Тәрбие сағаты Менің Отаным – Қазақстан 3-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...











[pic]


Тәрбие сағаты



Өткізген: Надырбаева Кундыз

Жолдыбаевна
















Менің Отаным – Қазақстан


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,Қазақстанның әнұраны, көкбайрағы, елтаңбасы.

Қазақстан: Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты”,

Отан – от басынан басталады” деген сөздер жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер.

Оқушылар төрт – төрттен дөңгелене отырады, орталарында гүл шоқтары қойылған.

Сабақтың барысында мұғалімнің кіріспе әңгімесі:

Қазақстан халқының саны, жерінің көлемі, Астананың Астана аталғаны, тәуелсіз Қазақстан Республикасының мерекесімен құттықтап, Желтоқсан оқиғасы да кіріспе әңгімеде қамтылды.

1 – бастаушы: Қазақстан Жоғары Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады.Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

2-оқушы: Бұл күн – Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды.

Сондықтан да 16 желтоқсан – бүкілхалықтық мереке. (Тік тұрып әнұранды орындау)

1-оқушы: Жаса Қазақстан,

Өзіңдікі – Елің де, Белді бекем буын да!...

Өзіңдікі – Жерің де, 3- оқушы:

Өзіңді өзің еткен бақ- Көк аспандай тулардың,

Тәуелсіздік төрінде! Желбірейтін күні бұл.

2- оқушы: Елім деген ұлдардың,

Өзіңдікі – Туың да, Елжірейтін күні бұл!

От пен ауа, суың да,

Ән “Домбырасыз сән қайда”.

4- оқушы: Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына назар аударайық. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран.

Қыран – тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі. Ою- өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы-Шәкен Ниязбеков.


5-оқушы:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақстан деген жазу бар. Авторы-Жандарбек Мәлібекұлы.

6-оқушы. Қазақстан республикасы – демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет.


7-


7-оқушы: Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.


8-оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.


9-оқушы: “ Туған тілім” (Дихан Әбілев).

Туған тілім- бабам тілі-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі -өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі-өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

10-оқушы: Хандардың қайталама қателерін,

Ұлт бол” деген нығайтып қатарларын.

Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің

Ұмытпа ешқашанда баталарын.

11-оқушы: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.( Үш би отырады).

Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің,

Жаңбыр жаумаса, дер жетім

Басшы болмаса ел жетім. Сөз танығыш жастарға айтатын он түрлі жұмбағым бар.

Әйтеке би: Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң, көзің ашылады.

Айтыңыз, ұлы – аға!

Төле би: Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дауыс: Бұл не деген жұмбақ! Осындай жұмбақ бола ма екен!

Қазыбек: Ұлы аға! Бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.

Төле би: Рұқсат, рұқсат.

Қазыбек: 1дегеніміз- бірлігі кеткен ел жаман

2 дегеніміз-егесіп өткен ер жаман

3 дегеніміз –үшке бөлінген ағайын жаман

4дегеніміз- тұрақсыз дос жаман

5 дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман

6 дегеніміз-асқынған дерт жаман

7 дегеніміз-жас келіншек жесір қалса, сол жаман

8 дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман

9 дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман

10 дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген

Төле би:Рақмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.

Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да,

Уақыты жеткенде


Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, Қаз дауысты Қазыбек би мынау жиылған халыққа не айтасың?

Қазыбек би: Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма,

Кесапаты тиер еліңе,

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өркеніңді өшірерсің.

Аллау акбар!

Төле би: Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын елің бар.

Атадан қалған сара жолың бар.

Сөз қадірін біліңдер!

12 – оқушы: Біз намыскер – Қазақ Елі ұланымыз,

Қорғайтын Жерді Отан – қыранымыз

Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат қыл,

Рақым ет”- дер Абай айтқан ұранымыз.

1- бастаушы: Тәуелсіз Қазақстан Мерекесімен құттықтаймын.