Тәрбие сағаты Нашақорлық - ғасыр дерті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы: «НАШАҚОРЛЫҚ-ҒАСЫР ДЕРТІ»


 Мақсаты: Жас ұрпақтың ЖҚТБ туралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже:   1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды; 
                                  2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;
                                  3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
                                  4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Сабақтың  әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу, «өзім үшін жазу», топтастыру
Сабақтың  көрнекілігі: «Денің  сау  болсын  десең...»  атты  кітап  көрмесі, суреттер.                                  
Сабақтың  барысы:

І Қызығушылықты ояту
І Ұйымдастыру: Оқушылармен  амандасу,бүгінгі  сабақтың  мақсатымен таныстыру.
ІІ Тренинг ойнату: «Сыйлық»
ІІІ Ой қозғау
1.    ЖҚТБ мен АҚТҚ  бір ұғым білдіреді ме? (иә)
2.    ЖҚТБ-мен зақымданған адамдар өзін дені сау сезініп, сырт көзге солай көріне ме? (иә)
3.    Маса шаққанда ауру жұғады ма? (жоқ)
4.    ЖҚТБ-мен ауратын адамды құшақтау қауіпті ме? (жоқ)
5.    Қоғамдық әжетхананы пайдалануда зақымдану қауіпі бар ма?  (иә)
         
ІІ Мағынаны тану
     Балалар, бүгінгі  таңда жасыратыны жоқ  бізді  қоршаған  ортамызды  жаман  әдетті  аурулар  қаптап  кетті. Олар,нашақорлық, СПИД,  ішімдікке  салыну  сияқтыларды  айта  аламыз.  Соның  ішінде  жастар  арасында  нашақорлық  әдеті  өте  көп  тарап  кетті.Бұған  біз  кімді  кінәлаймыз? Бұл  сұраққа  жауап  іздеу  де  қиын.
Кезекті Гульфарузға беріп, баяндама тыңдайық.
Жалпы  есірткі  заттар  адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. 
            Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады, алайда  осы  кезде  ересектер  арасында  да  есірткінің  зиянын  шегіп  жүрген  адамдар  көбейіп  барады.Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық  жазасыз  болмайды.Нашақор  ата-анасы  ауқатты  жасөспірімдерді   есірткіні  әуестендіруге, соның  арқасында  өзінің  «қамын» ойлауды  мақсат  етеді.Нашақордың  жасөспірімдер  тобына  қосылуының  себебі  де  сол.Ол  алдымен  наша  шегуді  немесе  ес   ауыстыратын  дәрі  ішуді  ұсынады, еліктегіш  жастар  дәм  тата  бастайды.Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға, есірткінің  құлына  айналады.Есірткіні  түнгі  клубтарда би  алаңдарында, тіпті   мектептерде  де  сатып  алуға  болады.
 Бұрын  жасөспірімдер  анаша, марихуана  шегіп, әр  түрлі  желімдер  иіскейтін



 болса,қазір  героин,какоин, синтетикалық   есірткілерді  қолданады.Ал  синтетикалық  есірткінің  ерекшелігі  сол, бір  дәмін  татқаннан  кейін  есі  ауады  да  тұрады.Бір  пайдалансаң  жайын  жай  табады, керемет  күйге  түсесің  деп  алдайды.Аз  уақытқа  болса  да  ләззат  алғанына  мәз  болам  деп, нашақор  сатына  қосылғанын  білмей  қалады.   
            Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
             Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін. Ондаймен айналысқанда 30-жасқа  жетер  жетпес  өмір  сүреді  бұлай дейтін  себебіміз, бұл  жаман  нәрсеге  адамдар  ақылға  салмастан, желігіп  еліктейді  де артынан  өзіне  қиын  болатының  білмей  де  қалады.
 Сол  себепті  біздің  бүгінгі  сабағымыз  біз  ақылды   жастардың  бұндай  іс-әрекетке  бармауы үшін магнитті таспадан мыны бір жанның өз өмірі жайлы баяндаған әңгімесін тыңдап көрейікші.
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата – анамның тіптіұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті.  Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман – есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді. 
Балалар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?  (Жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы, отбасындағы тұрмыстың нашарлығы)
Егер, балалар, нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрңіздер.
Менің ата – анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата – анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан – кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір – екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата – анам, дәрігер



шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Өазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
Екі адам, екі тағдыр. Балалар, енді ойланып көрейікші екінші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?  
Топтастыру:
Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік.
Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық. 
1.    Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2.    Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3.    Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.
«Өзім үшін жазу» әдісі:
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың  пікірлерін білдік, тыңдадық.  Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, тақтаға ілесіздер.
Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді: 
Үндеу!
    Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. 
Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. 
Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар! 


ІІІ Толғаныс
   
ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпінің дәрежесі    Жоғары қауіп    Қауіпі төмен дәрежеде    Қауіп жоқ
Бетінен сүю            +
Ортақ ыдысты пайдалану            +
Денеге инемен сурет салғанда    +        
Бөтен адамның тіс щеткасын пайдалану        +    
Қорғалмаған жұптасу    +        
Шприцтер мен инелерді бірігіп пайдалану    +        
   
Оқушылардың  ойларын  жинақтай    келе. «Өмірдің  жарқын  болашағың, зор



 болсын  десең, еліңнің  жұлдызы  болам  десең  денсаулығыңызды  күт» деген  жолдармен  аяқтаймын.
Хормен: Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!

Үйге тапсырма:  Мақал – мәтел жазу