Білімділік саласы: «Таным»
Кіші саласы: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан. Қазақстан Республикасының рәміздері.»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруге үйрету. Қазақстан Республикасының Гимніне рәсім жасауды үйрету. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жұмыс: Қазақстан Республикасының Гимін жаттау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын,практикалық
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушышылық
Ұйымдастырушылық
ізденушілік
Рефлексивті
түзетуші
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Педагог балаларға бүгінгі жиынды Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан бастайтындығын айтады.
-Балалар сендер неге гимнді орындағанда қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойдыңдар?
Педагог балаларға гимнің әні мен сөзін кім жазғаны туралы ақпарат береді.Және гимнді орындау немесе естіген кезде орындарынан тұру керектігін айтады.
Педагог мемлекеттік ту,тудың түсі,туда бейнеленген күн, қыран құс,ұлттық өрнектің қандай мағына беретіндігі туралы қосымша ақпараттар бере отырып, оны ресми түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы деп айтылатындығын түсіндіреді.
-Балалар, енді елтаңба туралы не білесіңдер соны байқап көрейік.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?
-Қалай ойлайсыңдар,елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу жазылған?
-Елтаңбаның ең жоғарғы жағынан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
-Ал осы сендер айтқан шаңырақ уықта,қанатты ат,жұлдыз не үшін бейнеленгені және қандай мағынаны білдіретіндігі туралы білесіңдер ме?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толықтырып түсіндіерді және оларға құрметпен қарау керектігін айтады.
Балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға күннің суретін салуды,екінші орталықтағы «Арайлы менің-Астанам» тақырыбында суретке қарап әңгіме құрастыруды тапсырады.
Сергіту сәтін өткізу
Педагог орталықтағы балаларға орындарын ауыстыру керектігін айтады.
«Дұрыс-бұрыс» ойыны.
Балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне байланысты сұрақтар қояды.
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
Гимнді қолдарын жүректерінің тұсына қойып орындайды.
-Өйткені біз мемлекетімізді жүрегімізбен жақсы көреміз.
-Аспан түстес көк, көгілдір
-Күн және қыран құстың суреті
-Ою-өрнек бейнеленген.
Елтаңбада шаңырақ, уықтар қанатты аттар бейнеленген
-Қазақстан деп жазылған.
-Жұлдыздың бейнесін
Балалар өздерінің тәжірбиелеріне естігендеріне сүйеніп жауап береді.
Бірінші орталықтағы балалар өздерінің күннің суретін салып,салған суреттері туралы әңгімелеп береді.Екінші орталықтағы балалар суретке қарап Астана қаласы туралы әңгімелеп береді.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды.
Балалар педагогтің рәміздеріне байланысты қойған сұрақтарына жауап береді.
Күтілетін нәтиже
Жаңғыртады: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін жатқа айтуды;
Түсінеді: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы; Гимнді жатқа айтады
Қолданады: Қазақстан Республикасының Гимніне рәсім жасауды.