Бекітемін:
________А.Қарабалина
«___»______2016ж.
13.10.2016ж. Сыныбы: 8 «Б»
Мұғалімі: Тоғызбай Ақтілек Киікбайқызы
Тақырыбы
Ғасыр індетінен сақтанайық!
Мақсаты
Оқушыларға ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір жайлы білімдерін тереңдету
Міндеттері
Оқушылардың жат әдеттерден бойларын аулақ ұстап, аталған зиянды заттардың ағзаға тигізер әсерін білу және өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту
Өз өмірі мен денсаулығын бағалай білуге, оны сақтауға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже
Оқушылар шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсініп, салауатты өмір жайлы білімдерін тереңдетеді
Ресурстар
Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, қайшы, желім, А 4 қағаздары
Ұйымдастыру
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Ой қозғау
/5 мин/
Оқушыларға «Ақ пен қара» бейнежазбасы көрсетіледі. «Бейнежазбадан не түйдіңіздер?», «Ғасыр індетін не деп ойлайсыздар?», «Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?» сұрақтары қойылып, тақырып ашылады.
Мұғалім сөзі: Балалар, маған осы сабақты өтеді дегеннен көптеген елді мекендерден әр түрлі хаттар келіп түсті, соның бірін сендерге оқып берейін және бірге талқылайық:
«Өле алмай жүрген сырқатпын,
Шіріген картоп секілді,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.» Жұмбақ кейіпкердің хатын оқи отырып , «Жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?», «Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?» сұрақтарына жауап алып, ой бөлісу.
Оқушылар бейнежазбаны көріп, ой түйеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Топқа бөлу
/2 мин/
Мұғалім сөзі: Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсеңіз, көзің соған түседі.Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыздар? .....
Адам денсаулығы-қоғам денсаулығы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелеріне сәйкес, денсаулық дегеніміз –«Тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен қатар ол рухани, әлеуметтік саулықтың толық мәнді теңдігі» делінген.
Түрлі-түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы «Кесел батпандап кіріп, Мысқылдап шығады», «Білімнен қымбат досың жоқ, Аурудан бетер қасың жоқ», «Тәтті-дәмді мың болар, Денсаулық деген бір болар» атты мақал-мәтелдер арқылы «спортшылар», «психологтар», «дәрігерлер» топтарына бөледі.
Қағаз қиындыларына жазылған сөздер арқылы мақал-мәтелдер құрастырып, «психологтар», «мұғалімдер», «дәрігерлер» топтарына бөлініп, топ басшыларын сайлайды.
Шығармашылық
/10 мин/
«Дәрігерлер» тобына шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын Венн диаграммасына салу;
«Психологтар» тобына жағдаят беріледі:
«Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырды. Досың да сол жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандайда бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?» . Берілген шешімінің бірнеше жауаптарын жазу;
«Спортшылар» тобына салауатты өмір салтына постер қорғау тапсырмалары беріледі.
Оқушылар өздерінің жұмыстарын қорғайды
Ойын
«Есептеп көрейік»
/1 мин/
Отбасындағы экономикалық шығынды есептеу. 1 күнде – 1қорап темекі (300 теңге)
1 жылда - ?
Жауабы: 365х300=109 500
Оқушылар темекіге жұмсалған отбасылық шығынды есептейді.
Қорыту
/1 мин/
Балаларға ұран сөз жаттатып, айтқызу:
«Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын!»
Балалар ұран сөзді жаттап алады.
Рефлексия
/1 мин/
«Бір ауыз айтайын» әдісі арқылы сабақты қорытындылау
Әр оқушы бір сөйлеммен сабақта алған әсерлерін,тақырып жайлы ойларын стикерге жазады.
Темекінің шығу тарихы. Темекі Европа мен Азия ХҮ ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген.
Темекі шегуші адамдар тек өзінің ғана улап қоймай , қасындағы басқа адамдарды да уланатыны белгілі.
Темекінің басты зияндылықтарын айтар болсақ, олар төмендегідей болады.
1. Ерін,тіл және өңеш қатерлі ісігіне душар болады.
2.Асқазанда жара пайда болады.
3. Жүрек ауруларына шалдығады.
4.Тез қартаяды теріде әжім пайда бола бастайды.
5. Өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне ұшырайды.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4млн адам қайтыс болады екен.Өлімге алып баратынын бірден-бір зиянды зат екенін айтып , әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартқанын анықтаған.
Темекі тарту адам денсаулығына көп зиян келтіреді. Адамның дене мүшесіне ең ауыр әсер беретіні – никотин. Ол темекі жапырағының алкалоиды майлы түссіз немесе жағымсыз иісі және күйдіргі дәмі бар ақшыл сары сұйықтық. Никотинге адам денесінің тез үйреніп кететіндігінен оған уланып жатқанын сезбейді.
Ішімдік - адамның денсаулығына қауіпті жау. Ғалымдардың айтуына қарағанда ішімдік ішетін адамдардың ағзасына зақымданбаған ағза болмайды екен. Ішімдік ішетін адамдардың өмірі ағзаның әлсіреуіне, ерте қартаюға, өмірінің қысқа болуына себеп болады.
Арақ ішетін адамдардың өмірі арақ ішпейтін адамдардың өмірінен 15-20 жылға қысқа болады екен. Ол адамның мина орталық жүйке жүйесіне зақым келтіреді. Ми жасушаларын өлтіреді. Тіл, бауыр, кеңірдек, бүйрек қатерлі ісігімен көп жағдайда маскүнемдер ауырады.
Ішімдік ішетін адамның есту, есте сақтау қабілеті төмендеп, күш-жігері әлсірейді. Миы уланып дұрыс жұмыс істемеген соң денесі жарақаттайды, жүрісі бұзылады.
Жасөспірімдер арасында ішімдік ішуге әуестенуге себеп-өз жанұясы. Маскүнемдік жанұяға әрқашан үлкен кедергі тигізеді. Ішіп алған адам жанұясында жанжал шығарып, шырқын бұзады.
Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап, өз өміріңе өзің балта шабасың !
Нашақорлық- бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желісіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Нашақор адам өзін өте жеңіл сезінеді, өзге бір мәселелерді және жауапкершілікті ұмытады.Егерде нашаны ары қарай қолдана беретін болса адам денесі оған үйреніп ауыр улануға душар болады.
Нашақорлар өздерінің дене мүшелерін ғана улап қоймай жандүниелерін де бұзады. Жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, біртіндеп
толық мүгедектікке айнала бастайды, соның негізінде жас кезден-ақ нашаның салдарынан адамды өлімге жетелейді.
Жаман адамдар сені қорқытып, саған үстемдік көрсетіп топқа қоспаймыз деп маған билік жүргізгісі келеді. Ондай адамға еруге болмайды
Маңғыстау облысы
Облыстық үздік тәрбие сағаты байқауы
«Ғасыр індетінен сақтанайық!»
[pic]
Түпқараған ауданы №1 мектеп-лицейінің
математика пәні мұғалімі: Тоғызбай А.К.
2016-2017 оқу жылы
«Дәрігерлер»
«Психологтар»
«Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырды. Досың да сол жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандайда бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?»
«Психологтар»
«Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырды. Досың да сол жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандайда бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?»