Уорк Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:Салт -дәстүрім-таусылмайтын байлығым
Мақсаты:
1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.
Барысы:
«Дұшпанға қатал,
Досқа адал - халық»
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастайық:

Асылхан: Әже, сүйінші,сүйінші дүниеге сәби келді!

Әже: Ой,айналайын балам,бұл қуанышты хабар ғой.Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінеки ала ғой сүйіншіңді.

Мұғалім: Балалар,қандай салт-дәстүрлерді білеміз?

І-бөлім «Салт -дәстүрі қазақтың-сарқылмайтын кенмен тең»

Инабат:

Ата салтым -асыл мұрам,ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім

Өткенімді бүгінменен жалғадым

Ислам:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық,ағайын,

Қазақ атты үлкен,кіші,балдырған

Нұрислам:

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де

Үлкен, кіші ,жасымыз,кәріміз де,

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізде

Аружан:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

Тұмарым:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
Ермек:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
Асылхан:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.
... Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.

Асылжан:
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Ислам:

Тоқым қағу. Тоқым қағу – баланың туған үйден бірінші жолға шығуына арналған той. Өз бетінше атқа отыруды үйренген бала, туған үйінен алғаш рет алысқа шығады. Оның ата-анасы баласының бірінші рет жолға шығуын ғана емес, үйге аман-есен оралуын да атап өту үшін мал сойып, той жасаған.Бұл тойға ақсақалдарды шақырған. Қонақтар домбыра тартып, ән шырқап, айтыс ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді.

Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады

Нұрислам:Тұлым қою: Кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне шоқ шаш қояды.Мұны тұлым деп атайды.

Инабат:Сыбаға: Құрметті немесе өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады.Үлкен ақсақалдарға,құдаларға,жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады

ІІ-бөлім «Білгенге -маржан» Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері

Нұрислам:

Босағада тұруға, табалдырықты басуға, есікті керуге болмайды.

Айға қолыңды шошайтпа.

 Екі бүйіріңді таянба.

Қол жуған соң қолыңды сілкіме.

Ошаққа су құйма.

Кеш батарда ұйықтама.

Қазақтар шашты жерге тастамайды – бас ауырады деп ырымдайды.

Шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Себебі оны құс ұясына салса, иесі дертке

шалдығады деп түсінеді.

Тырнақ өсірмейді – астына шайтан ұялайды дейді.

Ас бөлмесінде тырнақ алмайды. Тамаққа түссе – адам жазылмайтын ауруға

шалдығады деп түсінеді.

Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.

Малды теппе, ақты төкпе.

Отты шашпа, күлді баспа.

Екі қолыңды төбеңе қойма.Есікті керме.

Тұзды шашпа, баспа.Нанды бір қолмен үзбе/

ІІІ -бөлім «Адамның бір қызығы бала деген» Тұсау кесу .Көрініс

ІV -бөлім «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» сұрақ -жауап бөлімі

Мұғалім:

Құрметті,қонақтар,сіздерге де көңіл бөлгеніміз абзал.Келіп отырған қонақтардан қонақ-кәде сұраймыз

Би: «Қамажай»

Ән: Хор «Құттықтаймын ,мама,туған күніңмен!»

Қорытынды:-

Балалар, өздерің көріп отырғандай бүгінгі сабағымызда біз қазақтың салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен, тыйым сөздерімен танысып өттік. Бұлардың барлығы – қазақ халқының байлығы. Сондықтан оны ұмытпай ескеріп жүру – сендердің міндеттерің.

Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.