Сабақтың тақырыбы: | «Кітап білім бұлағы» интеллектуалдық сайысы |
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: а) ақпараттық құзыреттілік б) коммуникативтік құзыреттілік в) проблеманы шешу құзыреттілігі |
Балаларды білімді, жан – жақты болуға үйрету.
Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
|
Сабақтың әдісі: | Сұрақ жауап, баяндау, білім беруді ізгілендіру. |
Пәнаралық байланыс: | Ана тілі, дүниетану |
Оқыту құралдары: | Көрнекілік, жүрек топшамалар, дәптер. |
Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
I Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіндер ме балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Кітап білім бұлағы» интеллектуалдық сайыс түрінде өтеді. Барлықтарыңыздың белсене қатысуларыңыз ұсынылады. Бүгінгі сайысқа үш топ жарысуға келіп отыр. Ал енді сол топтарды атап кетсем: «Ұлан», «Ақжелкен», «Сұңқар» топтары болып табылады.
Ал сайысымызды бастайық. Барлығыңызға сәттілік, әділ қазылар әділ баға қойсын.
Үш топ ортаға шығады.
Бір – біріне деген сыйластығы, қарым – қатынасы артады.
ІІ.Негізгі бөлім
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды үш топқа бөлу.
Ойын шартымен таныстыру.
І кезең: Топты таныстыру. (топ аты, ұраны)
ІІ кезең: Құпия хаттар ( әр топқа сұрақтар беріледі)
ІІІ кезең: Оқу инемен құдық қазғандай (мақал жарысы)
ІV кезең:Бал жұмбақтар (Жұмбақтар жасырылады)
V кезең: Қорытынды
І кезең: Әр топ өзінің топ аттарын, топ ұранын айтады. Әділ қазылар бағалайды.
ІІ кезең: Құпия хаттар. Балалар, ертегілер әлемінен қоян сендердің білімдерінді тексеру үшін әр топқа құпияға толы хаттарды жолдаған. Тіпті қай топқа екенін де жазып жіберген ғой, ал қане балалар хаттарды ашып көрелік.
Сұрақтар:
Ұлан тобы:
Біздің президентіміз кім? Құстың үйін қалай атаймыз?
Наданмен дос болғанша,
.................дос бол.
Ақжелкен тобы:
Қ.Р рәміздерді ата?
Өрт сөндіретін адамды қалай атаймыз?
.........ақыл қуаттандыратын құрал
Сұңқар тобы:
Тісін ауырса кім емдейді?
Құстар жылы жаққа қай мезгілде ұшады?
Күш білімде
Білім .........(
ІІІ кезең:Оқу инемен құдық қазғандай: бұл кезеңде сендер бір - бір мақал айтып жарысасыңдар. Кім көп мақал айтады сол топ жеңімпаз болады.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке, демекші келесі кезекті Қызықты жетілік кезеңіне берейік.
ІV кезең: Бал жұмбақтар: Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, ал сендер сол жұмбақтың шешімін тауып көріңдер.
Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
Сөзі дана, Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.
Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ мекендейтін.
Қабат қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол шамшырақ сөнбейтін.
Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Менде оны жақсы көремін.
Үндемес серік, ақылы берік.
Бір жағынан тігілген,
Бір жағынан сөгілген.
Көп өмірден көргені
Алғанынан бергені.
Оқушылар үш топқа бөлініп, ойын шартымен танысады.
Әр топ өзінің топ аттарын, топ ұранын айтады
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
( Н.Ә. Назарбаев)
( Ұя)
(кітаппен)
( Ту, елтаңба, әнұран)
(өрт сөндіруші)
( кітап)
(Тіс дәрігері)
(Күз)
кітапта)
(кітап )
(кітап)
(карта)
( кітап)
( кітап)
( кітап)
Ойларын жинақтап сұрақтарға жауап береді.
Ойын шартымен танысады.
Ойынға белсенділіктері артады.
Берілген құпия хаттарындағы сұрақтарға жауап береді.
Ойынға деген қызығушылықтары арта түседі.
Бұл кезеңде мақалдар жарысында оқушылар өздерінің сөздік қорларын байытады.
Бал жұмбақтар кезеңінде оқушылар жұмбақтардың шешімін тез таба білді.
Ойларын жинақтап, тиянақты жеткізе білуге үйренеді және өздерінің бойына рухани байлықтарын толықтырады.
Қорытынды
Енді әділ қазылар алқасы бағасын айтқанша біз ертегілер еліне саяхаттайық. Қазір 1,2,3, бәріміз көзімізді жұмайық. Біз күлкі әлеміне саяхатқа бара жатырмыз. Аспан әлемінде қандай тамаша! Таза ауа, әдемі құстар! Осындай қызықтарды тамашалап күлкі әлеміне де жетіп қалыппыз. Күлкі әлемінің адамдары мейірімді сұлу екен. Біз күлкілі көңілді сәттерімізді есімізге түсірейік. Ал енді 1,2,3, бәріміз көзімізді ашайық!
Не сездіңдер? Аспанда не көрдіңдер? Бұлттар қандай түске боялған? Аспанның түсі ше?
Сау болыңыз!
Сыпайы түрде қоштасады.
№1 жалпы орта білім беретін мектеп.
Тақырыбы: «Кітап білім бұлағы»
интеллектуалдық сайыс