[pic]
«Желбіретті тәуелсіздік жалауы»
Мақсаты:Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күресіп желтоқсан құрбаны болғандардың өмірі, ерлігі жайында насихаттау. Оқушыларға потриоттық тәрбие беру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар қауымы, ата - аналар, оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке, біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Олай болса еңсесі биік еліміздің сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз!
Назар аударыңыздар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!
Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің оқушылары, болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары, өз өнерлерін көрсетеді.
Сіздер әдеби-музыкалық кешті қызықтап, ән қанатында қалықтап, шат сезіммен шарықтап көтеріңкі көңіл күймен отырыңыздар!
Дана:
Қазақ десем қаным қызып денемде,
Қайнап кетем ғажап күйге енем де.
Қазақ десем Абай болып елестеп,
Абай мен шақырады өлеңге.
Қазақ десем айдарымнан жел есіп,
Кетем ойна Мұқаңменен кеңесіп.
Қазақ маған Әлиядай айбынды,
Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп.
Қазақ десем қаламымнан жыр тамып,
Өткенді еске ап отырамын бұрқанып.
Қазақ деген Тәуелсіз ел бүгінгі,
Түп – тамыры жатқан сонау тереңде.
Қазақ бүгін тәуелсіз ел, біл мұны,
Ақиқатқа айналғандай шындығы.
Әрбір түні ақ тілеумен жабылып,
Атар таңға айқара ашық түндігі.
Жүргізуші: («Сұмдық ай» газетінің журналисі Меруерт Бәкең ата мен Әмина аженің үйіне «Мұзда жанған алау» жайында сұхпат алу.)
Ахметовтар отбасы түскі ас мәзірі кезінде үйге журналист Меруерт кіріп келеді.
Әже: Сол сәтте әжеміз қош келдің қызым деп қарсалып, төрге шақырады.
Дәмнен ал!(атаның сөзі)
Журналист: ҚР Тәуелсіздік алғанымызға міне бақандай 22 жыл. Соған байланысты біздің «Сұмдық ай» газетінің атынан арнайы сізбен тарихи маңызы бар, кең ауқымды «Мұзда жанған алау» жайында сұхбаттасуға келіп едім.
Ата: Иә, ол күн Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16- желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта Қазақстанды 26 жыл үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Колбин тағайындалған еді.
Журналист: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. Ұмытылмайтындығы - оның халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әнгіме емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғаның бірі.
Ата: Сол бір суығы ерте түскен қыс күндерінде тоқырау тажалының ызғарында аяусыз, армансыз тапталған ар - намыстың ышқынған даусы әлі де шыңылдап тұрғандай
(қабағын түйіп, көзіне жас алып сол сәт көзалдынан өтеді. Ащы шыңыл даусы беріледі).
Слайд (декабрь16)
Жүргізуші:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашан да тиісті емес еңкеюге жалауы!
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаҺармандары Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбековтер секілді ұл – қыздарымыз елімнің болашағы, еркіндігі үшін күресті.
Сәбира Мұханметжанова 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысында, ол көк жасыл орман көмкерген, кербес Алтай тауының етегіндегі әсем қала Өскеменде дүниеге келді. Ол кезде небәрі 16 жастағы Сәбира, 26 – шы желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар – намысына, ата – анасына масқара сөздер айтып, балғаттанғанына, оқу орнынан жазықсыз шығарғанына шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің І курс студенті Сабира Мұхаметжанова жатақхананың 5 - этажынан құлап қайтыс болды.
19 – желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23 – желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облсының Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында дүниеге келген. Ол Желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы құрылыс – архитектура институтының студенті еді.
Жастардың бейбіт мақсаттағы демонстрациясын тарату үшін солдаттар мен милиция жасақтары ақылға сыймайтын, заңсыз, адамгершілікке жат әдістерді қолданды. Тіпті жалған жала да жабылды.
(Қайратқа тағылған жала)
Сахнада, екі милиция киімін киген адам Қайратты темір тордан алып келе жатады. Сонда жаралы Қайрат былай дейді:
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол, таңдарым!
Көре алмай, енді өтермін.
Қош аман бол, артымда,
Ағайын-туған, азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!- ату жазасына кесіледі деп жатқанда жұлқынып:
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты - құрбандық,
Атам десең атыңдар!
Слайд(желтоқсан желі - 2)
Жүргізуші:
Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келді. Солардың арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
Катя:
Қуаныш:
Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтамын.
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім дейтұғым ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаны тентіреткен.
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына
Талай царь, талай князь тәжім еткен.
Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтамын.
Ән: Алтынай Жорабаева – Қазақстаным алға...(хор)
Слайд: ҚР хронология + (күй хафиз)
Би: Қара жорға (Бейбарс, Динара)
Ата:
(Міне, қызым Тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ, осы жолда талай боздақтар жанын қиды. Соның арқасында 50 елдің қатарына еніп, әлем танитын дәрежеге жеттік. Осы күнге шүкірлік етуміз керек.)
Журанлист: Ата уақытынызды бөліп, сұхпаттасқаныңызға көп рахмет!!!
Әже: Ал қызым жолың болсын!
Бейбарыс:
Қазақстан - кеше...
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді?!
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Олжас:
Қазақстан – бүгін...
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр.!
Бүгін, міне, Тәуелсіздік, ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!
Жұлдыз:
Қазақстан – ертең...
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе – тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
Би: МузАРТ – қазақтай ел қайда? (Ұлболсын, Меруерт, Мөлдір, Жұлдыз)
Ту әкетіледі.
Жүргізуші:
Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз. Айымыз оңымыздан тусын ағайын!
Ән: «Көк тудың желбірегені»