№54 негізгі мектебінің жанынан ашылған «Абылай» шағын орталығының тәрбиешісі Туремуратова А.Л.
Ақтөбе облысы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Түрлі-түсті мұздар.
Мақсаты: а)Судың сұйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру. ә)Тәжірибе жасау арқылы түрлі түсті судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету арқылы зейіндерін дамыту.б) Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: 3 банкі су, қызыл, көк және сары түсті гуашь, қалыптар.
Сөздік жұмыс : мұз.
Билингвальды компонент : су-вода, мұз-лед.
Мотивациялық қозғаушы:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Балалар сендер білесіңдерме,жербетіндегі ең көптараған зат-су.
-Тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз, егін суарамыз, кіржуамыз. Өртсөндіруге пайдаланамыз. Жербетінде ауыз су тапшы. Оны үнемдеп жұмсау қажет.
1.Білімді өзектендіру.
-Балалар, бізге ғажайып қонақ – Африкада тіршілік ететін керік келді. Ол өмірінде қар ұшқындары мен түрлі түсті сүңгі мұздарды көрмепті. Кәне, біз оған түрлі түсті сүңгі мұзды қалай жасауға болатындығын көрсетейік.
Іздену-ұйымдастырушы:
Су тазалықтың досы. Көктемде күн жылынып, қар мен мұздар ери бастайды. Ағаштар бүршік жарып, жерге көкшығады, жан-жануарлар төлдейді, құстар елге оралады, табиғат керемет бір түске боянады.
2.Тәрбиеші, суы бар банкілерді көрсетеді.
-Балалар, банкілерге не құйылған?
-Су қандай?
-Мөлдірлігі соншалық, оның іші жақсы көрінеді. Кім мөлдір суды жақсы көреді? Оны қайда қолданамыз?
-Енді біз түрлі түсті су жасаймыз. Әр банкідегі суға түрлі бояуларды араластырамыз.
Тәрбиеші банкілердегі суға қызыл, көк және сары бояуды қосып араластырады.
-Енді түрлі түсті судан түрлі түсті мұз сүңгілерін жасаймыз.
[pic]
-Суды мұзға айналдыруға бізге аяз көмектеседі. Өйткені су аязда қатады. Мына қалыптарға суды құйып, сыртқа шығарып қоямыз. Тәрбиеші қалыптарға суды құйып, оны терезе алдына шығарып қояды.
Рефлексивті коррекциялаушы:
Ойын: «Анықтамасын ата»
-Су қандай?
-Су не үшін қажет?
-Су қатама?
-Жарайсыңдар, балалар! Ал керікжан, қалай, ұнады ма?
Күтілетін нәтиже :
Білу: судың түрлі түсті етіп «бояуға» болатындығын.
Игеру: су және оның күйлері туралы ұғымды;
Меңгеру : тәжірибе жұмыстарын бақылай отырып, іс-тәжірибе дағдыларын.