Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы Күзгі тәтті жемістер мен пайдалы көкеністер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар
Біздің балабақшамызға қош келдіңіздер!
1 жүргізуші:
Бүгін
Қарағанды жерінде балдырғандардың, осы бөбектер бақшасының үлкен мейрамы. Елбасы тапсырысының «Балапан» бағдарламасының іске асыру мақсатында сәні мен сәулеті жарасқан көз сүйсініп, көңіл қуанатын «Айгөлек» балабақшасының бой көтеріп, 70 бүлдіршінге есігін айқара ашқанына 1 жыл толып отыр.
Хор «Айгөлек»

2 жүргізуші:
Тек жүректен арналған сөзіңізде,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік құрметпенен өзіңізге
Бүлдіршінге арналсын тілегіңіз
Игілікті бастаманың көшбасшысы, жаңалықтың жаршысы, жақсылықты бастаушы Май ауданының орынбасары Нургуль Газизовнаға сөз береміз
1 жүргізуші:
Қандай ғажап қараңыз жан - жағына
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда
Бүлдіршіннен бақытты жан бар ма екен
Қол жеткізген аңсаған арманына
Ортада тұр бақшамыздың бөбектері
Лүпіл қағып кішкентай жүректері - дей отыра бақшамыздың тәрбиеленушілеріне сөз береміз
Тақпақтар
Нұрболсын:
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті тұрады
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз
Алина:
Бала бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Темирлан:
Жарқын жүзді апайлар
Сендей болса бар адам
Сендей болса балалар
Шаттық кетпес баладан
Дархан:
Балабақшам ажарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Балнұр:
Сәлем саған балабақшам
Алғыстарым көп менің
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің
Айша:
Тағы, тағы, тағы да
Балабақша көбейсін
Анамыздың бағына
Бәрі де бар дегейсің
2жүргізуші:
Кезекті құттықтау сөзін Май ауданы маслихатының хатшысы Арынов Ғибадат Тұрсынұлына береміз
Дархан: Ортада «Шығыс биі»
1жүргізуші: Ортаға Май ауданының оқу бөлімінің меңгерушісі Тұрсын Капшакаровнаны шақырамыз
Балнұр:»Бүгін туған күніміз»әні

1 жүргізуші:
Бақшамыз қуанышқа тола берсін
Сіздей қамқоршылар бола берсін
Жаңа балабақша - жаңа өмір сыйлай берген
Алғысымыз бақыт болып қона берсін
- дей отыра келесі тілек кезегін Бахыт Жумабаевна, Фирая Шакиртовна, Гульнар Еркебайқызын және ауыл депутаттарына ұсынамыз

Дархан: Ортада «Қазақ биі»
1 жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айын
Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын,- деп сөз кезегі ата - аналарға беріледі

Балнұр: Ортада «Қошақаным» әні
1 жүргізуші:
Балабақшамыз көз сүйсініп қуанатындай әсем ғимарат. Іші бүгінгі заманға сай безендіріліп
Жаңа үлгісіндегі жихаздармен жабдықталған, сыртқы келбеті де үндесіп тұр. Бүгінгі салтанатқа ауданымыздың ұйым басшылары мен балабақша меңгерушілері келіп отыр. Оларды ортаға шақырамыз
Номер
2 жүргізуші:
Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер
Балалардың жақсылығын көріңіздер
Рахмет сіздерге жаны жомарт демеушілер
Ұмытпай жиі - жиі келіңіздер - дей отыра келесі тілекті Ташенова Сара және Тлеубеков Серик
Хор 2
1 жүргізуші:
Балабақшаның және кішкентай бөбектердің жүректеріне жол табатын алтын сиқырлы кілттің иесі»Айгөлек»балабақшасының меңгерушісі Галимова Б. Н ортаға шақырамыз

















 жүр : Ауылым той деп бүгін жар саламыз,

Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.

Армысыздар қадірлі ата – аналарым,

Армысыздар кіп – кішкентай балапаным.

Құтты болсын деп айтамыз бүлдіршінге,

Бақшамызға нық – нық басқан қадамдарың.

2 жүр : Балабақша – менің жарқын көңілім,

Балабақша шаттық толы өмірім.

Балабақша әнім боп та көріндің,

Балабақша анам боп та көріндің, -

дей отырып, бүгін « » балабақшаның ашылуына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының Гимні

1 жүр : Қазір тәрбие мәселесіне ерекше назар аударар шақ туды. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында тиісті тәрбиеге баулу өте маңызды мәселеге айналып отыр. Сол себептен ауданымыздың әр ауылында балабақшалар ашылып халықты қуанышқа бөлеп отыр. Бұл еліміз үшін, халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін жетістіктердің бір. Біздің «» балабақшасы балаға арналған.



2 жүр : Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылолдауы аясында қайта ашылып жатқан балабақшаларға ерекше қолдау көрсетіп жатқан облыс әкімі______________________, аудан әкімі______________________ мырзаларға көп алғасамызды айтамыз.



1 жүр : Құттықтау сөз ______________________ мырзаға беріледі.



2 жүр : Домбырасыз сән қайда?

Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде,

От та лаулап жанбай ма?

Ән :



1 жүр : Құттықтау сөз Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі Көбеев Алдияр мырзаға беріледі.



2 жүр : Балабақша босағасы – бұл бір шың,

Сонда өседі , қанат қағып бүлдіршін.

Еліміздің Президенті ертеңгі,

Балабақшада жүр ме екен кім білсін.

Ән :

1 жүр : Бала тәрбиесі – ол үлкен және жауапты іс. «Баланы бесіктен» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Баланы қай нәрсеге болса жасынан үйреткен жақсы. Әсіресе елін сүюге, имандылыққа , қазақ тілін қадір тұтуға үйретудің маңызы зор. Осы қасиеттерді «» балабақшасының тәрбиешілері беретініне сенеміз.



2 жүр : Келесі құттықтау сөзді балабақшадан кейінгі мектептегі бала тәрбиесіне бар өмірін арнап жүрген ауылымыздың № 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына береміз.



1 жүр : Жас балғынның өзгеше дарын әні

Әнші , биші біздерден табылады.

Мың бұралып би билеп, ән шырқауға

Дарын әркез ауылдың әр ұланы.

Би :



2 жүр : Құттықтау сөз ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы ______________________ мырзаға беріледі.



1 жүр : Бүгінгі күн әр баланың, әр азаматтың жүрегінде. Тәрбиенің негізгі қалаушысы- балабақша. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз.



2 жүр : Ата – анамның күнімін,

Туған елдің гүлімін.

Тілім де бал, өзім бал,

Балдай тәтті қылығым.

Ендігі кезекті сондай бүлдіршіндеріміз «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиеленушілеріне берейік.



1 бала

Бала - бақша көрікті,

Балабақша қызықты

Күліп, ойнап жүреміз

Ән шырқаймыз, билейміз.



2 бала

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

3 бала

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз - осы үйдің гүліміз,

Біз – осы үйдің сәніміз.



4 бала

Әемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан.







5 бала

Тағы , тағы , тағы да,

Балабақша көбейсін

Анамыздың бағына

Бәрі де бар дегейсің.



6 бала

Балабақша үйіміз,

Ағалардан сыйымыз,

Серуендер шығамыз

Таза ауаға жиі біз.



7 бала

Ауласында ойнаймыз,

Ойнап қана қоймаймыз.

Жаңа қоныс, жаңа үйді,

Әнге бөлеп тойлаймыз.



1 жүр : Жүйрік тілді ақын бол,

Жақсылыққа жақын бол!

Достарыңмен тату бол,

Дұшпаныңа қату бол!



2 жүр : Бүгін балабақша ұжымына, ата – аналарға, балаларға арналған жылы сөздер мен жақсы тілектер естідік. Сонымен қатар осы балабақшаның ашылуына қажырлы еңбек еткен ____________________________ алғыс білдіреміз.



1 жүр : Нұр жаусын жас түлегім қадамыңа,

Қырандай қанат бітсін талабыңа.

Білім ал, ғылым ізде, өнер үйрен,

Лайық бол жаңа ғасыр заманына!



2 жүр : Құрметті бүгінгі ашылу салтанатына жиналған қонақтар!

«» балабақшамыздың тәрбиешіленулерінің қадамын құттықтай отырып, балабақшаның ашылу салтанатының лентасын кесу құрметін ______________________ мырзаға ұсынамыз.



1 жүр : Сәулелі сөз сөне ме?

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге

Ақ тілеулі атаның.

Мән беріп ден қойғанда

Терең ойға батасың

Балабақша тойында

Береді там батасын.



2 жүр : Ал, енді ауылымыздың ақсақалы _______________ атамыздың батасын қабыл алайық!