Сабақтың тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Сабақтың мақсаты: оқушыларды Елбасымен таныстыра отырып, Отанға, елге, ата –анаға, туған жерге деген сүйіспеншілктерін арттыру, егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу, оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту
I Жүргізуші:
-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары . Бүгінгі 1 «А», «Б»сынып оқушылары арасындағы «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
II жүргізуші:
ҚР –біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазір біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жүрміз, білім алуға да мүмкіндік мол.
I Жүргізуші:
-Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?( Н.Ә. Назарбаев)
II жүргізуші:
-Президент қашан және қай жерде дүниеге келеген?
-Н.Ә.Н 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында өмірге келген.
I Жүргізуші:
Н.Ә.Н. – түркі әлемінің лидері.
II жүргізуші:
Республика Президентін сайлау бойынша өткен алғашқы бүкілхалықтық сайлау барысында Н.Ә. Назарбаев 98,7пайыз сайлаушылардың қолдауына ие болды.
I Жүргізуші:
Н.Ә.Н.жеке өзі бейбітшілікті нығайтуға елеулі үлес қосты.
II жүргізуші:
Қазақстанның өнегесі бойынша бірнеше мемлекет ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты.
Армысыздар, асыл жандар, ұстаздар!
Мейірім мен шуақ берген балаға
Біз боламыз Егемен елдің ертеңі
Білгім келеді бұл әлемде бәрінде
Елбасы сайланып
Ант берді ұлы халыққа
Құтты болсын, Нұр аға!
Қуанып жатыр халқыңда
Жиырма бір жыл еліңізді,
Сүріндірмей келесің.
Ес білгелі естіледі,
Нұрсұлтан деген ер есім.
Айқала бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын ,
Нұр аға біздің ұлы адам.
Отан- менің ата –анам
Отан -досың, бауырың,
Отан- өлкең астанаң.
Отан -аудан, ауылың.
Таңбаң бартауларыңның әр тасында
Еркінде дамылдайсың жортасың ба?
Еліңді әлем бүгін танып отыр.
Нұрсұлтан деген ердің арқасында.
Егемен болмай ел болмас,
Етек жеңі кең болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Бекіту: Топтастыру әдісі
Кемеңгер Данышпан
Елбасы
Президент Ән ұранның авторы