7 мамыр - Отанқорғаушылар күні сыныптан тыс іс-шара

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic] 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі.


Мұғалім: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде
, - деп әкелерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

( )

Бүгінгі мерекеде жар салады,

Құрметтеп замандасын қарсы алады.

Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,

Билейді, ойнап күліп, ән салады.
Сағынтай Адияның орындауында ән: « »
Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,

Жүректегі жалын отын сақтаймыз.

Олар қате істер істеп жатса да,

Бетке шауып онысын да айтпаймыз.

Ұлдармен ойын:

1. «Мина қойылған дала» ойыны.

Еденге ақ қағаздар қойылады, осы қағаздарды орнынан жылжытпай, қағаз үстімен жүріп өту керек.
2
. Көздері байлаған балалар еденде шашылып жатқан текшелерді қорапқа жинуы тиіс.

Мұғалім: Әке – жарық дүниеге ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әке – баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Халық – ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді. Ер бала әкесімен сырлас, жлдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар- кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағанына негіз қалайтын өзі.

Тақпақтар: ( )

Арыстанбекова Анельдің орындауында ән: ------------------------------------

Әкелермен ойын:

  1. «Ең шапшаң әке» ойыны.

Ортаға екі әке шақырылады. Оларға 2 шар беріледі. Кім шарды шапшаң, бірінші үрлесе сол әке жеңеді.

  1. «Баланы киіндіру» ойыны

Ортаға екі әке және екі бала шақырылады. Әкелердің міндеті – баланы жылдам әрі дұрыс мектепке киіндіріп жіберу.

Мұғалім: Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем, -
демекші аталарымызға арнап тақпақтарға құлақ түрсек . ( )

Ойын: «Тапқыр ата». Мақалдар оқылады, оқылған мақалдардың жағасын табу керек.

  1. Өнер алды ... (қызыл тіл).

  2. Кітапты сүйіп оқы,...(Көңілге түйіп оқы).

  3. Егінші жерге қарайды, ...(Құс көкке қарайды).

  4. Ақыл жастан, ...(Асыл тастан шығар.)

  5. Тіл тас жарады, ... (Тас жармаса, бас жарады)

  6. Туған жердің құдыретін, ...(шетте жүрсең білерсің)

Мұғалім: -Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты
дей отырып келесі кезекті «Қыздар» тобыны орындауындағы «Жаяу» биіне береміз.
- Балалар, айтыңдаршы жуырда біз қандай мерекені атап өтеміз?
Ұлы жеңісіне 70 жылдығына орай Қадыр Мәликаның орындауында
«Катюша» әнін қабыл алыңыздар.

Хор: «Сарбаздар маршы».

Мұғалім: Асқақ ән көңілді тербесін,
            Т
ұтпасын күн қара пердесін.
             Ба
қытпен көз ашқан балалар,
             Б
үлікшіл соғысты көрмесін,-дей келе баршаңызды Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнімен құттықтаймын.

  • Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын.

  • Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар.