Тәрбие сағаты: Құқық әділет пен парасат долы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы: Құқық әділет пен парасат жолы. /танымдық сайыс/
Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары туралы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Құқық жайында ой жүйесін дамыту. Өз елінің «Ата-заңына» бағына отырып, әрбір азамат өз құқығын қорғай білуге және барлық адам тең құқылы екендігін түсіндіріп, оны қорғай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Конвенция, Деклорация, Рәміздер, Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Ата Заңмен бекіткен,

Дербестігін еліміз.

Ата-баба мұра еткен

Тұтастығын еліміз.

Кіріспе.

Балалар сендер балалар құқығын қорғау жайында біз не білеміз?

  • Конвенция туралы не білеміз?

Көрініс. сынып оқушылары құқық бұзушылыққа байланысты.

Конвенция – арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт.

Әлемде Бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу 1959 жылдың желтоқсанында Декларацияны жариялаудан басталды. 1971 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде «Бала құқығы туралы Конвенция» дайындау жөнінде топ құрылды. Дайындық жұмысы 10 жыл ішінде тәмамдалып, 1989 жылдың 20 қарашасында Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымында  бірауыздан қабылданды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Иоркте ЮНИСЕФ-тің  атқарушы директоры Джемс-Грантпен бірге «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Әлемнің 156 елі болып қол қойған Қазақстанның мәртебесін асыратын бұл елеулі  қадам. Республика балаларының жыл сайын 20 қарашада өз құқықтарын қорғау мерекесін атап келеді.

«Балалар туралы Конвенция» негізгі төрт міндетке балалардың өмір сүруі, қозғалуына, дамуына, араласуына басымдық береді. Осы байтақ елімізде халықтық құқық қорғайтын заңымыз бар. Конституция – 98 баптан, 9 тараудан тұрады. Бүгін біз «Құқық – әділет пен парасат жолы» атты танымдық сайысымызды бастаймыз.

Әдеби-монтаж

1-оқушы: Азат елден басталған,

Айқын жолы тәрізді.

Ата-Заң деп аталған,

Конституциямыз бар біздің.

2-оқушы: Ата-Заңмен бекіткен,

Дербестігін еліміз.

Ата-баба мұра еткен,

Тұтастығын еліміз.

3-оқушы: Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген,

Заңымыз бар негізгі.

Бас иетін бар адам,

Әрбір сөзі салмақты.

Қорғар бәле – жаладан,

Ата заң бұл ардақты.

4-оқушы: Халықтың ат тілегі,

Ізгіліктің бастауы.

Ата-заң бұл киелі,

Еліміздің бас заңы.

Түзілген өн бойында,

Әділдіктің ақ жолы.

Нұр боп жансын жолында,

Самға біліп ал да оны.

«Құқық әділет пен парасат жолы» атты танымдық сайысымызға қатысатын 4а, 4б сыныптарын ортаға шақырайық.

Сайыстың  әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Сайыстың шарты

І. «Менің атым кім, ол нені білдіреді?» ойыны

ІІ. «Сен – Азаматсың, бос уақытыңда не істейсің?» ойыны (суретпен бейнелеу)

ІІІ. «Адамға –заңға, заң – ақылға бағынады» (Әр топ құқық бұзушылыққа байланысты көрініс қою)

ІҮ. «Шуағынан айрылған күн» ойыны. /Күннің шуағына білетін баптарын жазу/

Ү. «Жалғастыр» ойыны.

ҮІ. Ситуациялық сұрақ.

І. Менің атым кім, ол нені білдіреді? ойыны.

Ортаға әр топ балалары шығып өзінің есімдерін таныстырып өтеді:

Сұрақ –

Жақсы,  балалар сендер өздеріңнің есімдеріңді онын нені білдіретіндерін айттыңдар. Енді балалар, осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады?

Жауап: Бала туғаннан кейін есім алуға құқылы.

Сынып оқушыларының баптар туралы анықтамасы.

ІІ. «Сен Азаматсың, бос уақытыңда не істейсің?» ойыны

Балалар сендер сабаққа 14.00-де келесіңдер. Одан кейін сендер не істейсіңдер? Осыны қылқалам арқылы суреттеп көрсетеміз.

Сұрақ: Жарайсыңдар балалар. Әр топ өздерінің бос уақыттарында не істейтіндеріңді  бейнелеп көрсеттіңдер?

Енді осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады?

Жауап: Дем алуға құқылы.

Ән:

ІІІ. «Адам-заңға, заң-ақылға бағынады»

Әр топ құқық бұзушылыққа байланысты сахналық көрініс қою. Қай бап бойынша көрініс қойылғанын табу..

ІҮ. «Шуағынан айрылған күн» ойыны.

Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы барп, сол шуаққа сіздер өздеріңіздің білетін құқықтарыңызды жазасыздар. Сонда біздің күніміз әлемге жарқырап, шуағын шашып тұратын сурет көрсетілген.

Ү. «Жалғастыр» ойыны

Политриялық фигураларда сандар жазылады, санды таңдап, баптарды жалғастырады.

10 – Әр адамның жеке басының ісіне басқаны араластырмауға, өмір сүруге және еркіндікке құқығы бар. /3 бап/

10 -  5-бап. Ешкімнің де азапталмауы, қаталдықпен, адамшылдыққа жат қылықтарымен жазаланбауы  тиіс.

20 – 6-бап. Әр адам, қайда жүрсе де, заңмен қорғалуы тиіс.

20 – 7бап. – Барлық  адам  заң алдында тең.

5 – 12бап. Әр адам өз баспасына, жеке және  отбасылық өміріне, абыройы мен атағына басқаның қол сұғуынан қорғалуға құқығы бар.

5- 4 бап. Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл сатудың барлық түріне тыйым салынады.

30 – Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті Қазақстан Республикасы азаматтарының  конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқылы. 29-бап.

30 – 34бап. Әркім республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

ҮІ. Ситуациялық сұрақтар.

І-топ

Сен  сабақтан келгенде ата-анаң бір-бірімен ұрысып жатыр екен. Себебі, сенің оқуыңның, тәртібіңнің төмендігі туралы сынып жетекшің ескерту жасағандығы. Ата-анаң бір-бірін кіналауда? Сен енді не істейсің?

ІІ-топ

Сенің сыныбыңа бір бала биыл қаладан келеді. Сынып жетекшісі оны сыныпқа таныстырады. Сыныптың салты бойынша жаңадан келген оқушы, ең күшті оқушымен төбелесу керек. Сабақтан соң сыртта мектептің  артында күтетінін айтады.  Мұны сынып жетекшісі естіп, жаңадан келген оқушының ата-анасына  ескертеді. 1 сағаттан соң олар төбелесетін жерге келеді. Күтпеген жерден ата-анасы мен сынып жетекшісі келіп қалады. Енді не болады?

Қорытынды:

Еңбек етсем ертеңгі,

Бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер,

Ата-Заңыма сенемін.


































Жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебі







Тақырыбы:

[pic] «Менің тұңғыш президентім!»













[pic]











Сынып жетекшісі: А.Г.Бакитжанова

5 «а» сынып











2013-2014 оқу жылы




























[link]

[pic]

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің жоғары санатты химия пәні мұғалімі
Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы

Тақырыбы: Бала құқықтары мен міндеттері.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету,адамгершілік-
ке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларынеркін жеткізе алу мәдениетіндамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан Конституциясыкітапшасы,Бала құқықтары туралы Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.
Кіріспе.
Мұғалім:Құрметті мұғалімдер, оқушылар!

«Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында «Бала құқықтары мен міндеттері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілгелі отырмыз.
Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты
Ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен
Бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардыңқұқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев»Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.
Ібөлім «Бала құқығы- асыл қазына».ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы». ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.

ІБөлім. Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.
8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне жәнеөміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.
ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы».
1- оқушы.Конституция-ерікті елдің құқы
Конституция ерікті елдің құқы,
Адам құқы,алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция-алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайдымұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бірордада,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын,білім алам,
Еңбек етем,қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары-
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
2-оқушы.Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле-жаладан
Ата заң бұл ардақты!
2.Құқық әлемінен көрініс.
3.Ұлылардан қалған асыл сөз.
1-оқушы: Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
385-Хадис(Мұхаммед Пайғамбар)
2-оқушы:Заң-жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант.
3-оқушы:Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов.
4-оқушы:Әр заманның өз рәсімі,өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейхан.
5-оқушы:Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев.
6-оқушы:Заң-мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты.
Шерхан Мұртаза.
7-оқушы:Әділ заң-аспан тірегі.
Жүсіп Баласағұн.
Жағдаяттарға байланысты сұрақтар.
14 жасарБолат үйінде сыныптастарымен туған күнін атап отырғанда масаң күйінде әкесі келіп жолдастарының көзінше балағаттап,ұрып-соға бастайды.Осы кезде Болат не істерін білмей әкесін итеріп жібереді. Әкесі тәлтіректеп барып басынпешке ұрып құлап түсіп қайтыс болады.( Жағдай сарапқа салынады.)
Мақал-мәтелдер: «Тәрбиелі-тәртіптің құлы,
Тәртіп елдің-құлы»(Бауыржан Момышұлы)

ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ).
3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).
5.Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта).
6.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
7.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
8.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
9.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада).
10.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
11.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық).
12.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы(16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
13.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?(1948 жылы 10-желтоқсанда).
14.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?(14 жастан).
15.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
16.»Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан).
17.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?(1992 жылы).
18.Ө¬з тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі(тәуелсіздік).
19.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).
20.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудыңхалықаралықкүні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан-Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.
1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті.
20-қараша 1989жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.
30-тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Қорытынды: Құметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық.. Қазақ ұлты қайырымдылықты,ымырашылдықты қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.

Сынып жетекшісі: Ж.Нұрмашева.