Тема конспекта: Ана тілім - ажарым, асыл мұрам

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Ана тілім – ажарым, асыл мұрам
Мақсаты: Қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алу. Ел тағдырын шешен дана билер, ел ішіндегі талантты адамдар да тіл құдіретін көп танытып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді жоғалтпай ғасырдан-ғасырға жеткізіп, халықтың алтын қазынасына айналдырған. Жалаң ұрандардан гөрі халық мәдениетін тіл арқылы насихаттап, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жеткізу көзделеді.
Көрнекілігі: Тіл туралы ойлы сөздер, нақыл сөздер, домбыра.

Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Кіріспе сөз: «Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет».
«Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл – қоғамдаға адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс».
Олай болса, Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын.

Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.
«Сүйемін туған тілді – анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі әр адамға ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отыратын ұлы күш.
Олай болса, ана тілімізді қадірлеуге, қастерлеуге арналған «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
1-бөлім: «Ана тілім - ажарым, асыл мұрам»
С. Дана: Құрметті қонақтар!
Жантөре: Ұлағатты ұстаздар, білімді шәкірттер!
С. Дана: Салтанат кешін бастайық!
Жантөре: Қош келіпсіз бәріңіз!

Рысгүл: Келе жатқан мәңгіден дара салтым, 
Мақтанышым, елдігім, парасатым, 
Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім, 
Өміріме өң беріп жарасатын.
Айдана: Тілден өткен інжуді іздемеген, 
Көрмеген ел қаймығып, түзде неден.
Бас кеспек болғанымен, тіл кеспек жоқ, 
Тірлігімнен тілімді үзбе деген.
Құндыз: Аман өтіп қиямет өткелдерден
Жығылмадым не дауыл, өткел желден
Жаз бағындай жадырап шуағын төк, 
Жарқын дәрен өмірлі көктемдерден.
Аманжан: Аман жетті көне күн алыстардан, 
Алыс қалған ғасырдан, ғарыштардан.
Баба санап сырласып, сүйем сені, 
Бір өзіңмен мың жылдар табысты арман.

С. Дана: Деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты әдеби-музыкалық кешімізді бастаймыз.
Гүлайна: Тіл – ұлттық белгі, халықтың мұра, дүние - таным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тастай кескін-келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің, осындай халықтың қасиетті мұрамыз – ана тіліміз!
Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, 
Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тіліміз.
Қалекесова Дана: Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек.
Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда Отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

Рысгүл: Тіл –тағдыры қазіргі кездегі ең басты проблемалардың бірі. Себебі ғалымдардың зерттеуі бойынша өткен ғасырдың басында дүниежүзінде 8000 тіл болған деп болжамдайды. Сол тілдердің қазіргі таңда 2000-ы ғана қолданыста. Қалған тілдер ірі тілдерге жұтылып, өлі тілдер қатарына өтті. Сондықтан да бізге мына жаһандану заманында өз тілімізді сақтап қалу үшін ойланатын кез келді деп ойлаймын.
Жұлдыз: Тілім менің тірлігі мол мұрамсың.
Ата рухын жаныма қондырасың.
Өзіңменен таныдым тарихымды, 
Кемелденген өзіңмен толды жасым.
Ұлжан: Тілім менің сарқылмас қазынасың, 
Бір сенімен болмыстың назы басым.
Қане, тарих сөйлейді өзің болып, 
Жыр – ғұмыр боп бүгінде жазылысың.
Қадірбекова Дана: Қазақ халқының ерте заманында жасаған мұрасының бір түрі – халық ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиетіндегі үлкен бір сара жол – ол даналар мәйегі.

Көрініс: «Сөз бастаған шешендер сөйлейді»
Сахнаға Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би шығады.

Төле би: Салықов Аманжан
Әйтеке би: Қамидоллаев Әзілхан
Қазыбек би: Сарсенбаев Мирас
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің, 
Жаңбыр жаумаса жер жетім, 
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Атың жақсы болса, 
Ер жігіттің пырағы
Балаң жақсы болса, 
Жан мен тәннің шырағы.
Сөз тыңдағыш жастарға айтатын 10 түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би: Айтыңыз, ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау:
Аты жаманның арманы кетер, 
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат!
Қазыбек би: Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніміз – егісіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз – үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.
Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегеніміз – жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас, - деген сөзіңіз, ұлы аға!
Төле би: Рақмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің!...
Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да, 
Уақтысы жеткенде, 
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Өркенім өссін десең, 
Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елің өссін десең, 
Өршіл болма-
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға, 
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп, 
Жақыныңды басынба.
Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!
Уа, халайық!
Көсіле шабал жерің бар, 
Тау көтерген ерің бар, 
Қол боларлық елің бар, 
Атадан қалған сара жолың бар, 
Сөз қадірін біліңдер!
Би: «Аққу» Билейтін қыздар тобы.

Қалекесова Дана: Халық ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Бұл жырлар халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық ерлік ету идеясынан туған.

Күмісай: «Ел үмітін ел ақтар, 
Ер атағын ер сақтар.
Ерлік бірлікте емес жүректе, » - дегендей «Алпамыс батыр» жырынан үзінді тыңдап көрейікші. Сахнаға Алпамыс батыр шығады.

«Алпамыс жырынан» үзінді. Орындайтын Нұртілек Талғатұлы

Жантөре: Сөз өнерінің дамуына, таралуына, сақталуына ерекше қызмет етіп келген ХV-ХVІІІ ғасыр жыршы-жыраулар еңбегі арнайы сөз етуді, үлкен құрметпен атауды керек етеді. Ендеше, сөзді жыршылар мен термешілерге берейік.

Ортада Ақтанберді жырау - Бекарыс

Дұшпаннан көрген қорлығым, Жауға шаптым ту байлап, 
Сары су болды жүректе. Шепті бұздым айқайлап.
Он жетіде құрсанып, Дұшпаннан көрген қорлықтан, 
Қылыш ілдім білекке. Жалынды жүрек қан қайнап.
Жауға қарай атандым Ел-жұртты қорғайлап, 
Жеткіз деп құдай тілекке! Өлімге жүрміз бас байлап.

Ортада Бұқар жырау – Жандарбек.

Ежелгі дос жау болмас, Ілімді түгіл білсе де, 
Тірнеуіште хаты бар. Қызығын қолмен бөлсе де, 
Ежелгі дұшпан ел болмас, Қызықты күнгі қырындап
Көңілінде кірдің даты бар. Қисынсыз күйге түссе де-
Ежелгі дос жай болмас, Өмірге толмас азамат
Айтысқан оның серті бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас Жақындап ажал тұрса да, 
Көңілінде тұтқыр кірі бар. Жанына қылыш ұрса да, 
Қалжырап көлі қарайып, 
Әлемді түгіл көрсе де, Қарауытып көз тұрса да-
Алтын үйге кірсе де, Үмітін қоймас адамзат!
Аспанда жұлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де-
Қызыққа тоймас адамзат!

Айбибі: Ана тілі құдірет күнім дедім, 
Күнім барда жадырап күлімдедім.
Бар әлемге танылдым қазақ болып, 
Қазақ балып шарлайды үнім менің.

Жандарбек: сенсің тілім, өмірлік жан байлығым, 
Жан байлықсыз перзент боп жанбайды ұлың.
Сенсіз менің, жұлдызды тағдырым да, 
Дін аманда солармен самғаймын мен.

С. Дана: Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі өрісті бір сала ақындық өнер десек, соның қызуы мол, қызығы көп жанр – ақындар айтысы.
Енді, біз өткен ғасырдағы ақындар айтысының шоқтығы биік үлгісі болған «Біржан - Сара» айтысынан шағын көріністі тамашалайық.
Сахнада Біржан мен Сара. (Айтыстан үзінді)

Біржан – Мирас: Саражан бала жастан қыздың өрі, 
Іздесең келіп тұрмын Біржан сері.
Әуелі қазақшалап көрісейік, 
Бері кел жасың кіші менен гөрі.

Сара – Айбибі: Ежелден, сен басылған желді көрік, 
Таң қалам сәулетіңді сенен көріп.
Өлеңді қолқа қылсаң ағытармын, 
Ендеше көрісейік қолды беріп.

Аманжан: Өзі ақын, өзі ер, өзі көсем, 
Таба алам ба Махамбетті мен іздесем.
Оның ойы найзағай жарқылындай, 
Оның жаны жұлдызбен егіз десем.
Кім бар менің сөзімді жан демейтін, 
Ол күн ғой көгіне өрмелейтін
Ала алмадым алысып осынау шыңды, 
Сала алмадым махамның мен де кейпін, -

С. Дана: Деп ақын жырлағандай халықтың еркіндігі мен бостандығы үшін күрескен, «қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеген» патриот ақын Махамбет жырын тыңдап көрейікші.
Сахнада Махамбет ақын –Жантөре. Махамбеттің термесі «Мен едім»
Мен, мен едім мен, мен едім, 
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім, 
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның
Екі талай болғанда, 
Азық қып етін жеп едім.
Хан баласы ақ сүйек, 
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің, 
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас, 
Етектен кесіп жең болмас.
Хан баласы ақ сүйек-
Бәйекке сұлтан сен болып, 
Сендей нар қоспақтың баласы
Маған оңаша жерде жолықсаң, 
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем, 
Тамағыңа қылқаның кетер демес ем!

Мирас: Бар байлығым, бақытым, тілім менің, 
Тіл өнерін тапсырмас білім дедім.
Жақсылықты жыр етіп осы тілмен, 
Жамандықты аяусыз тілімдедім.

Рима: Тағдырым тіл боп, туым толысты мың, 
Қияр дүние қиянмен тоғысты үнім.
Заманымды жырлатқан өз тілімде, 
Халқым саған өлгенше борыштымын.

Нұртілек: Қайран Абай сендейсіз жесір өлең, 
Құрметіңді кеш білсем кешірер ем.
Ұлылығың тұлғаңның ұққан сайын, 
Мен түскі көлеңкедей кішірейем.

Хор: «Желсіз түнде жарық ай»
Бекарыс: Ана тілі – туған тілім, бас тілім, 
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім, 
Сен өмірде таусылмайтын асылым.

Мөлдір: Ана тілі – сенен биік шың бар ма?
Сен арқылы жарып кірем мыңдарға.
Сенсіз маған әуен қайда, жыр қайда, 
Мен шалқимын құдіретің тұрғанда.

Зүлфина: Ана тілі, іс жоқ күшің жетпеген, 
Сенен туды лирикалық лепті өлең.
Сені анамның махаббаты деп білем.
Сені ойымның жыр айнасы деп көрем.

Әзілхан: Ана тілде шырқалады әнім де, 
Ана тілсіз болмайды еш сәнімде.
Ана тілсіз танып алмай елімді, 
Ана тілсіз жырламаймын жерімді.

Тіл туралы не білеміз?
Мөлдір: Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл.
Рима: Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп көрсетілген.
Зүлфина: Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі болуы заңдылық.
Жандарбек: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде ҚР-ның Парламенті «Тіл туралы» заң қабылдады.
Айбибі: Онда мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды жүргізуді кезең-кезеңімен көшіру керек деген.
Ұлжан: Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлықпен қарау адамгершілікке жатпайтын өрескелдік.
Жайнагүл: Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауға тиісті.
Аманжан: Шығыстың ежелгі бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соңбалаңның достарын түзе» деген екен.
Жұлдыз: «Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, содан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткен абзал», - дейді Ә. Кекілбай атамыз.
Қадірбекова Дана: Ж. Аймауытов: «ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына» деген.
Лаура: О, Адамдар, қадіріне жетіңдер, 
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.

Әркімннің туған тілі – туған шеше.
Оған бала міндетті сан мың есе.
Хор: «Ананың тілі – аяулы үні». Жеке дауыста: Сұңғатқызы Гүлайна.

Жантөре: Тілім менің, 
Тілім үшін мың өліп, мың тірілді елім.
Адалыммен, арыммен қатар қойып, 
Тілді қорғау парызым бүгін менің.
С. Дана: Әкең – қазақ, шешең қазақ, қарағым, 
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар, 
Оны биік қасиет деп санаған.
Бірге: Отан, Ана, Ана тілің – үш анық, 
Осыларсыз болашақта күнің жоқ.

2-бөлім: «Ана тілі – білімнің кілті»
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыздың ана тілін жетік білетін, білімді, мәдениетті болуын қалаймын. Олай болса, 2-бөлім «Ана тілі – білімнің кілті» бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл бөлімде оқушылар екіге бөлініп сайысады.
Ойынның бөлімдері:
Бәйге
Полиглот
Мақал-мәтел
Шығармашылығыңды шыңда
Кім жүйрік?
Бәйге
Бәйге сұрақтары:
І топқа:
1. Өнер алды не? (қызыл тіл)
2. .Ең бірінші бақытым (халқым)
3. Үш биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4. Тілдің негізгі қызметі? (сөйлесу, қарым-қатынас жасау)
5. «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім)
6. «Аққу дұшпан - ...» (ақыл дос)
7. «Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
8. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997ж 11 шілдеде)
9. Қазақта топ аттылардың жарысы қалай атайды? (бәйге)
ІІ топқа:
1.Бал тамған тілдегі не? (у тамар)
2.Ал екінші бақытым (тілім менің)
3. «Туған тілім» өлеңінің авторы кім? (Д. Әбілов)
4. Екі адамның сөйлесуін не дейді? (диалог)
5. «Құрғақ» сөзінің қарсы мағыналы сөзі? (ылғал)
6. Сөз анасы ... (құлақ)
7. Бес арысты ата. (Мыржақып, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан, Ахмет)
8. Бір топ аттылар тартыспағы қазақта қалай аталады? (көкпар(
9. «Қр-ның мемлекеттік тілі –қазақ тілі» деп Ата заңның нешінші бабында көрсетілген? (7-бабында)
Полиглот
Сұрақ қойылады, жауабы үш тілде берілуі тиіс. Әр жауап 10 ұпаймен бағаланады.
І топқа:
1. Тілі бар, үні жоқ, 2) Көз қорқақ, не батыр?
Өзінде адам түсінген. (қол-рука-hend)
(кітап-книга-woоk)
1. Адамды адам еткен не? 2) Аяғы біреу, қолы жоқ, 
(еңбек-труд- work) Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді, 
Салған ізі сөйлейді.
(қалам-ручка-ren)

Мақал сөздің мәйегі
Бұл бөлімде әр топқа мақалдың жартысы айтылады, әрі қарай жалғастыру керек.
1-топқа:
Жеті рет өлшеп, ... (бір рет піш)
Тіл тас жарады, ... (тас жармаса бас жарады)
Тіл – жұтамас ...(байлық)
Көп тыңда ... (аз сөйле)
2-топқа
Өнер көзі - ...(халықта)
Ана тіліңді ұмытқаның ... (өз тіліңді құртқаның)
Ақыл азбайды, ...(білім тозбайды)
Өнерлі ... (өрге жүзер)
«Шығармашылығыңды шыңда»
Бұл бөлімде тіл туралы өлең шығару.
1-топқа 2-топқа
____________ сүйемін, ____________ ән-жырым, 
____________ өлеңім. ____________ сырым.
____________ асыр сап, ____________ арналат, 
____________ келемін. ____________ өнерім.

«Кім жүйрік?»
«Тұлпар», «Қызғалдақ» сөздері беріледі, осы сөздерден сөз құрауға болады?
Бұл бөлім оқушылардың сөздік қорын дамытады.
Қорытындысы шығарылып, дипломмен марапатталады.
Қорытынды:
Мұғалім: Ана тіліміз қазір де үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын кез жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз – ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпа! Ана тіліңнің көсегесін көгерту, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Оқу – білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоршысы бола біл!