«Аналар, күні», «Mother’s day», «Мамин праздник»
Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беру орта мектебі, 2016 оқу жылында наурыз айына арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Наурыздың 5-сі күні мектебімізде 8-наурыз Халықаралық аналар күніне орай, үш тілде қазақ, ағылшын, орыс тілінде «Аналар, күні», «Mother’s day», «Мамин праздник» атты мерекелік іс – шара болып өтті. Іс – шараның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекелік шараны орыс тілі пәні мұғалімі: Калиева Сәуле Мелысовна қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізді.
Іс – шара барысында мектебіміздің 4 «А»,4 «Ә»,4«Д»,4«Ж» сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды, ән айтып, би билеп, аналарға арналған өлең шумақтарын оқып, қойылымдар қойды. Шараға мектептің ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Кеш барысында мектеп директоры: Титанов Қайрат Үсенұлы сөз сөйлеп, әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Оқушылар бірдей киім үлгісінде, сынып жетекшілерімен шараға белсене қатысты.
[pic] [pic]
Мерекелік шараға келген қонақтардың көңіл күйі көтеріңкі болды. Жүргізуші келген қонақтармен « Про мою маму» атты ойын ұйымдастырды. Көрермендер қол көтеріп ағылшын тілінде, орыс тілінде көңілге қонымды жауап айтты.
[pic] [pic]
Мерекелік шараға белсене қатысқан, үш тілде өлең оқып ән шырқаған оқушылар: Айтмағамбетова Анжелика, Титанов Даурен, Ағылшын тілінде ән шырқап тақпақтар айтқан оқушылар: Жайлау Гүлбақыт, Алиева Гүлнұр, Ақберді Келбет, Тұрсынқұл Ақүрпек, Мехербан Ақтоты, Тулегенова Айсұлу. Мерекелік шара соңында ата-аналар мен ұстаздар өз алғысын білдірді. Мерекелік шара мектепте осылай басталып кетті.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Есбергенова Мереке Оңдашқызы