Күні Тақырыбы: «Адамгершілік –рухани байлық »
«Адам –өз өмірінің суретшісі» нақыл сөз ілініп тұрады.
Мақсаты : Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,
өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : шар,тақырыпқа байланысты суреттер топтамасы, жағдаяттық
бейнекөріністер ,көріністік заттар,т.б.
Жүру барысы:
Мұғалім:Қазақта мынадай сөз тіркестері жиі кездеседі: рухани бай адам,адамның рухы,рухани байлық,рухы жоғары.Осы тіркестерге мұқият зер сала отырып, «рух» деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге болады.
Рух адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттер мен барлық игі істердің қайнар көзі. Рухани бай адам ең алдымен әділ,адамгершілігі мол,мейірімді,адал,қанағатшыл болуы керек. Рухани бай адамды мен неге осылай суреттеп тұрмын?
(оқушылар өз ойларын айтады)
Ал,енді оқушылар бүгін сыныбымызда «Адамгершілік-рухани байлық» деп аталатын сынып оқушыларының арасында пікірталас өткізгелі отырмыз. Бұл жерде адамгершілік қағидаларының негізгілеріне тоқталып өтеміз деген ойдамын.
Оқушылар екі топ болып бөлініп отырған жерінде пікірталас басталады.
І тапсырма: Оқушылардың алдына «нәпсі», «қағида» , «сенім» , «адамгершілік» ,
«молшылық» , «байлық» , «қаңғыбастық», т.б. сөздер қойылады. Оқушылар өздеріне таныс сөздерді алып, мағынасын ашуға дайындалады.
Осы сөздерді таңдаған кезде,оның артында топтарға ,яғни талқыланатын тақырып пен бөліну тұстары жазылады.
Топтар тапсырмасы:
1.Адамгершілік адамдарды мейірімділікке әкеледі.
2.Рухани әлемсіз де адам өмір сүре алады.
Оқушылар өз түсініктерімен және планшеттерді пайдаланып,сұрақтарға жауап береді.
Ал нәпсі деген не?
Нәпсі-адам бойындағы барлық жаман қасиеттердің жиынтығы. Адам денесінде осы екі қуат:рух пен нәпсінің күресі үнемі жүріп жатады.Бұл күреске Шәкәрімнің «Адамның ішінде болмайды аласы,оларды бұзатын нәпсінің таласы» деген сөздері дәлел бола алады.
Ал қағида деген не?
Қағида (принцип) –адамның тәртіп ережесі.
Екі топ «Иә», «Жоқ» тақырыбы бойынша өзойларымен бөліседі.
1-топ пікірі:
1-оқушы:
«Сенім» атты өлең.
Еңбек етсем,ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іс пен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл ,сана,білім мен
Өнеріме сенемін!
Арым –таза ,ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін!
2-оқушы:
Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,әділдік,өзара көмек,достық,адалдық,үлкенді сыйлау,кісілік жатады.
3-оқушы:
Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,өмір заңдылықтарын үйренеді.
1-оқушы:
Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен,оған сенуінен,басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен,шыншыл болу әрекеттерінен байқалады.
Мұғалім: Балалар , енді адамдық асыл қасиеттерге жеке-жеке тоқталайық.
2-оқушы:
Әдептілік сезімі-өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық және этикалық талаптарға сай ұстай білу.Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанын жараламауды , адамға қуаныш әкеле алатынын,бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді.Әдепті адам әр уақытта қоғамға басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды.
2- топ пікірі:
1-оқушы:
Адамдықты,мәдениеттілікті ұстанып та,атеисттер өмір сүріп жатыр.Оның дәлелі Кеңес Одағы кезінде өмір сүрген адамдар.
2-оқушы:Тарихқа жүгінсек, құдайды ойлап тапқан адамдар.Оны ойлап тапқан кезде де сол арқылы қалтасын толтырып отырған да адамдар.Сонда сіздердің ойларыңызша,адам құдайдан қорыққаннан бір-біріне мәдениеттілікті көрсетеме?
3-оқушы : Рухани әлемсіз де адам өмір сүре алады.Онымен қатар қазір технологияның дамыған заманы.Адам өзіне қажетті затты,тіпті жасанды жүректі де жасап алады.
ІІ тапсырма:
«Қанаттың қылығы» атты жағдаятты талдау.
Мұғалім :
Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың шетінде тұрған қарияны көреді.Не істеу керек? Жол беріп ,өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды.Жарыстың аты-жарыс,Қанат қарияның жолын кесіп кетеді.Қанаттың қылығы дұрыс па?Әлде бұрыс па?
Оқушылар : Дұрыс- Өйткені,Қанат өз қатесін мойындады.Ол әдептілік қағидаларының бәрін біледі.Қанаттың жағдайын қарт адам түсінген шығар.
Дұрыс емес: Қанат тек жолдастарымен жарысып кетіп бара жатқан. Ал,егер,қарт жолдың ортасында тұрса ше? Егер қарт жолдың үстінде тұрса ,онда жағдай басқаша болар еді.
Мұғалім : Мектептегі әдептілік деген не?
1-оқушы : Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу,жолдастарыңмен мұғалімдермен амандасу.Мектеп мүлкін сақтау,үлкендермен және кішілермен қарым-қатынасты дөрекілік көрсетпеу жатады.
2-оқушы :
Амандасу –әдептіліктің басы. Амандасу үшін айтылатын сөз- Сәлеметсіз бе?;Ассалаумағалейкум ; Қайырлы таң ; Қайырлы түн ; Кеш жарық.
Амандасудың тәртібі: (көрініс арқылы жеткізу)
1.Үлкендерге жастар бірінші болып амандасады.
2.Қол алысып амандасқанда қолғабын шешуі керек.
Мұғалім :
Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып,мұғалімдерді алдады.Сенің әрекетің?
3-оқушы :
«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» , дұрысы –шын себебін айтып,қателігіңді мойында дер едім.
ІІІ тапсырма:
Бейнеролик тамашалайды және өз ойларын айтады. «Ұрлық туралы» , «Нәпсі туралы»
2-оқушы :
«Ұрлық түбі –қорлық» екенін түсіндіріп ,жаман әдеттен сақтануына көмектесемін.
Мұғалім: Қайырымдылық деген не?
1-оқушы :
Қайырымдылық –жетімдерге ,мүгедектерге ,қарт кісілерге рухани-материалдық көмек көрсету.
3-оқушы :
Ерік жігерсіз адамдар тез бұзылып, ішімдікке салынып,ұрлық жасауға әуестенеді.Оның арты қайыршы , кезбе болумен аяқталады.
Мұғалім : Бейнеролик көрсетіледі. «Адамгершілік туралы»
Енді,оқушылар,қыздар тілек ағашының суретін салсын,ал сіздер стикерге тілек жазып,өз ойларыңызды білдіріңіздер.
Әрбір адамда намыс оты болады. Ал ,адам ол зор күштің иесі.Адам адаммен қарым-қатынасты күнде жасап отырады.Ал сіздер адамгершілік,мейірімділік болмаса өмір қиындайтынын түсіндіңіздер ғой.Оның бірі болмаса,адам заңды да құрметтемеуге,салт-дәстүрді де сақтамауға ьолады деген ой түйеді.
Игілікке бастаған іс-намыс, қайрат,жігер берер. Бойында ерік-жігерің болса, алға бастар ақылың болса ,неден кемдік көресің?
Соған жетер қайрат,адами асыл қасиеттер берсін деп тілеп,бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.Ден қойып ,тыңдағандарыңызға көп рахмет.