Мен, Қазақстанның патриотымын 9-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


142 орта мектеп













Сыныбы: 9

Сынып жетекшісі: Көшербаев Б.



















2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, тәуелсіздік сөзінің мағынасын ұғындыру, өз құқығын білуге үйрету, мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудағы президентіміздің таңдаған стратегиясымен таныстыру. Елін, жерін сүюге, Ата Заңын қастерлеуге, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын жастарды тәрбиелеу. Оқушылардың Семей полигонының зардаптарының шығу тарихы, зерттелуі туралы түсінік беру.

Білімділік: Оқушылардың бойынан патриоттық сезімді ояту. Ауаның, судың және жердің ластануы адам өміріне қауіпті екеніне назарларын аудара отырып, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа, белсендік пен шапшаңдық танытуға дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ете отырып оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, еліміздің табиғатын мен өздерін қорашаған әлемді қорғауға ат салысуына ықпал ету.

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

Түрі: Аралас.

Көрнекілік: Суреттер, плакат, интерактивті тақта, бейне сюжет.



Тәрбие сағатының барысы

А) Ұйымдастыру кезеңі

Б) Жаңа сабақ

В) Сұрақтармен жұмыс

Мұғалім: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.

«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. Осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын, жерін жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған осы айтулы оқиға Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 25 жыл толып отырғанын әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары білуі керек. Ядролық қару жаппай қырып-жою қаруы. Адамзатқа үлкен қайғы-қасірет пен апат әкелетін – ядролық қару. Атом бомбасы – авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш ядролық бөліну реакциясына негізделген. Кеңестер Одағында жасалынған ядролық қаруды сынайтын алаң қазақ жеріндегі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты) Семей полигоны болды. Полигонда 40 жыл бойы 470 рет ядролық қару сынақтан өткен. Атом бомбасы сыналған аумақта: жерде, суда, ауада, топырақта радиоактивті заттардың мөлшерінің артуы байқалған. Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. XX ғасырдың 40 жылдарында Америка Құрама Штаттары атом бомбасын жасап шығарды. Бірінші атом бомбасы 1945 жылы Тынық мұхиттағы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталды. Бірнеше секундтардан кейін атом жарылыс адамдардың өмірін қиды. Мыңдаған радиоактивті сәулеге шалдыққан мүгедек адамдар пайда болды.

Дархан: 1947 жылы 21 тамызда КСРО Үкіметінің арнайы қаулысымен «Семей – 21» деген шартты атаумен жаңа жасырын қала пайда болды. Қала әскери – өнеркәсіптік кешеннің мүлде жаңа құрылымына яғни ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды. Алға қойылған міндеттерін бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген құрамы ескеріле отырып, ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан жайылымдар, шабындықтар, таулы қыраттар есебінен 18 мың шаршы км-дей жер бөлініп берді. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын, реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

Дана: Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты (жылына 14-18 сынақ) құрады. Олардың 116-сы ашық болды, жер бетінде, әуе кеңістігінде жасалды. Сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

Сағыныш: 1949 жылы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат 7-де Семей ядролық сынақ полигонында тұңғыш рет КСРО мемлекетінің ядролық қаруы сыналып, қуаты 20 килотонналық РДС – 1 плутоний заряды жер бетінде жарылды. Көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп аспанға көтерілген. Таяу жердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқан, қарсақ, кесірткелердің өлі денесі табылған.

Бекзатхан: Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа танталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологтялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. 1949 жылы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулелену ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалды. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялар. Жалпы алғанда қатерлі ісік аурулары сынақтар басталғалы бері 3 есе өсті. Семей полигонына жақын аудандарда жетілуінде, тәндік және есту кемшіліктері әрқилы сәбилер дүниеге көп келді.

Ерсұлтан: Өз жерінде мылтықсыз майданның құрбанына айналған халықтың денсаулығына іс жүзінде ешбір жәрдем көрсетілмеді. Оны айтасыз, дәрігерлерге радиация әсерінен болған аурулардың дұрыс диагнозын қоюға тыйым салынды. Менің атамекенімнің маңдайына осындай қасірет таңбасы басылыпты. Тек 60-сыншы жылдардан бері ғана бір ауылдан 500-ден астам адам ядролық сынақтың кесірінен қыршынынан қиылса, 150-ден астамы онкологиялық емханада жатып жарық дүниемен хош айтысты. Ал қаншама адам өз-өзіне қол жұмсау қасіретіне ұшырады. Қазақ жеріндегі осындай адам төзгісіз алапатты тоқтатып, тажалды тізгіндеуде аянбай еңбек еткен тұлғалар бар. 1991 жылдың 29 тамызында Президент Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – Тәуелсіздік ала сала қазақ елі қабылдаған алғашқы маңызды шешімдердің бірі болды.

Аружан: Бүгінде Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған осы айтулы оқиғаны әрбір жас білуі керек. 2001 жылдың 29 тамызында Семей қаласындағы «Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған үлкен ескерткіш қойылды. «Өлімнен де күшті» мемориал жобасының авторы – Шота Уәлиханов.

Табиғатқа,

Тартпай қоймас – Адамдар,

Суда балық,

Көк жүзінде қыран бар.

Жеңе алмайды, тірліктегі – бірлікті,

Ашылса да алты алауыз – арандар!

Жер – қайыспас,

Өзі өндірген салмақтан,

Қашпайды ешкім,

Ажал деген қармақтан.

(Ортаға оқушылар шығады. Қолдарында «Біз ядролық қаруды қаламаймыз», «Ядролық қаруға жол жоқ» сынды жазулар жазылған плакаттар).

Мұғалім: Семей ядролық сынағына қарсы алғаш бастама көтерген тұлға – Кешірім Бозтаев. Оның «Семей полигоны», «Қайнар қасіреті» кітабында полигон қасіреті баяндалған. Елімізде ядролық сынақтарға қарсы «Невада – Семей» халықаралық қозғалысы көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің бастамасымен 1989 жылдың ақпанында құрылды.

Вашингтонда 2010 жылдың 14 сәуірінде өткен «Ядролық лаңкестік қатерін азайту және ядролық материалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық шаралар» саммитінде АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстанды ядролық қарусыздану жөніндегі әлемдегі көшбасшы ел деп танитынын мәлімдеді.



Сұрақтармен жұмыс:

1. Қазақстан аумағындағы Семей полигонына ядролық сынаққа қанша га жер бөлінді? (18 млн га)

2. «Невада – Семей» қозғалысы кімнің бастамасымен қашан құрылды? (О.Сүлейменов, 1989 жылдың ақпанында)

3. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны (456)

4. Алғашқы атом бомбасы қашан және қайда жасалды? (XX ғасырдың 40 жылдарында Америка Құрама Штаттарында)

5. Алғашқы атом бомбасы тасталған жер (Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалалары)

6. Семей ядролық сынақ полигонында ең алғаш қай жылы қандай қару сыналды? (1949 жылы 29 тамызда РДС – 1 плутоний заряды)

7. Соңғы Конституция қашан қабылданды. (1995 жылы 30-тамызда)

8. Конституция неше бөлімнен тұрады? ( ІХ бөлімнен, 98 баптан)

Хор «Көк тудың желбірегені»

Қорытынды: «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз, Қазақстан елінің жасөспірімдері, бүлдіршіндері еліміздің өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан игі қадамы үшін Елбасымызға, «Невада – Семей» қозғалысының басында болған Олжас Сүлейменов сынды, сонау қылышынан қан тамған заманда Семей ядролық сынақ полигон жайында КСРО Қорғаныс министріне сұрау салған Нұртай Сабильянов ағамызға, ел басқару ісінде болған Кешірім Бозтаев, Хафиз Матаев сияқты ағаларымызға, аталарымызға ризамыз және барлық елдердің балалары ядролық қарудың құбыжық кейпін көрмеуін, дүмпуін естімеуін қалаймыз.



Өткен жылдар жемісі.

1991 жылы 29-тамызда Елбасы Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

1991 жылы желтоқсанның бірінші жұлдызында республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың  Президенті етіп сайланды.

Тәуелсіздік алған соң өз еркімізбен ядролық қарудан бас тарттық.

1992 жылы қазан айында тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

4-маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдары қабылданды.

28-қаңтарда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевқа 150 жыл толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген Ұлы Жеңіске 50 жыл болды.

1995 жылдың 30-тамызында  Қазақстан Республикасының Конституциясы қайта қабылданды.

1996 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5-жылдық мерекесінің құрметіне Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді.

1998 жылы «Халық бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

1998 жылы жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналды. Бас-аяғы 2-3 жылдың ішінде САрыарқаның нақ ортасында, Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды.

Мұнай қоры мол Қашаған кен орнының ашылуына байланысты Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде 5-орынға көтерілді.

Еліміз мырыш қоры бойынша әлемде І орын, қорғасын қоры бойынша ІІ орын, марганец қоры бойынша ІІІ орында.

2010 жылы елімізде Ақ Азиада алауы жағылса, дәл осы жылы            ЕҚЫҰ-на Қазақстан төрағалық етті.