Ана-өмір, ана-бақ тақырбында сынып сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Ана – өмір, ана- бақ»
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру,слайд.

Түрі: ашық сынып сағаты
Барысы:
Жүргізуші:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана – өмір, ана-бақ» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Құрметті ұстаздар, аналар сіздерге арналған 9 «А» сынып оқушыларының бейне құттықтауын назарларыңызға ұсынамыз.
Ән: Жан Ана. Орындайтын: Мендалиева Гүлсая

М.Мақатаев. «Ана»


Ана
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын. 
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді...
 


Жүргізуші: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Көркемсөз Бақдаулет: Халқымызға билік айтар даналар, Даналардың бәрі анадан жаралар. Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін, Сізден жақын адам бар ма аналар? Балаға ең жақыны сіз ғой, ана, Сіздің ыстық құшағыңыз – бізге пана. Сіздерге теңестірер еш нірсе жоқ, Теңесе алар бірақ нәрсе - Отан ғана


Жүргізуші: Әрбір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Келесі кезекте мақал –мәтелдерге берейік. Алдымызда тұрған 12 ұяшықтың бірін таңдап мақал –мәтелдің жалғасын табу керек.
1.Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
 
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
2.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады. 
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
3.Ана алақанының аясы, 
Ақ шынардың саясы.
4.Ана алдында құрмет, 
Ата алдында қызмет.
5.Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, 
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
.
6.Ана жақсылығын ауырсаң білерсің, 
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
7.Ана көркі алдындағы баласы, 
Қала көркі үйі, орман-ағашы.

8.Ананың ізін қыз басар, 
Атаның ізін ұл басар.
9.Анаңа ауыр сөз айтпа,
 
Атыңа ауыр жүк артпа.
10.Ана сүті бой өсіреді,
 
Ата тілі ой өсіреді.
11.Анасыз өмір — сөнген көмір.
 
12.Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.
 


Көркемсөз Ерқанат: Кім сендерді балалар сүйетұғын, Қуанышыңа ұуанып, қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөлңп, кірпік қақпай, Анаң байғұс дамылсыз жүретұғын. Кім сендерді, балала, тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін. Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең. Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін. Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше. Сендер қайтып келгенде адам болып, Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

«Қазақ биі» Орындайтындар: Ақмаржан мен Жаңыл

Қадыр Мырза Әли. «Ана» Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды. Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым. Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, Тек өзіңнен жасқандым. Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді, Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді, Отанымның өзі сенен басталып. Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекті тамаша әнге береміз. Ән: Мама Орындайтындар: Исмайл мен Ернар
Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғы жоқ.










































«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі













Сынып сағатының тақырыбы:

Ана – өмір, ана - бақ

Сынып сағатының түрі: ашық сынып сағаты













Сыныбы:9 «А»

Сынып жетекшісі: Суинова Қалжан

Студент-практикант: Бозаева Әселхан











05.03.2016