Тарбиелік шара Дос іздедім

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дос іздеймін (Тәрбие сағаты )

1-ЖУРГІЗУШІ.Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі-достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышым мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа теп болсаң, оны досыңмен бөлісетіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша,басқаға жақсы да адал дос болу үшін , ең алдымен түсініп, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.

2-жүргізуші.Иә дос табу ақылдыға қиын,ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болуы керек екенін бәрібір. Ақылдыға қиын. Өйткені, өзін түсінетін, мейрімді , ақылды дос табуға тырысып, оны талгайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі,достық сезім-мәңгілік .

1 . Досым саған сенемін, сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Досытық деген-адамның көрігі екен.

Достық деген ақылдың серігі екен.

2.Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе,

Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе.

Әрбір жан достарымен бірге болса,

Өмірдің ең қызығы сол емес пе?

3.Айқын далмас жақының мен алысың,

Доссыз жүру мумкін емес сол үшін.

Өз көңілінен сенім таба білмеген,

Досқа досша ұсына алмас қол ұшын.

4.Доссыз менің өмірімде бар ма сән,

Досым барда арманға асам, алға асам

Мақтау күтпен , адамшылықты арыңды

Көкірегімді оққа төсеп қорғасам

5.Дос құшақтан босамасын қолдарым,

Осы менің , осы менің арманым.

Достығыма сенетін жан аз болса,

Онда,құрбым, менің әлсіз болғаным.

6.Досым менің бәйшешектей гүл,

Досым менің ақтарылыа сыр ашқан..

Досым менің ажыраспай көр жылдар,

Қос озендей қатарласып бірге аққан.



7.Достық туы мәңгілік көкте жайнар,

Ардағы адал сезім оттай қайнар.

Жүректі тербетіп достық махаббат.

Пендені сезімге жіпсіз байлар.

8. Жалындасын достық алауы,

Желбіресін мәңгі достық жалауы.

Сол емес пе ең тәттісі өмірдің,

Сол емес пе жүректің де қалауы.

9.Түсіне білген адамға достық қымбат

Бірге ойнап күлген жастық қымбат.

Ал егер досы жоқ адам болса

Ол адамға өмірдің несі қымбат.

10.Көзіңнен сенің айқын сыр көремін,

Қайғыны,қуанышты бір көремін.

Досым-ау Алла қақан ақ ниетпен,

Сенемін бірге жүріп,бірге өлемін.

11.Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса,жан дүниеңді

Жаман достан жамандық келеді екен.

12.Досым,досым айналайын күлкіңнен!

Қымбаттысың аспандағы ай,күннен .

Сен қуансаң,қуанамын мен бірге,

Жыласаңда, мұңайсаңда, жұбатармын өмірде.

13.Бұл өмірде жыламашы сен бір-ақ

Жүре бергің, өмір бойы жарқырап.

Өмір бақи достар болып өтейік

Әр қашанда сыйластықпен жүрейік.

14.Жалғыздық үні шыққан ба?

Сіңеді сағым бұлттарға.

Тірлікте тіреу болатын,

Достыққа жетер күн бар ма?

1-жүргізуші.Иә достыққа жетер ешқандай күш жоқ. Себебі дос деген сенің басыңдағы кез-келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын екінші сыңарын. Дос биікке жетелейтін қуанышқа ортақ, қиындыққ демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап таны!»-деген -----------------.Өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарған абзал . Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.

2-жүргізуші.Қазақ халқы үшін «дос» киелі ұғым . Бұл-кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр . Бұл мақала осыдан шықса керек : «Ақылы көп дау алмас, досы көпті жау алмас». Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан ба? Жалпы дос ұғымын сенім делігіне қарай үш түрге бөлуге болады.

1.бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылқта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыны да тең бөлісе алады.

2.екінші жаған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамы үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдак үнем.

3.үшінші виртуалды дос. Бұған сенуге сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бұл таныс , бірі жат. Бірі ашық,бірі жұмбақ .Бір қызығы, кейде агент арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.

1-жүргізуші Дос-адамның ең жақын серігі болғандықтан достық туралы мақал-мәтелдер өте көп.

Кім достық туралы көп мақал-мәтелдер біледі екен?Ойымызды ортаға салайық.

2-жүргізуші.Домбыра қазақ халқының ежелден келе жатқан тарыхын баяндайтынқұдіретті тіл.

Мұқанлв Аманайдың орындауындағы күйі.

1-жүргізүші.Достық-ең бағалы ұғым. Достық туралы атақты ғалымдардың ой-пікірін білейік.

1-ші.Белгілі ойшыл ғалым Аристотель былай деген екен. «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос жарансыз өмірді қаламақ емес.

2-ші. Ағылшын жазушысы Генри Фильдинг «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық.

3-ші .Әйгілі ғалым «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны өте қауіпті дейді.

2-жүргізуші.Әйгілі Әйтімбет шешеннің достық туралы айтылған көрінісін тамашалайық.

1.Шешен: Ассаламағалейкум Әйтімбет Әйтімбет достықтың нешеу болады?

2.Әйтімбет: достықтың екі түрі болады.1 адал дос,2 амал дос.

1.Шешен:Дұрыс-ақ .Енді бұлардағы қалай ажыратамыз.

2.Әйтімбет: Адал достықтың өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өмірі қысқа болады.Амал дос қуанышыңа ортақтасып,ал басыңа қиыншылық түскенде іздеп таба алмайсың.Ал адал достық қуанышыңада,қайғыңада ортақ болар серігің.

1,Шешен:Өте дұрыс-ақ екен.

1-жүргізуші Достар достығымыз мәңгілік берік болсын демекпін,достар туралы жырды бірге шырқайық.

Т.Молдағалиев

Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар жақын бала күнгі досымнан.

Қ-сы

Жан досым

Үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісінді көрейін ,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін.

Қос бұтағы секілденіп ағаштың.

Қатар тұрып сырмызды сан аштық,

Жол тапсақ та,бірге жүріп жол таптық

Адассақ та,бірге жүріп адастық

Қ-сы.



Өмір өзі арқамызға жүк салып,

Бәрімізді қияларға жұмсады.

Қатар ұшқан құсқа ұқсадық,әлде біз

Қатар жанған екі шамға ұқсадық.





2-жүргізуші.Осымен достық туралы тәрбие сағатымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сөз кезегін береміз!