Жамбыл орта мектебі
Бекітемін
Тәрбие жұмысының ұйымдастырушыс: Г.Диханбаева
Тәрбие сағаты
Класы: 1
Күні:
Өткізген: Төлегенова Н.Н.
2014-2015 оқу жылы.
Аталар сөзі-тәрбие көзі
Мақсаты: жас жеткеншектердің бойына халқымыздың ұлттық қасиеттерін сіңіріп,өсиет өнегелі сөздер арқылы адамгершілікке баулу;кітап оқуға қызығушылығын арттыру;ұлтының салт-дәстүрін сыйлайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар оқушылар,бастауыш сыныптар арасында «Аталар сөзі-тәрбие көзі»атты мақал-мәтелер, шешендік сөздер,ырым-тыйымдарды ес білгеннен естіп келдіңдер,мектепке келгеннен жаттап,әр сөздің мәнін түсініп өсіп келесіңдер.Бұлар ғасырлар бойы халқымыздың өмір тәжіриебесінің нәтежиесінен жиналған асыл ойлары.Халқымыз «Сөздің көркі-мақал»деп айтатын ойын ұнамды да ұтымды жеткізген. Олай болса сайысымызды бастаймыз.
I топ
Жүйелі сөздің өтімі болады,
Жүйесіз сөздің кетімі болады.
Тауып айтқан нақылдың
Дау тоқтатар бекімі болады
II топ
Адам сәні-өнер,білім,ақылы
Жердің сәні-жеміс,өнім,дақылы.
Сөздің сәні-өнегелі нақылы.
III топ
Жақсы сөз ел жаттар,
Ел жаттар сөзде салмақ бар.
Мақал сайысы: «Жалғасын тап»
I топ
1.Жақсы байқап сөйлер,
(Жаман шайқап сөйлер)
2.Бой жетпеген жерге ой жетеді,
(Ой жетпеген жерде қиял жетеді)
3.Асыл тастан шығады,
(Ақыл жастан шығады.)
«Шамшырақ сайысы»
Би- шешендердің өмірге нұсқа болар қсиеттерін қай топ көп біледі екен?
Бал жинамаса ара қасиетсіз, Жанбай қалған шала қасиетсіз
Әдепсіз болса бала қасиетсіз
Әділетсіз болса дана қасиетсіз
Көк шықпаса жер қасиетсіз
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Жерден ауыр дегенім-ақыл,білім
Судан терең дегенім-оқу,білім,
Оттан ыстық дегенім-адам өмірі
Көктен биік тәкәппардың көңілі
Жаңбыр жаумаса жер жетім
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
«Жақсы сөз-жарым ырыс»
Күнделікті өмірде қолданылатын ізгі тілектерді қай топ көп біледі?
1.Жаңа киім кигенде
(Киімің тез тозсын,жаның берік болсын)
2.Жаңа туған айды көргенде
(Ай көрдім,аман көрдім.Ескі айда есірке,жаңа айда жарылқа.)
3.Жолаушыдан қайда баратынын сұрамайды.
«Жолың болсын» дейді.
4.Мал төлдегенде(Төлдер көбейсін )
5.Дүниеге нәресте келген уақытта(Бауы берік болсын)
Мұғалім: « Жер бетіндегі жақсылықтын бәрі күннің шуағы мен ананың ақ сүтінен нәр алған дейді.
Олай болса күн шуағын жақсы тілектерінді жазып тақтаға жапсырайық.Осы шуақты күндей бір-бірімізге мейірім мен қуаныш сыйлап жүрейік.