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?
Жауабы: 10 - шы қаңтар


5.«Жазуынан танисың ба?

(әкесінің,баласының жазуынан тани білуін байқау)


6. «Танып ал» (оқушы өз әкесінің еркелетіп айтатын сөзін табуы керек)




Қорытынды

      Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі әрине сезеді. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкеңе сенерің анық.

Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.



Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата- аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралатынын есте сақтайық дегім келеді.