Сыныптан тыс шара Мұқағали мәңгілік ғұмыр 8- сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

 

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»

 

1-оқушы: «Арыз жазып кетейін».

 

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!    

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 78 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

 

2-оқушыі:”Менің анкетам"

 

2-жүргізуші  Шәміл Мұхамеджановтың немересі Әсем атасының Мұқағалиға арнап шығарған өлеңін оқиды.

 

1-жүргізуші: Поэзия!

                           Менімен егіз бе едің?

                           Сен мені сезесің бе,

                                   неге іздедім?

                           Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

                           Қарауытқан таулардан сені іздедім,-дейтін Мұқағали-біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

2-жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы – мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі.

 

1-жүргізуші: Мұқағали лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің

жыршысы. өзі өскен Алатауын, Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп-ақ кетті.

 

3-оқушы: «Қарасаз».

 

4-оқушы.„Туған жерім. "

 

5-оқушы.„Қара өлең."

 

 

6-оқушы:”Үш бақытым"                                                                                                                                              

Көрініс «Мұқағали мен Нұрқасым»

 

Мұқағали: Осы мен ақынмын ба? Шыныңды айтшы, мен саған сенейін! Ел не

дейді?

Нұрқасым: Сіз - өте жақсы ақынсыз. Ел де солай дейді.

Мұқағали: Өтірік.

Нұрқасым: Сенбесеңіз өзіңіз біліңіз! Халық жақсы ақын дейді, жақсы көреді,

бірақ...

Мұқағали: Ақымақ бала, «жақсы ақын» дейсің, ә?! Жо-жоқ, мен жақсы ақын

емеспін, сұмдық ақынмын! Білем сенің де ақыл айтқың келіп тұр.

Нұрқасым: Жоқ, Мұқа, олай ойламаңыз. Мен әншейін.

Мұқағали: Түсінем, түсінем, бәрін де түсінем. Маған сенің жаның ашиды.

Олай емес! Мен өз құнымды өтедім. Енді өлуім керек! Осы мен өлетін уағымнан өткен сияқтымын?! Рас, мен енді өлмеймін.

                        «Жақындықты сеземін –

                        Жерден де аспаннан,

                        Жылулық сезінем –

                        Мұздардан, тастардан.

                        Өмірім сірә да,

                        Арыдан басталған,

                        Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

                        Осы мен

                        Өлмеймін, өлмейтін шығармын

                        Сәл ғана мызғып ап ,қайтадан тұрармын»

 

2-жүргізуші: деген жолдарды оқығанда, анау сөздерді біз сияқты пенделерді

«не дер екен» деп, сынау үшін айтқан сияқтанады да тұрады. Өйткені бүгінде «сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрғанына» бәріміз куәміз. Болашақ ұрпақтар да куә бола бермек.

 

1-жүргізуші: Атақты Қазақ совет сыншысы Мұхаметжан Қаратаевтың 60-

жылдығына байланысты ҚазПи-де өткен кездесуде Мұқағали Мұхамеджан ағасына қарап қойып: «Ата, мына өлеңді мен сізге арнадым» - депті.

                                   Қарамай сақалыңа, шалдығыңа,

                                   Жарасып тұрушы еді қалжыңым да.

                                   Қарабайдай қатайып алыпсың ғой,

                                   Ата,

                        Сен шынымен алжыдың ба? – деп «Сыбағам қайда» деген өлеңін оқи жөнеледі. Зал Мұқағалидың өктем даусына сілтідей тынады. Сол сәт ақын Мұхамеджан ағасының орнынан тұрып, кетіп бара жатқанын байқайды да: «Ата, бұл өлеңді мен сізге арнаған жоқпын! – деп, ары қарай оқи береді.

                        Мен сені сыйламасам, түсінбесем,

                        Жүрмес ең әр жырымның ішінде сен

                        О, менің пайғамбарым!

                        Сен болмасаң

                        Тірі пенде алдында кешірмес ем.

                        Ат басы алтын берсе табылмаған,

                        Еншім бар менің сенде алынбаған!

                        Қобызың емес пе едім қолыңдағы,

                        Ұмыттың неге мені жаным – бабам?

                        Қатыбас өмірден мен пайда алмадым,

                        Жаныммен жазған жырым-жайған малым.

                        Қылышың емес пе едім қынаптағы

                        Жоғалттың неге мені пайғамбарым?!

                        Ат басы алтын берсе табылмаған,

                        Сыбағам қайда менің алынбаған?

                        Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем,

                        Ұшында сақалыңның дамылдаған?!

2-жүргізуші: Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ.Ол өлең болып өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды.

 

1-жүргізуші: Жазушы баспасының ұжымы қайта құру және демократия

талаптарын ескере отырып, республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.

            Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М.Мақатаевтың «Жылайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.

 

 2-жіргізуші: Әсем Мұхамеджанова өзінің ”Жырының жалғасы бар"  атты,Т өлеңін оқиды. 

                       Қасиетті Қарасаз туған жерің,

                       Киелі топырағында өстің-өндің!

                       Бабамыз Райымбектей ерді берсе,

                       Поэзияға Мұқағалидай ақын бердің!

                       ”Қайран, Қарасазым-ай,"-деп жырладың

                       Өлеңмен шығып еді сан мұңдарың!

                       Ән мен жырың халқыңды бас идірткен

                        Құйғытқан құлагері қара сөздің!

                        Тау ұлысың, тауға қарап өсіп ең,

                         Жырларыңды жүрегіңмен жазып кең !

                        Жыры болып халқың үшін туғансың,

                        Жыр тетігін ағытып бір кетуші ең!

                        Бүгін сенің туған күнің, бір тойың,

                        Жеткізе алсам өз ойымды өлеңмен.

                        Өлең, жыр боп өмір сүрдің жан аға,

                        Өлең болып өттің мына өмірден!    

2-жүргізуші: Жанар Тұқанова өзінің ”Мұқағали атаға" атты өлеңін оқиды.

 

1-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

                           Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                           Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

                           Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгері ұлы ақындарша дөп басып дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп-білгендердің ішінде құлаш-құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде-кем.

Естеліктерден үзінділер.

 

Нағиман Батанқызы(Ақынның анасы)

 

Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты ақыны атанарын,құдай ақы,туған шешесі мен де,өмірлік жары да,туған бауырлары да білгеміз жоқ.Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар...Енді қарап отырсам,тыңдап отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп,өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты,өлеңінің қуаты шығар.Бұған да тәубе.Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен қошаметті артында қалған біз-отбасы,жары мен балалары,бауырлары болып көріп жатырмыз.Қайсыбірін айтайын.Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып жанады...

 

Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы)

 

Мұқағалидың тілі бай,халық тілі еді ғой.

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Оған-жырларына жазылып жатқан белгілі композиторлардың да,әуесқой композиторлардың да әсем әндері,қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері,суретшілердің жасап жатқан бірінен-бірі өтетін Мұқағали портреттері,тағы басқа да дүниелері бәрі-бәрі куә.Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек.Лауреаттықты „жоғарғы топ," мықты ағалары қимаса да,ел-жұрты ыстық ықыласына бөлеп,әлдеқашан шын бағасын,зор құрметін беріп те қойған.Мұқаң халқына піріндей сенді.

 

Фариза Оңғарсынова

 

Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып,дөп басып,тани алмасақ,бұл-өнердегі заңдылық.

Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес,жақындаған сайын алыстап,жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

         Поэзияның әрі таймас сұлулығы да,барған сайын ынтызарыңды құрта түсетін құдіреті де осы болуы керек.

          

         Нұрғиса Тілендиев

       

  1975-жылдың күзі.Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей,үйде шығарма жазып жатқан.Неге екенін қайдам,інімді арнайы іздедім.

       Ақыры таптым.Екеуара кең-мол әңгімелескен соң мен оған аға ретінде қолқа салдым:

       -Мұқаш батыр!Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана танығандаймын.Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты,қарапайым.Ендеше неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың.

         Мен бұрын-соңды әннің сөзін жазған ақын емес едім,аға...Осының өзі қалай болар екен...

    Ол әжептәуір ойланып қалды.Мен қайталап қолқа салдым.Бұл жолы қарсылық көрсеткен жоқ.Тек ауыр күрсінді.Сонда не ойлады екен?     

    Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"

Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"

Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.

 

1-жүргізуші.

                      Жазылар естеліктер нешелеген,

                      Көрерміз оның бәрін пешенеден.

                      Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

                      Көшеді өлең немесе өшеді өлең,-дейді Мұхаң.

Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі жазыла берер.Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме,өше ме-мәселе сонда! Ал М.Мақатаевтың жырлары күндегендерге-көктен түскен жасындай боп, күткендерге-мәңгі тозбас асылдай боп, 20 ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық. 

                          

2-жүргізуші: Ертең- сенің туған күнің,о, пәлі-ай!

                       Мына дүние қалай тұрсын тойламай!?

                       Өлмесіңді біле тұра мәңгілік

                        Бұл өмірді қиып кеттің сен қалай!?

                        Туған күнді тойламай қынжылып ең,

                        Сыр бермей ешбір жанға тік жүріп ең.

                        Мерейтойды өткізді бүкіл қазақ,

                        Күні-түні дүрлігіп мың-мыңымен!     

Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.






























3сынып. Өмір – өлең. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың балаларға арнап жазған шығармаларын оқып, танып білу (атс).

Опубликовал  [link]

Қазалы қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы
 17 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнің мұғалімі Келімбет Айна Нағиқызы

 

Мақсаты. Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру,ақын шығармаларыныңидеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.
Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу,үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу,оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер: Жеке оқушымен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру.

Көрнекілігі: Ақынның портреті,шығармалар жинағы,ақын туралы естеліктер,буклет, сурет,альбом.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

(Сынып оқушыларын түгелдеу,сынып бөлмесін тәрбие сағатына сай безендіру).

Кіріспе сөз .Құрметті қонақтар,ұстаздар,және оқушылар.Бүгінгі сабағымыз ақын,

поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналмақ. Мұқағали – сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп,сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын.Өзінің естелігінде ақын «Мені сөзге,жырға үйір еткен халық,сүюге тәрбиелеген әжем» дейді.

Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол биік адамгершілікті де, достықты да, бауырмашылдықты да, табиғатты да, махаббаты да, тілмен тәуелсіздікті де жырлаған.

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын.

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын,

Қазақтың қасиетті қара өлеңі.

Жалғаса береріне сенген ақын- деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ.

Артында қалың елім,қалсын -деп,елінің ,жерінің бүтіндігін ,қамын ойлап кеткен ақындарымыз «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев» осы тақырыптағы тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Сахнада баяу музыка ойнап тұрады.

 

1-жүргізуші:

Тәрбие сағатымыз 4-бөлімнен тұрады.

1-бөлім«Ақын келбеті» Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармалары.

2-бөлім «Поэзия – жүрек тілі» (Ақын өлеңдерін оқу)

3-бөлім Мұқағали туралы естеліктер.

4-бөлім. Қорытынды:

2-жүргізуші.: Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетінде қаламдас достары ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.Табиғатына тартып туған ақынның асқар таулардай биіктігі,Шәлкөде жайлауындай кеңдігі, Қарасаз шалғынындай шалқыма көңілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!

І-бөлім. «Ақын келбеті»

( Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы)

Балалық шағы соғыс пен тұспа-тұс келген Мұқағали Мақатаев өлеңді 10-11 жасынан жаза бастайды. Алғашқы –өлеңдері аудандық газеттерде жарық көрген содан Мұқағали шығармалары 1960-70 жылдары үздіксіз басыла бастайды. Бұл жылдарды ақының қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, «Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана деген байламды берік ұстап, шен- шекпенге де, лауазым атаққа да қызықпаған». Мұқағали Мақатаевтың «Қаламқас», «Қарлығашым келдің бе?,«Дариға жүрек»,«Аққулар ұйықтағанда»,«Өмір дастан» т. б.жыр жинақтары туған.

Мұқағали Мақатаевтің балалық шағы ауыр жағдайда өтті. Әкесі соғысқа кетіп оралмады. Соғыстың ауыр жылдарын басынан өткізді. Зерек, алғыр, өткір мінезді Мұқағали мектепке жасы толмай-ақ ерте барды. Мектепте үздік оқып, қоғамдық жұмыстардың ұйтқысы болды.

Өмірінің соңына дейін өлең жазды.

1-жүргізуші:«Өлді деуге болама, айтыңдаршы өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деп Абай атамыз айтқандай Мұқағали Мақатаев өмірден ерте кетсе де біз үшін мәңгі тірі өшпес бейне. Жүрегімізде жатталып, көңлімізде сақталып қалмақ. әлі де бізбен бірге. «Мені жырға, сөзге үйреткен, халықты сүюге тәрбиелеген-әжем» дейді ақын. Рас, көбіне әжесінің тәрбиесінде өскен.

ІІ-бөлім. «Поэзия — жүрек тілі»

2-жүргізуші: Иә, Мұқағали – ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

1-жүргізуші: Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия.

Поэзия!

Менімен егіз бе едін?

Мен сені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім…

 

немесе:

 

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан, түршігу  күрсінуден,

Жүректердің іздедім дүрсілінен.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттардан іздедім, сағаттан да,

Сені іздедім

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

 

2-жүргізуші: Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным,алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа, — деп дарынды ақынымыз жырлағандай өлеңдері көркем қуатымен, еркелігімен халқының жүрегіне жол тауып жатты. Сондай өлеңінің бірі — әкеге арнау өлеңі.

«Әке» өлеңі оқылады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жалғыз біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағыныш болатын.

1-жүргізуші: Ақынға не керек болды бұл өмірден? Өмірді соншалықты сүйген жанның өмір жайлы толғанбауы мүмкін емес.

 

«Өмір жайлы» өлеңі оқылады.

Ән: «Есіме мені алғайсың»

2-жүргізуші: Махаббат па, әлде басқа сезім бе?

Сезімбедім сол бір сәтте өзімде.

Қысқа өмірдің қызғылықты сәтінің,

Негативі әлі менің көзімде.

«Махаббат диалогы» оқылады.

 

ІІІ-бөлім. Мұқағали туралы естеліктер.

1-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер ме мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, — деп ақын өзі жырлағандай жарық дүниедегі аз ғұмырының мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Ол туралы естеліктер жазылып жатыр,әлі де жазылады.

1-оқушы: (Әлнұр Мейірбековтың естелігінен үзінді оқылады).

«Мұқағали адам ретінде жіберген кемшілігінде,азамат ретінде артықшылығын да ақын жүрек арқылы сана саңылауынан өткізді.Әркімнің жүрек тұсынан сөйлеп тұратын Мұқағалидың артықшылығы сол. Ол басынан өткерен барлық тауқымет пен азапты өзімнің ғана тағдырым деп ұққан еді. Ол үшін халқына өкпелеген жоқ.Керісінше бас иіп өтті». Ол туралы ақын былай дейді:

Не сыйлайды,не береді келер күн,

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

2-оқушы:(Ақын жазушы Әбіш Кекілбаевтың естелігінен үзінді оқылады) Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарасым мен келісімнің жаршысы. Оның туған аулына,Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына, баршасына арналған өлеңдері де шын тебіреністен,шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар.- дейді ақын жазушы: Әбіш Кекілбаев

3-оқушы: ( Нұрғиса Тілендиевтің естелігінен үзінді оқылады)

« Бірде Мұқағали, әйелім дариға үшеуміз қыдырып келіп, күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңілденіп кетіп әйеліме «Дариға домбырамды берші маған» деппін. Қиядағыны көзбен шалатын Мұқалиға әлгі сөз әсер етіп, әсем жырды төге салды да, «Енді осыған ән жазыңыз, аға!» деді. Сөйтіп, тамаша ән дүниеге келді.

Ән: «Дариға домбырамды берші маған»

4-оқушы: (Әжесі Тиынның естелігінен)

Ақынның атасы көкпар тартырып жүріп аттан құлап аяғы сынады. Ел – жұрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде,әжесі атасына «Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек» дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегендігін айтып батасын береді. Бәйбішесінің мінезіне қарап атасы Мұқағалидың әжесін «Көк дауыл» дейді екен. Әжесіне арнап ақын «Сөнбейді әжең» деген өлеңін шығарған.

Ән: «Сөнбейді, әже, шырағың»

2-жүргізуші : Бүгін менің туған күнім

Ой Пәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай,

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай деп жырлағандай биыл Мұқағали Мақатаев 80 жасқа толады. Мұқағалидың еліне, халқына, Отанына, туған жеріне арнаған өлеңдері көп-ақ.

Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл.

Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы.

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның,

Өлген күні болған емес болмайды.-деп жырлаған Жарасхан Әбдіраш.

ІV – бөлім. Қорытынды

Мұғалім сөзі: Міне балалар,Мұқағали жайлы біраз мәлімет алдыңдар. Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп тұлғалана түседі.Тау биіктегенімен,теңіз тереңдегенімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті. Ақынға ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атағы берілген еді. Мұқағалидың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ ғасырдың жастары – сендерсіңдер. Мұқағалидың поэзисы таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол – поэзияның Хантәңірі. Ол – сыршыл ақын. Ол – қара өлеңнің шебері. Ол – қайта өмірге келген ақын. Ол – драматург, ұстаз, сатирик. Ол – жазушы. Ол – журналист.

Тәрбие сағатының соңында интерактивті тақтадан Мұқағали туралы көрнекіліктер көрсетіледі.