|
Тақырыбы: “Имандылық тәрбиесі- өзекті мәселе”
Автор публикации: Ибрайымов И.А.
Дата публикации: 2016-11-21
Краткое описание: ...
Тақырыбы: “Имандылық тәрбиесі- өзекті мәселе” Мақсаты: а) білімділігі- имандылық тәрбиесі өркениетті ел болуға ұмтылған бүгінгі қазақ елінің алдындағы ең өзекті, ең негізгі мәселе болып отыр. Ал жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, оны одан әрі дамыту тарихшы мұғалімдердің бірден-бір парызы болмақ. Әрбір ұстаз имандылық иірімдерін дінмен байланыстырғанда ғана түпкі мақсаттарына жете алмақ. Сондықтан да құран хадистерін, данышпан ақын-жазушылардың имандылық, адамгершілік туралы даналық сөздерін негізге ала отырып, шәкірттердің ислам діні, имандылық туралы түсініктерін бір жүйеге келтіру қалыптастыру; б) дамытушылығы- имандылық иірімдерін қазіргі өмірмен, кеңестік дәуірдегі дін туралы теріс түсініктермен, ақын –жазушылардың өнеге, үлгі үлгі боларлық даналық сөздермен салыстыру, байланыстыру. Сол арқылы имандылық қасиеттерін одан әрі жетілдіре отырып дамыту; в) тәрбиелілігі – оқушыларды өз дініне, тіліне, әдет-ғұрпына, яғни мұсылманшылыққа үйрету, имандылыққа, адамгершілікке, ішкі жан дүниесінің тазалыққа бейімделуіне тәрбиелеу;
2) Хадистер- мұсылман әлеміндегі адам құқының негізгі ережелері.
Үш түрлі қасиет бар, осы үшеуіне ие болған адамдарға Тәңірім қиямет күні мейіріммен қарап, жәннатқа кіргізеді: Үш түрлі адамдар бар,- оларға бейіштің есігі жабық: Үш түрлі адамдар бар, Тәңір о дүниеге барғанда олармен сөйлеспейді, рахымы да түспейді, кінәларын да кешпейді: Тату-тәтті тұрған жұбайлар. Ата-анасына мейірімді болған адамдар. Қол астындағыларға қадірлі болған адамдар. Ата-анасының қарғысына ұшырағандар. Ішкілікке мүлде салынып кеткендер. Берген қайыр –садақасын не жақсылығын міндет қылушылар. Қу медиен шөлде келе жатқан адамға бір жұтым су бермеген адам. Тәңірінің атын айтып, өтірік су ішіп, сатушы адам. Өз патшасымен пайда көрсе, сертінде тұрып, пайда көрмесе, қиянат іс жасайтын адам.
Кіріспе: 1.Құрметті шәкірттер, ұстаздар, қонақтар! Қазақ елінің егемендік алып, еңсесін көтеріп, көзін ашқалы-туған халқымыздың болашағы жастарымыздың көкірек сезімдері оянып, дүниетанымдарының кеңейіп, қараңғы өмірден жарық өмірге шыққандай болғандығының куәсі болып жүрміз. Қазақ елі де басқа да өркениетті, терезесі тең елдермен иық тірестіретін жағдайға кенеліп келеді. Ел эканомикасы көтеріліп, білім, өнер, мәдениет саласында үлкен өзгерістердің нышаны байқалуда. Қазақ елінің тәуелсіздігін қазір әлемнің 200-ден астам елдері мойындап, рухани, экономикалық, мәдени байланыстар жүргізуге ниет білдіруде. Жұмыссыздық жойылып, тұрмыстың мешеу қалпынан арылып, көтеріліп келеміз. 2.Әрине, бәрі де жақсы, бәрі де жаңаша, тың бастамалар. Бірақ бір нәрсе, бір ең негізгі мәселе біздің өн бойымызға сәл жетпей тұрған сияқты, бізді сол ойландырады. Ол- имандылық тәрбиесі. Иманы жоғары, жаны таза, ізгі ниетті, ішкі жан дүниесі мейірімге толы, ұрпақтарымыз көп болған жағдайда ғана туған еліміздің, өз ортамыздың мәртебесі жоғары болмақ. Бүгінгі өткізгелі отырған «Имандылық тәрбиесі- өзекті мәселе» тақырыбындағы ашық тәрбиелік шара, имандылық сабағы да осындай проблемалы тақырыпқа арналмақ. 1. Иә, атамызқазақ ежелден мәдениетті, байсалды, ұстамды, әдет-ғұрпы белгілі бір жолға түскен, ұлттық сана-сезімі бар иманжүзді халық. Сол кездегі жастарымыз үлкеннің алдынан кесіп өтпейтін, сөзге тоқтайтын, сөз қадірін бағалай білетін иманы жоғары жандар еді. Сонын да нәтижесі болса керек, ел ақсақалдары тәрбиелі бір қызметті бітіргенде немесе бір қайырымдылық іс жасағанда «тәңірі жарылқасын», «иманды бол шырағым», «көп жаса», «көсегең көгерсін», «жаныңа жамандық бермесін» деп, тілек айтушы еді. Абай атамыз айтқандай, «біздің ақсақалдарымыз-тіл ұстартушылар, қартайса да, қайғы ойласа да, ұйқысы сергек болса да-ұлы армандар иесі». 2. Ал халық- қазір сөйлеу тіліміздегі сіңісіп кеткен ұғым бойынша ұлы педагог, яғни, сан ғасырлық қалыптасқан қазақы ұғым бойынша, «ұлы тағылым иесі». Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге жайған тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден айырылып қала жаздадық. Тіліміздің шеңбері тарылып, дініміз аяққа тапталды. Ұрпақтарымыз мектептерде, тіпті, отбасында да еуропалық деңгейде тәрбиеленетін болды. «Дін-улы апиын» деп, халықты оған қарсы қойды. Имандылық иірімдері жойыла бастады. Қазір дін туралы елдің, халықтың көзқарасы өзгеріп, түзеліп келеді. «Дінді тәрбие мектебі, имандылыққа жетелейтін рухани ортамыз» десек, қателеспейміз. Оны мына мысалдардан айқын көре аламыз. Алдыңғы сөзімізде «Ел ақсақалы» жөнінде ой тастаған едік, «Ақсақал» деп, өзінің ісімен, сөйлеген сөзімен, бүкіл көзқарасымен, ұрпақ туралы ойларымен, әдет-ғұрыпқа беріктігімен ерекше көзге түскен және тәлім-тәрбие саласындаүлгі-өнеге көрсетерліказаматтарды айтқан. Ақсақал атану жасы ұлғайғандығына байланысты болмаса керек, ел ішінде беделі бар, көреген, көзі ашық, алдын болжағыш азаматтарға да тән. Халық тарихында қаз дауысты Қазыбек билік айтуға 15 жасынан кіріссе, Сырым Датұлы өзінің даналығын жеті жасында көрсете алған, ал ауыз әдебиетіндегі, Тазша бала мен Қарашаш сұлу он екі-он төрт жасар кезінде-ақ тапқыр, ақылды атанғандардың санатына қосылған. Біз бүгін имандылық сабағына осындай бір зор тағылым иесі, парасатты, иманы жоғары азаматтарды шақырып отырмыз. Танысып қойыңыздар, ауылымыздың имамы Кенжебаев Назархан ата мен Аудандық білім бөлімінің тарих,география ,өзін-өзітану және дінтану пәндерінің әдіскері Оразбаев Дәулетқали ағай сіздердің орталарыңызда. Оқушылардың тәрбие сағатының қонағына беретін сауалдары: 1. Дін иманжүзділікті, қайырымдылықты, тазалықты уағыздайды. Осы бағытта өз ой-пікіріңізді ортаға салсаңыз? 2. Қазір жастардың дін туралы түсініктерін қалай бағалайсыз? Ол туралы өз пікіріңіз? 3. Дін мен мемлекеттің саясаты бір ме? 4. Өткен дәуірдегі ата-ана тәрбиесі мен қазіргі отбасылар тәрбиесі арасында қандай алшақтық бар, болмаса оны қалай тенестіруге болады? 5. Қазақта үш, жеті, қырық сандары киелі, қасиетті сан болып есептеледі. Адам қайтыс болғанда да үші, жетісі, қырқын береді. Осында қандай сыр бар? 6. Исламға дейін қазақтың өз діні болған ба? т.с.с
Ал енді «Иман айнасы» бағдарламасынан үзінді тамашалайық. (1) • Көркем әдебиет – адамтану, адам тәрбиелеу құралы болса, поэзиялық шығармалар- адамды сезімге жетелейтін, ішкі жан дүниесін қозғайтын, тілін, санасын дамытатын рухани дүниелер. Қазіргі кезек имандылық тақырыбына арналған ақындар шығармашылығына арналады. (М.Мақатаевтың, О.Сатудың шығармаларынан үзінділер оқылады.) 1.Жол қайда ақиқатқа апаратын? Ел қайда ақиқат деп аталатын? Айлакер, аразалар, алаяқтар, Аяғы көктен келіп маталатын?
... Алауыздық әкелген адамдарға, Онда орын жоқ шығар адамдарға? Бар болса егер, сүреді қайтып өмір, Ақиқаттың сүңгісі қадалғанда?! (М. Мақатаев)
2. Ақ ана, қамқор тілегім, Жақсылық тілеп жүрегім. Қазақтың қамын ойлап сен, Өсе бер деп тіледің.
Құдайды, дінді ұмытқан, Шала қазақ халық ек. Еліңді қорға былықтан, Құдайы жолға салып кет!
Арақ ішіп, дінсіз боп, Қалың ел қайран бұзылды. Қолдайық елім біз, сіз боп, Аруақ қонған қызыңды!... («Ақ ана» О. Сату)
3. ... Балаңды тастапсың сен қарға барып, Кеткен төбет секілді талға сарып. Тірідей жем қылғанша ит пен құсқа, Кетпедің бе одан да басын жарып?! Балаң тірі, Басқалар жатыр емдеп. Өз баласын өлімге қиған жендет! Қара ниет, Нәпсіқор, көкек-адам, Ана деген атақтан садаға кет! («Баласын тастаған ана» О. Сату)
• Қазір имандылық, ар-ұят, әдептілік айналасында жазушылар шығармаларынан және Мұхамбет пайғамбардың хадистерінен үзінділер оқылады. Тыңдалық... • “...Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпау керек, себебі қыздың жалаңаш денесіне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта “Есті қыз етегін қымтап ұстайды” деген мақал бар... Әсіресе, етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды” Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр. (Ә. Нұршайықов “Махаббат қызық, мол жылдар”) • “Арыңды сақта, біреуге оны таптатпа. Ар-ұят – адамның жан азығы. Ердің екі сөйлегені – өлгені. Жағымпаздық – адамның қарғыс атқан қылығы, адамдық қасиетін қорлауы. Өтірік, алдау, шағым болған жерге мойныңа арқан салса да,барма. Күншілдікпен біреудің мінін іздеп, арсыздыққа салынба, мұның орнына өз мініңді көре біл... Адамның адамгершілігі – өмір талқысын жеңе білу. Босқа қажымау, болымсызға жасымау, шындықтың ауылын іздеп табу... ”. (С.Торайғыров) • “ Алла тағала әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады. Себебі, әйел – анаңыз, қызыңыз, әпкеңіз. Әйел адалдығы, пәктігі, сұлулығы үшін некеленеді. Сен де өз қасиетнді біл, ей, береке тапқыр. Берекелі әйел деген кім? Ол – жұмсайтын қаржы-қаражатты аз талап ететін әйел. Тәңірі- сұлу, ол сұлулықты жақсы көреді. Басқа адамдардың әйелдеріне сыпайы болыңдар, сонда сендердің әйелдеріңе де өзгелер құрметпен қарайды”
• “Сапар шегін, серуендеңдер – тәндерің сауығып, денсаулықтарын нығаяды. Сабырлылық пен денсаулық – екі үлкен тарту, бірақ көп адам олардың қадірін білмейді. Әрқашан кешірім сұрап, тәубе етіп, тән саулығын сұраңдар. Өйткені, имандылықтан кейінгі ең қымбат нәрсе – денсаулық. Денсаулығың, хал-ахуалын дұрыс кезінде Тәңірді танып, оған жалбарынып жүр. Қиыншылыққа тап болған кезде ол да сені таниды...” (Құран хадистерінен) • Қазақтың жазба әдебиеті Абай, Ыбырай шығармаларынан бастау алады. Сол кездің өзінде-ақ көрнекті ағартушы Ы.Алтынсарин имандылық тәрбиесіне аса назар аударған. Имандылық тәрбиесін ең бірінші орынға қойған. Алғашқы оқулық «Қазақ хрестоматиясы» да осындай мазмұнда құрылған болатын.
Сөз соңында, ел президенті Н.Ә Назарбаев «Біз тегіміз-түрік, дініміз-Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап –Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Дінімізді, тілімізді сақтау – ұлттығымызды, мемлекеттігімізді сақтайды. “ деген сөзін басшылыққа алып, тәрбие сағатым қорытындылаймын.
1.Жол қайда ақиқатқа апаратын? Ел қайда ақиқат деп аталатын? Айлакер, аразалар, алаяқтар, Аяғы көктен келіп маталатын?
... Алауыздық әкелген адамдарға, Онда орын жоқ шығар адамдарға? Бар болса егер, сүреді қайтып өмір, Ақиқаттың сүңгісі қадалғанда?! (М. Мақатаев) қоғам мүшелері ол біз- яғни жас ұрпақ
Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
|
|